Қолдану аясына байланысты ажыратылатын стандарттар стандарт категориясы деп аталады. Стандарттар мынадай категорияларға бөлінеді:
Қолдану аясына байланысты ажыратылатын стандарттар стандарт категориясы деп аталады. Стандарттар мынадай категорияларға бөлінеді:
- мемлекеттік стандарттар – ҚР СТ;
халықаралық стандарттар – ИСО;
мемлекетаралық стандарттар - ГОСТ;
ұйымдар стандарттары; - ұлттық стандарттар;
шетел мемлекеттері ұйымдарының стандарттары
Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар - стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжаттар.
Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар - стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжаттар.
Стандарт - уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат.
Стандарттаудың басты принциптері ретінде мыналарды атауға болады:
Стандарттаудың басты принциптері ретінде мыналарды атауға болады:
Стандарттарды ерікті түрде қолдану және олардың біркелкі қолданылуына жағдай жасау. Ұлттық стандарттар еліне және өнімді шығаратын жеріне, өмірлік циклінің процестеріне, көрсетілетін қызметтерге, келісім ерекшеліктеріне және тұлғаларға (дайындаушы, орындаушы, беруші) қарамастан бәрі бірдей ерікті түрде қолданылады.
Ұлттық стандарттарды жасағанда халықаралық стандарттарды негіз ретінде қолдану. Егер климаттық және географиялық немесе отандық өнім өндірудің техникалық (технологиялық) ерекшеліктеріне байланысты оны қамтамасыз ету мүмкін болмаса, бұл принциптің орындалмауы мүмкін.
Кедергі жасауға тыйым салу. Өндірілетін өнімге және оның айналасына стандарттау мақсатын орындауға сәйкес ең төменгі деңгейден асып, кедергі болатын талаптарға тыйым салынуы керек және т.б.