Стандарт: 1 жасқа дейінгі баланың салмағын өлшеу Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау



бет6/9
Дата22.01.2022
өлшемі73,91 Kb.
#24192
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Стандарты каз педиатрия

Ауаны ауыз бен мұрынға бір мезгілде үрлейді

  • Жаңа туған және емізулі баланың мойыны қысқалау, жуандау және нәзіктеу болады – басын шалқайтқанда абайлау керек

  • Көмек көрсетуші нәрестенің тыныс жолдарына демін түгел шығармайды, өйткені, альвеолалар жыртылып кетуі мүмкін

    Өткізу әдісі

    1. Баланы тегіс, қатты жерге шалқасынан жатқызып

    2. Басын еппен шалқайтып, иегін сәл көтеру

    3. Ауыз қуысын қарап шырыштан, бөгде заттардан босату немесе сорғызып алу

    4. Ауызы мен мұрынның үстіне салфетка салу

    5. Терең дем алып, еріндерімен баланың ауызы мен мұрнын тығыз қамту

    6. Баланың тыныс жолдарына ауаны баланың кеудесі сәл көтерілуіне жететін мөлшерде ғана үрлеу

    Ескерту! Бала жас болған сайын өкпеге үрлейтін ауаның мөлшері де аз болуы керек

    1. Үзіліс жасап, баланың кеудесінің басылғанын күту

    2. Өзіндік дем алуы пайда болғанға дейін, немесе «жедел жәрдем» келгенге дейін, немесе өлік дақтары пайда болғанға дейін 6-8-ші пунктіндегі шараларды қайталау

    Нәрестеге қолдан дем алдыру минутына 30 рет

    Стандарт: Жаңа туған баланың жүрегіне тікелей емес массаж жасау

    Көрсетілімдері: жүрек соғуы кенеттен тоқтап қалу, сирек соғу – жаңа туған нәрестелерде минутына 80-нен төмен болу



    1. Баланы қатты, тегіс жерге шалқасынан жатқызу

    2. Келесі әдістерді қолдануға болады:

    а) бір колдың 2-ші және 3-ші саусақтардың соңғы фалангасының алақан жағын төс сүйегінің төменгі 1/3 бөлігіне (бірақ семсер тәрізді өсіндінің үстіне емес) орналастырып белгілі бір күшпен, ырғақпен басу

    б) нәрестенің кеудесін 2 алақанмен қамтып, 2 қолдың үлкен саусақтарын төс сүйегінің төменгі 1/3 бөлігіне қойып белгілі бір күшпен, ырғақпен басу



    1. Төс сүйектің үстінен басқанда төс сүйегі жотаға қарай жаңа туған нәрестеде 1-1,5 см, емізулі балада 1-2,5 см, 1 жастан кейінгі балада 3-3,5 см жылжуы тиіс

    2. Кеудеге түсетін қысымды азайтып, оның қалпына келуін күту

    3. Жүрекке тікелей емес массаж бен жасанды дем алдыру қоса жүргізілгенде – үрлеу мен кеудені басу ара қатынасы 1:3

    4. Реанимациялық шараларды өткізгеннен 1 минуттан соң жүрек функциясын тексеру (жүрек соғуын, пульсін, тыныс алуын)

    5. Реанимациялық шараларды жүрек соғуы және өзіндік дем алуы пайда болғанша, немесе «жедел жәрдем» келгенге дейін, немесе өлік дақтары пайда болғанға дейін жүргізу

    Минутына кеудеге түсетін қысым жиілігі нәрестелер үшін 90-нан кем болмауы тиіс

    Стандарт: Жедел тыныс жетіспеушілігінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету

    Негізгі белгілері: ентігу, тахикардия, цианоз, тыныс алудың қосымша еттердің көмегімен болуы – тынысты ішке алғанда мұрын қанаттарының желбіреуі, қабырғааралықтардың, бұғана үсті мен астының, мойындықтардың ішке қарай тартылуы.

    Дәрежелері:



    1 дәреже – ентігу, ауыз айналасының көгеруі, тахикардия балаға салмақ түскенде ғана (жылау, ему, жөргектеу, т.б.). Бала тыныш жатқан кезде аталған белгілер байқалмайды

    2 дәреже – ентігу, ауыз айналасының көгеріі, тахикардия бала тыныш жатқанда да байқалып, салмақ түскенде күшейеді. Тыныс алғанда мұрын қанаттары желбірейді, қабырғааралықтары ішке қарай тартылады. Еріндерінің көгеруі, акроцианоз байқалады

    3 дәреже – қатты ентігу 1 минуттағы тыныс жиілігі 80-100 –ге дейін жетеді, тыныс алу үстірт, ретсіз, Чейн-Стокс, Куссмауль, Биот тынысы байқалады.Тыныс алу қосымша еттердің көмегімен, тахикардия, тері мен шырышты қабаттар көгілдір – жайылмалы цианоз. Гипоксиялық энцефалопатия димады: естен айырылу, тырысу

    Көмек көрсету



    1. Тыныш жағдай ұйымдастыру, баланы жұбату

    2. Қысып тұрған киімдерінен босату

    3. Таза ауамен қамтамасыз ету

    4. Баланың басын шалқайтып, кеуде жағын көтеріңкі етіп жатқызу

    5. Жоғарғы тыныс жолдарынан шырыш пен қақырықты сорғызып алу

    6. Ылғалдатылған оттегін беру. Өкпенің ісігі дамыса көбік басқыштармен оттегі терапиясын жүргізу - 50% спирт ерітіндісімен немесе антифомсиланмен (Бобров аппаратындағы дистилденген сумен араластыру). Қақырық қою болса, оттегі терапиясын 2% ас содасымен өткізу

    7. Кеуде қаңқасына вибрация жасау

    8. Көрсетілімдер бойынша тиісті дәрілер қолдану:

    а) бронхоспазмалитик – 2,4% эуфиллин көк тамырға, 5% эфедрин тері астына, 0,05% алупент бұлшық етке

    б) тыныс алуы сирек болса немесе әлсін-әлсін тоқтаса тыныс аналептиктері – 1,5% этимизол- 0,1-0,5 мл немесе кордиамин 0,1-0,2 мл, немесе 10% кофеин натрий бензоат

    в) жүрек гликозидтері баяу көк тамырға 0,6 % коргликон немесе 0,05% строфантин

    Стандарт: Тырысу синдромында көмек көрсету

    Құрысып-тырысу – бұлшық еттердің клоникалық немесе клонико-тоникалық кенеттен еріксіз жиырылуы, ес жоғалумен немесе жоғалусыз өтуі мүмкін





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет