Стандарт: 1 жасқа дейінгі баланың салмағын өлшеу Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау



бет2/9
Дата22.01.2022
өлшемі73,91 Kb.
#24192
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Стандарты каз педиатрия

-бала тыныш кезде санау – балаға жүктеме түскенде жиіленеді (жөргектеу, шомылдыру, ему, жылау т.б жағдайлар);

- толық 1 мин ішінде санау (тыныс орталығының функционалдық қызметінің толық жетілмегендігіне байланысты өмірінің алғашқы айдағы балалардың тыныс алуы бір қалыпты емес);

- зерттеушінің қолы жылы болу керек

1. Сабырлы жағдай ұйымдастыру, өйткені мазасыздану, жылау тыныс алуды жиілетеді

2. Қолды жуып, құрғатып, жылыту

3. Кеудесі мен іші көрінетіндей етіп баланы жатқызу (бала ұйықтап жатқанда тексерген жөн)

4. Тыныс алу түрін, ырғағын, тереңдігін анықтау және толық 1 мин ішіндегі тыныс алу жиілігін санау

5. Тыныс алу жиілігін балаға байқатпай санау керек. Тыныс жиілігін санау әдістері:



а) кеудесі мен ішінің қозғалысын визуальды анықтау – қарау әдісімен

б) визуальды әдіспен санауға мүмкіндік болмаса, тыныс алу түріне байланысты алақанды кеудесіне немесе ішіне қойып санау

в) ерте жастағы балалардың тыныс алуын фонендоскоп арқылы санауға болады – ұйықтап жатқан баланың мұрнына фонендоскопты жақындатып, демді ішке алу жиілігін санау

г) өкпені тыңдаған кезде демді ішке алу жиілігін санауға болады

6. Тыныс алу жиілігін тиісті медициналық құжаттарға жазып, толтыру

7. Қолды жуып, құрғату

1 мин ішінде тыныс алу жиілігі


Жасы


Тыныс алу жиілігі 1 минутта



Жаңа туған бала

40-60 рет

2 апта – 3 ай

40-45 рет

2-6 ай

35-40 рет

7-12 ай

30-35 рет

2-3 жас

25-30 рет

5-6 жас

≈25 рет

10-12 жас

20-22 рет

14-15 жас

18-20 рет

Тыныс алудың жиіленуі – тахипноэ

Тыныс алудың сиреуі – брадипноэ

Ескерту! Қалыпты жиілікпен салыстырғанда тыныс алудың 10%-ға дейін жиіленуі немесе сиреуі физиологиялық ауытқу болып есептеледі

Тыныс алу түрлері:



  1. Диафрагмалдық – көкеттің қатысуымен (ішімен дем алу)

  2. Кеуделік – қабырға бұлшық еттерінің қатысуымен

  3. Аралас кеуделік-көкеттік

Тыныс алу түрі баланың жасы мен жынысына байланысты:

  • 3 жасқа дейін көкеттік түрі басым болады

  • 3-7 жас аралығында балаларда – аралас, бірақ кеуделік түрі басым

  • 8 жастан бастап (препубертаттық және пубертаттық кезеңдерде) ұл балаларда көкеттік, қыз балаларда кеуделік түрі қалыптасады

Стандарт: Жаңа туған нәрестеге таңғы туалет өткізу

Мақсаты: дене гигиенасын сақтау, тазалыққа қалыптастыру

Құрал-жабдықтар: қайнаған су (суық және ыстық), залалсыздандырылған өсімдік майы, мақта шариктері, мақта шиыршықтары, таза киім-кешек, жөргек жиынтығы, таза лоток және пайдаланған заттарға арналған лоток, кір киімге арналған қапшық, дезерітінді, шүберек.

Міндетті шарт: мұрын қуысы мен құлақ қуысын тазалау үшін қатты зат қолдануға болмайды



  1. Қолды жуып, құрғату

  2. Жөргектеу үстелдің бетін дезерітіндімен сүрту, жөргек төсеу

  3. Нәрестені шешіндіріп, қажет болса шат аралығын жуып, жөргектеу үстеліне жатқызу

  4. Шешкен киімдерін кір киімдерге арналған қапшыққа салу

  5. Бетін қайнаған суға салып сулап, аздап сығып алған мақта шаригімен еппен сүртіп, құрғақ мақта шаригімен сорғыта құрғату керек

  6. Көзін қайнаған жылы суға сулап, аздап сығып алған мақта шаригімен сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай сүртіп, құрғақ мақта тампонымен құрғатады (әр көзіне жеке мақта тампоны)

  7. Мұрын қуысын стерильді өсімдік майына сулап алған мақта шиыршығымен, айналмалы қозғалыс қимылымен тазалау (әр мұрын қуысына жеке мақта шиыршығы)

  8. Құлақ қуысын стерильді өсімдік майына сулап алған мақта шиыршығымен айналмалы қозғалыс қимылмен тазалау (әр құлақ қуысына жеке мақта шиыршығы). Ескерту! Нәрестенің құлақ қуысын аптасына 1 рет тазалайды немесе көрсетілімдері бойынша

  9. Тері қыртыстарын залаласыздандырылған өсімдік майына малып алған мақта шаригімен келесі ретпен сүртеді: а) құлақ сыртын; б) мойын қыртысын; в) қолтығын; г) шынтағын; д) білезік буынын; е) тізе асты шұңқырын; ж) тірсегін; з) шабын; и) жамбас аралығын

  10. Нәрестені киіндіріп, жөргектеп, анасына беру

  11. Үстелдің үстін дезерітіндімен сүрту

  12. Қолды жуып құрғату

Стандарт: Балаларда пульс алу жиілігін есептеу. Баланың жасына байланысты пульс жиілігі

Мақсаты: диагностикалық мақсатпен дені сау және ауру балаларда өткізіледі

Құрал-жабдықтар: сағат, қалам, медициналық құжат

Міндетті шарттар: артериалдық пульс көзге көрінбейді, сондықтан оны тері бетіне және сүйекке жақын артерияны саусақтармен сүйекке қысып тексереді, әдетте бұл білек артериясы, ол терінің астында біз тәрізді өскін мен білек бұлшық ет сіңірінің арасында орналасқан. Самай, ұйқы, иық, сан, тобық артерияларында да тексеруге болады. 1 жасқа дейінгі балада үлкен еңбегінің қозғалысы арқылы есептеуге болады.

- бала тыныш кезде немесе ұйықтағанда санау – балаға жүктеме түскенде жиіленеді (жөргектеу, шомылдыру, ему, жылау т.б жағдайлар);



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет