Стандарт: 1 жасқа дейінгі баланың салмағын өлшеу Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау



бет7/9
Дата22.01.2022
өлшемі73,91 Kb.
#24192
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Стандарты каз педиатрия

Себептері: дене температурасының жоғары болуы – фебрильдік құрысулар, ауыр интоксикация, гипогликемия, гипокальциемия, кетоацидоз, ОЖЖ- ның аурулары, жарақаттануы, бас миының ісінуі, дәрілермен т.б заттармен улану, т.б.

Тырысу фазалары

1 фаза - тоникалық

2 фаза - клоникалық

  • Сыртқы ортамен байланысты үзу

  • Бет бұлшық еттері жыбырлап,тартылып, кейін аяқ-қолдарына беріледі

  • Көз қарасы өзгереді, көз алмасы жоғары және сыртқа қарай ығысады

  • Тері қабаттарының бозаруы

  • Басын артқа қарай шалқайту

  • Алақанмен білектің ішке қарай бүгілуі, аяқтарының сіресуі

Көмек көрсету:

  1. Сабырлы жағдай ұйымдастыру

  2. Баланы дұрыс қалпына тегіс қатты жерге жатқызу – жарақаттанудан сақтау

  3. Баланың басын бір жағына бұру

  4. Қысып тұрған киімдерін босату

  5. Ауызынан, тыныс жолдарынан шырышты сорғызу

  6. Таза ауамен қамтамасыз ету

  7. Тілін тістеп алмау үшін азу тістерінің арасына мақта мен бинт оралған шпатель қою

  8. Тілін тілұстағышпен немесе салфеткамен ұстап шығару

  9. Тырысуға қарсы дәрілердің біреуін енгізу: диазепам немесе брузепам 0,5 мг/кг тік ішекке 2 айға дейін, немесе көк тамыр ішіне 0,2-0,3 мг/кг 1 рет; Тырысудың себептерін анықтау – фебрильдік тырысу болса гипертермияға қарсы шаралар колдану

  10. Тез арада ауруханаға жеткізу, құрысу – госпитализацияға абсолюттік көрсетілім

Стандарт: Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу техникасы

Мақсаты: нәжісті макро-, микроскопиялық зерттеу, тоқ ішекпен ащы ішектің жұмысының бұзылуын анықтау

Қажетті құрал-жабдықтар: резеңке қолғап, таза құрғақ банка, таза ағаш шпатель, горшок (таза, ыстық қайнаған сумен шайылған)

Міндетті шарттар: нәжісті алынған бойда, жылы күйінде лабораторияға жеткізілуі керек (1 сағ ішінде)



  1. Анасына (туысқандарына) процедура өткізу мақсатын түсіндіру

  2. Жолдаманы жазып, толтыру

  3. Қолды жуып, құрғату

  4. Резеңке қолғап кию

  5. Зерттеу алдында ыстық қайнаған сумен шайылған горшокқа нәжісті жинау

  6. Ағаш шпательмен бөлінген нәжістің әр жерінен (1 жасқа дейінгі баладан – 15-20 г, ересек балалардан – 100-200 г алу) алып таза шөлмек банкаға салу

  7. Шпательді дезерітіндіге салу

  8. Жолдаманы банкаға жабыстырып лабораторияға жіберу

  9. 1 сағат ішінде материалды жіберу қажет

  10. Горшокты дезерітіндіге салып, ағын сумен шайып, құрғату

  11. Резеңке қолғапты шешіп, дезерітіндіге салу

  12. Қолды жуып, құрғату

Стандарт: Бактериологиялық егіске нәжіс жинау техникасы

Мақсаты: бактериологиялық зерттеу өткізіп, қоздырғышты анықтау

Қажетті құрал-жабдықтар: резеңке қолғап, маска, залалсыздандырылған консервант құйылған және бір шетінде залалсыздандырылған мақта тампоны оралған сым ілмегі (Циман ілмегі) бар пробирка, пробиркаларға арналған штатив, клеенка, жолдама


  1. Анасына (туысқандарына) процедура өткізу мақсатын түсіндіру

  2. Жолдаманы жазып, толтыру

  3. Қолды жуып, құрғату

  4. Резеңке қолғап кию

  5. Қажетті құралдарды үстелдің оң жағына қойып, пробиркаға консервант құю

  6. Жөргек үстеліне клеенка, оның үстіне жөргек төсеп баланы бір қырына тізесін жартылай бүгіп жатқызу

  7. Оң қолмен мақта тампоны оралған сым ілмекті тығыннан ұстап алып

  8. Сол қолдың үлкен және сұқ саусағымен баланың құйрығын ашу

  9. Мақта тампоны оралған ілмекті ерте жастағы баланың тік ішегіне 3-4 см, ересек баланың тік ішегіне 9-10 см тереңдікке айналмалы қозғалыспен еппен кіргізіп шығару

  10. Тампонды консерванты бар пробиркаға жиегі мен қабырғасына тигізбей салу

  11. Қолғапты шешпей тұрып, қолды жуып, антисептик ерітіндісімен сүрту

  12. Маска мен қолғапты шешу

  13. Жиналған нәжісті алғаннан кейін 2 сағаттан, тоңазытқышта сақталса 12 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық зертханаға жіберу

  14. Қолды жуып, құрғату

Стандарт: Ерте жастағы балаларға тазартқыш клизма қою техникасы

Мақсаты: қатқан нәжісті шығару, газдарды шығару

Қажетті құрал-жабдықтар: резеңке қолғап, алжапқыш, 20-220 С су, ұшы жұмсақ резеңке баллоны, вазелин майы, клеенка, жөргек, лоток, горшок


  1. Қажет заттарды дайындап, балаға немесе анасына (туысқандарына) процедура өткізу мақсатын түсіндіру

  2. Жөргек үстеліне клеенка, оның үстіне жөргек төсеу

  3. Қолды жуып, құрғату

  4. Резеңке қолғапты, алжапқышты кию

  5. Резеңке баллонды оң қолға ұстап, ішіндегі ауаны шығарып, баланың жасына сай суға толтырылады:

  • жаңа туған бала – 25-30 мл

  • 1 жасқа дейінгі бала – 50-100 мл

  • 1-3 жас – 150-250 мл

Судың температурасы – 20-220 С

  1. Баллонның ұшына вазелин майын жағу (құю тәсілімен)

  2. Баланы бір қырына тізесін жартылай бүгіп жатқызу (6 айға дейінгі баланы шалқасынан екі аяғын жоғары қаратып жатқызады)

  3. Сол қолдың 1-2-ші саусақтарымен баланың құйрықтарының арасын ашу

  4. Баллонның ұшын жоғары қаратып, астынан оң қолдың үлкен саусағымен басып, ішінен ауаны шығару

  5. Баллонның ұшын анальды тесікке енгізіп, тік ішекке кіндікке қарай бағыттап енгізу

  6. Баллонды қысылған күйінде тік ішектен шығару (оны лотокқа салу)

  7. Баланың құйрықтарын 3-5 мин қысып тұру

  8. Баланы (нәжістің шығуына дейін) шалқасынан жатқызып, шат аралығын жөргекпен орау немесе горшокқа отырғызу

  9. Баланың шат аралығын жуып, терісін құрғатып майлау, киіндіру

  10. Алжапқышты, қолғапты шешіп дезерітіндіге салу

  11. Қолды жуып құрғату

Стандарт: Анафилактикалық шок кезінде жедел көмек

Анафилактикалық шок – бұл аллергеннің әсерінен бірнеше минуттан кейін жедел түрде дамитын аллергиялық реакция.

Антиген-антитело аллергиялық реакция өту нәтижесінде клеткалардан биологиялық белсенді заттардың (әсіресе гистамин) шығуы – анафилактикалық шок негізінде жатады. Бөлініп шыққан токсикалық биологиялық белсенді заттар келесі өзгерістерге әкеледі:


  • қан тамыр мембарнасының өткізгіштігін күшейтеді (нәтижеде шоктың клиникалық көрінісі дамиды)

  • қан қысымы төмендейді, оның нәтижесінде есінен тану, тахикардия, терінің бозаруы, пульстің әлсіз болуы

  • бронхоспазм (сондықтан тыныс алудың қиындауы), тыныс жетіспеушілігі симптомдары өршиді (ентігу, цианоз)

  1. Аллергеннің енгізуін тоқтату

  2. Ауруды жатқызу:

  1. Аллергенді енгізген орынға суық басу, егер мүмкіндік болса сол жерден жоғары жгут қою

  2. Қысып тұрған киімдерді шешу

  3. Таза ауамен қамтамасыз ету

  4. Көк тамырға немесе бұлшық етке келесі дәрілерді енгізу үшін дәрілік препараттарды дайындау: преднизолон, адреналин, димедрол, эуфиллин, кальция глюконат

  5. Оттегін беру

Стандарт: Коллапс кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету

Коллапс – артериялық қысымның төмендеуімен сипатталатын қан тамыр жетіспеушілігінің ауыр түрі.

Себептері: көп мөлшерде қан жоғалту, шок, улану т.б.

Белгілері: тері мен шырыш қабықтары боз, еріндері көкшіл, тілі құрғақ, аяқ-қолдары суық, көкшіл, дене t-сы төмен, суық тер басқан, тынысы жиі, пульсі жиі, АҚ төмен

Алғашқы көмек:


  1. Баланы тегіс жерге басын төмен, аяғын көтеріңкі етіп жатқызу

  2. Қысып тұрған киімдерін босатып, түймелерін ағыту

  3. Таза ауамен қамтамасыз ету

  4. Ылғалдатылған оттегін беру

  5. Баланы жылыту

  6. Қан тамырларын тарылтатын дәрілерді енгізуге дайындау: мезатон немесе норадреналин 0,1 мл/жасына, преднизолон 2 мг/кг немесе гидрокортизон 10-15 мг/кг, допамин.

  7. Қан сұйықтығының мөлшерін толтыру және АҚ көтеру мақсатымен қан жоғалтқанда қан, плазма, плазма алмастырғыш құю (қан қысымының бақылауында!)

Стандарт: Метеоризм кезінде көмек көрсету

Метеоризм – ішекте газ жиналуына байланысты іштің кебуі



  1. Ішек перистальтикасын қамтамасыз ету үшін баланы шалқасынан жатқызып, денесінің төменгі жағын босату

  2. Таза ауамен қамтамасыз ету – жақсы жағдай ұйымдастыру

  3. Ішек перистальтикасын қалыпқа келтіру үшін ішіне сағат тілі бағытымен массаж жасау

  4. Жоғарыда аталған шаралардан әсер болмаса ішектен жиналған газды шығару үшін газ шығарғыш түтікше қояды

  5. Нәтиже болмаса келесі препараттарды қолдануға болады (әрбір келесі препараттарды алдыңғы препараттардың әсері болмаған жағдайда қолдану): per os карболен (активированный уголь) немесе бұлшық ет ішіне церукал - 1 мг/кг (1 мл=5 мг) немесе прозерин 0,1 мл/жасына – ішек перистальтикасын қалыпқа келтіреді

  6. Тамақ рационынан газ бөлетін тағамдарды алып тастау: сүт, газдалған сусындар, көкөніс, бұршақтар, қара нан және т.б., өйткені бұл тағамдар метеоризмді күшейтеді

Стандарт: Газ шығарғыш түтікше қою әдісі

Мақсаты: ішекте жиналған газдарды шығару

Көрсетілімдері: метеоризм

Қарсы көрсетілімдері: асқазан-ішектен қан кету, тік ішектің , тоқ ішекте қабыну немесе жаралы процесстер

Жалпы мәліметтер: газ шығару жиі жаңа туған және 1 жасқа дейінгі балаларда қолданылады. Ересек балаларда газ шығарғыш түтікшеметеоризммен сипатталатын ауруларды қолданылады. Процедураны өткізу алдында тазартқыш клизма қойылады. Ерте жастағы және мектеп жасына дейінгі балаларда ұзындығы 15-30 см газ шығарғыш түтікше қолданылады, мектеп жаындағыларда ұзындығы – 30-50 см. Тік ішекке енгізіп сигма тәрізді ішекке дейін жетуі тиіс: емшек жасындағы балаларда енгізу тереңдігі - 7-8 см, 1 - 3 жас – 8-10 см, 3 - 7 жас – 10-15 см, мектеп жасындағы балаларда – 20 см. Түтікшені қою ұзақтығы - 30-60 мин. 3-4 сағаттан кейін процедураны қайталауға болады.

Қажетті құрал-жабдықтар:

- газ шығарғыш түтікше, вазелин майы, су құйылған лоток, қолданған заттарға арналған лоток, жөргектер, клеенка, резеңке қолғап, алжапқыш, дезерітінді.


  1. Қажет заттарды дайындап, балаға немесе анасына (туысқандарына) процедура өткізу мақсатын түсіндіру

  2. Жөргек үстеліне клеенка, оның үстіне жөргек төсеу

  3. Қолды жуып, құрғату

  4. Резеңке қолғапты, алжапқышты кию

  5. Газ шығарғыш түтікшені алу, енгізу тереңдігін белгілеу және сол жерге белгі қою

  6. Баланың киімдерін шешіп (белінен төмен), үстелдің үстіне жатқызу (ерте жастағы балаларды шалқасынан, 6 айдан асқан балаларды бір жақ қырынан), көмекші екі аяғын жоғары қаратып ұстап тұрады

  7. Түтікшені вазелин майымен майлау (вазелин майын түтікшеге құю тәсілімен)

  8. Сол қолдың 1-ші және 2-ші саусағымен құйрығын ашып, оң қолмен газ шығарғыш түтікшені ұстап айналмалы қозғалыспен тік ішекке белгіге дейін енгізу (түтікшенің ұшын кіндікке қарай , кейін құйымшаққа паралель енгізеді)

  9. Газдың шығуын тексеру.Ол үшін түтікшенің екінші жағын су құйылған лотокқа салу, газ шығып жатқан жағдайда суда көпіршіктер пайда болады. Егер газ шықпай жатса, онда түікшені алдына немесе артына қарай қозғап орнын өзгерту

  10. Түтікшенің екінші жағын бірнеше рет бүктелген жөргекке орау

  11. Ішіне сағат тілі бағытына қарай массаж жасау

  12. Бала тоңып қалмау үшін жөргекпен жауып қою

  13. 30-60 мин соң газ шығарғыш түтікшені алу

  14. Баланы жуып, құрғатып, перианальдық аймаққа вазелин майын жағып, киіндіру

  15. Қолданған заттарды жинап дезерітіндіге салу

  16. Резеңке қолғапты шешіп дезерітіндіге салып, қолды жуып, құрғату

Стандарт: Асқазанды зондтау әдісі

Мақсаты: асқазанның секреторлық функциясын зерттеу

Көрсетілімдері: созылмалы гастрит (қалыпты, жоғары, төмен секреция)

Қарсы көрсетілімдері: асқазан-ішек жолдары ауруларының рецидив кезеңінде

Қажет құрал-жабдықтар: резеңке қолғап, резеңке алжапқыш, штатив, нөмірленген (0-9) пробиркалар (10), стерильденген жіңішке асқазан зонды, капуста қайнатпасы 39-400 С дейін жылытылған (0,5 кг капустаны 0,5 л суда 30 мин қайнатып 30мин тұндырып беріледі), сүлгі, лоток, қайнаған су, стерильденген шприц, қысқыш, сағат, ручка, жолдама

Міндетті шарттар: бөлме t-сы 22-240С, зерттеу аш қарынға жүргізіледі, тісін жумайды, зерттеуден 12 сағ бұрын дәрі-дәрмектерді қабылдау тоқтылады, капуста қайнатпасын кешкісін дайындап қою керек



  1. Қолды сабындап жуу

  2. Резеңке алжапқышты, қолғапты кию

  3. Баламен қарым-қатынас орнату, анасына (туысқандарына) процедура өткізу мақсатын түсіндіру

  4. Баланы отырғызу

  5. Құлақ сырғалығынан алдыңғы күрек тістеріне дейінгі аралықты, одан семсер тәрізді өсіндіге дейін өлшеп, белгі қою

  6. Зондтың «соқыр» бөлігін қайнаған сумен сулау (құю тәсілімен)

  7. Баланың ауызын ашуын сұрап, зондтың бір ұшын («соқыр» бөлігі) оң қолмен тілдің ортаңғы сызығынан ішке қарай белгіге дейін енгізу, зондтың 2-ші жағын сол қолдың 4-ші-5-ші саусағымен қысып тұру

  8. Оң қолдың сұқ саусағымен тістің артына қарай енгізіп, балаға тістеп тұруын сұраймыз (процедура аяқталғанша)

  9. Баланы етбетінен жатқызып, басының астына сүлгі қойылады (түкірік сүлгіге жиналу керек)

  10. Зондтың 2-ші шетін пробиркаға салып, асқазандағы қалған қалдықтарды жинау (егер қажет болса қосымша пробирка алынады)

  11. Асқазанның қалдықтары жиналып біткеннен кейін зондқа қысқыш қойылады – 15 мин

  12. 1 сағат бойы шприцпен 4 порция 4 пробиркаға алынады: 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші пробиркаларға әр 15 мин сайын (әр пробиркаға ауыстырғанда зондты қысқышпен қысып қояды)

  13. Капуста қайнатпасын зонд арқылы енгізу n х10 мөлшерде (n- баланың жасы)

  14. Зондқа қысқыш қою 15 мин

  15. Зондтың 2-ші жағын 5-ші пробиркаға салып, қысқышты алып енгізілген капуста қайнатпысның қалдықтарын жинау

  16. Біткеннен кейін қысқышты зондқа қою 15 мин

  17. 1 сағат бойы 4 порция пробиркаларға тағы жиналады: 6-шы, 7-ші, 8-ші, 9-шы пробиркаларға әр 15 мин сайын (әр пробиркаға ауыстырғанда зондты қысқышпен қысып қояды)

  18. Сүлгі арқылы зондты асқазаннан шығару

  19. Қолданаған заттарды дезерітіндіге салу

  20. Қолғапты шешіп, қолды жуып құрғату

  21. Клиникалық лабораторияға жолдама жазу

  22. Зерттеу материалдарын лабораторияға жіберу (мұздатқышта 2 сағатқа дейін сақтауға болады)

Құсқанда жедел көмек:

  • баланың басын көтеріңкі етіп бір қырына қаратып жатқызу (құсықпен аспирацияның алдын алу)

  • қысып тұрған киімдерін ағыту (тыныс алуы жақсарады, қимыл-қозғалысына ыңғайлы)

  • таза ауамен қамтамасыз ету (жағымсыз иістерді болдырмау)

  • төсектің бас жағына тазик қою



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет