Стамбекова жазира курмангалиевна



бет8/44
Дата14.09.2023
өлшемі6,09 Mb.
#107065
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44
Зерттеу әдістері

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі

  • жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың теориялық-әдіснамалық негіздері айқындалды;

  • болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың мүмкіндіктері анықталып жүйеленді, болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау әдістемелік тұрғыдан негізделді;

  • жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалып, өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері анықталды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы

    • педагогикалық кешенді әдістер негізінде жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау деңгейін диагностикалау мен бағалау әдістемесі жасалды;

    • болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау жүйесінің арнайы әдістемесі жасалды;

  • «Бастауыш білім беруде инновациялық әрекетке даярлау негіздері» атты элективті курсы дайындалып, тиімділігі іс-тәжірибеде тексерілді;

  • «Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау әдістемесі» атты оқу-әдістемелік құралы дайындалды;

  • ЖОО білім алушыларына арналған «Ғылыми-инновациялық портал» жобасы дайындалды.

  • зерттеу жұмысының барысында алынған нәтижелер мен олардың негізінде дайындалған нақты ғылыми-әдістемелік ұсыныстарды, зерттеу материалдарын педагогикалық жоғары оқу орындарының, педагогикалық колледждердің, бастауыш сынып педагогтерінің тәжірибесінде, бастауыш сынып педагогтерінің біліктілігін жетілдіру жүйесінде пайдалануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет