Стандарт: 1 жасқа дейінгі баланың салмағын өлшеу Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау



бет5/9
Дата22.01.2022
өлшемі73,91 Kb.
#24192
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Стандарты каз педиатрия

Ескерту!

а) 1 мезгілде сындырған несеп ыдысқа симаса, қосымша ыдысқа сындыру, ыдыстың сыртына жолдама жабыстыру

б) 1 мезгілде несеп сындырмаса, лабораторияға бос банканы жіберу

Зимницкий байқауын бағалау



Көрсеткіштер

Қалыпты жағдай

Өзгерістер

Тәуліктік диурез

1 – 1,5 – 1,8 литр

Азаю – олигурия – 600 мл-ден аз;

Бөлінбеу – анурия

Көбею – 2 л-ден - полиурия


Күндізгі диурез - 4 порция – таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 6-ға дейін

Түнгі диурез – 4 порция – кешкі сағат 9-дан сағат 6-ға дейін

Күндізгі диурез тәуліктік диурездің 1/3 бөлігіне тең

КД:ТД═3:1



Түнгі диурез көбірек болу - никтурия

Әр порциядағы зәрдің тығыздығы

1010 – 1028 аралығы

Төмен болу – гипостенурия – 1025-ке жетпей, 1010 – 1012 шамасында болу

Әр порция арасындағы үлесті салмақтың ауытқуы

10 – 12 (1012-1025) аралығында

Ауытқу 10-нан төмен – изостенурия

Әр порциядағы үлесті салмақтың төмен және порция арасындағы ауытқу 10 – нан төмен болу гипоизостенурия деп аталады



Стандарт: Нечипоренко тәсілімен зәр жинау

Мақсаты: несептің 1 мл-дегі лейкоциттер , эритроциттер, цилиндрлер санын анықтау



Зерттеледі бір сындырғандағы несептің ортаңғы бөлігі

Жинау уақыты – кез келген уақыт

Құрал-жабдық: көлемі 100-200 мл таза шыны банка, клиникалық зертханаға жолдама


  1. Зерттелушіге процедураның мақсаты мен өткізу жолын мұқият түсіндіру

  2. Қажетті заттарды дайындау

  3. Клиникалық зертханаға жолдама жазу

  4. Қолды жуып, құрғату, резеңке қолғап кию

  5. Несеп жинау алдында астын жуу

  6. Зәрдің алғашқы порциясын «1», «2» деп санап унитазға (горшокқа) сындыру

  7. Зәр шығаруды тоқтатып, банканы тосып, зәрді 5-10 мл мөлшерде банкаға сындыру

  8. Зәр шығаруды тоқтатып, банканы қойып, қалған бөлігін унитазға шығару

  9. Жиналған несепті тез арада клиникалық зертханаға жіберу

  10. Қолды жуып, құрғату

Стандарт: Ұлтабарды (дуоденальды) зондтау техникасы

Қажетті-құрал-жабдықтар: залалсыздалдырылған ұлтабар зонды, жұмсақ жастықша, жылытқыш, 20 мл шприц, пробиркалар салынған штатив, банка, 20-60мл. 600С температураға дейін жылытылған 33% магний сульфат ерітіндісі (немесе қолданылатын басқа ерiтiндiлердiң бiреуін: 2% натрий гидрокарбонаты, 40% глюкоза т.б.).



  1. Зерттелушiге зерттеудiң алдында 3 күн майлы, қышқыл, ащы тамақ жеуге болмайтынын, зерттеудiң қарсаңында жеңiл кешкi тамақ қабылдау керектiгiн (ақ нан және 1 стакан жылы тәттi шай) түсiндiр. Кешкi тамақтан кейiн 8 тамшы 0,1% атропин ерiтiндiсiн бер.

  2. Қолыңды сабындап жу, сырқатты орындыққа отырғыз.

  3. Залалсыздандырылған зондты алып, төменгi күрек тiстерден кiндiкке дейiн өлшеп, 1-шi белгi, және одан 15 см қашықтықта 2-шi белгi қой.

  4. Оң қолмен зондтың сопақша жағын (олива жағын) қалам ұшты ұстағандай алып, сол қолмен оның бос жағын ұста

  5. Сырқаттың оң жағына тұрып, аузын ашуын сұра, оливаны ылғалдап, тiлiнiң түбiне салып, мұрнымен терең дем алуын, сонымен қатар жұтынуын сұра, осы кезде зондты еппен итерiп, 1-шi белгiге дейiн енгiз:

  6. Сырқаттың зонд 2-шi белгiге дейiн енгенге дейiн жүруiн сұра.

  7. Оны кушеткаға оң жақ қырына жатқыз, оң жақ қабырға астына жылытқыш, жамбас сүйек астына жұмсақ жастықшаны сал.

  8. Зондтың бос ұшын банкаға сал (шырышы бар бұлдыр асқазан сөлi бөлiнедi).

  9. 30-60 минуттан кейiн зондты 1-шi пробиркаға сал – ақшыл-сары түстi сұйықтық бөлiнедi - ұлтабардағы өт –– «А» порциясы.

  10. «В» порциясын алу үшiн зондқа 40-60мл жылы 33% магний сульфат ерiтiндiсiн (немесе басқа ерiтiндiнi) енгiзiп, 8-10минут зондты қысқышпен қысып қой.

  11. Зондты келесi пробиркаға ауыстырып, қысқышты аш – қою сары түстi сұйықтық бөлiнедi - өт қабығындағы өт - «В» порциясы.

  12. Зондты келесi пробиркаға ауыстыр, ақшыл-сары түстi сұйықтық бөлiнедi - бауырдағы өт –– «С» порциясы.

  13. Зондты еппен шығарып ал.

  14. Пробиркаларды А, В, С деп белгiлеп, жолдама жазып, лабораторияға жiбер.

ЕСКЕРТУ: 1. Процедурадан кейiн сырқатты тамақтандыру.

2. Қан бөлiнсе немесе сырқат көгерсе зондтауды тоқтату керек.



Стандарт: Жаңа туған балаға жасанды дем алдыру әдісі

Көрсетілімдері: тыныс алудың кенеттен сирек болуы немесе тоқтап қалуы

Нәресте үшін дем алғанда 3 шартты орындайды:




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет