Сѕтбаев ќаласындаѓы



бет3/11
Дата16.08.2023
өлшемі0,61 Mb.
#105368
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
2. Негізгі бөлім
2.1. Математикадағы экономикалық мазмұнды есептер.
Экономикалық мазмұнды математикалық есептерді шығарудың практикалық мәні зор. Мұндай есептердің мазмұны тек қана теориялық біліммен қаруландырып қоймай, оларды келешекте өздігінен дұрыс шешім табуға баулиды . Экономикалық тұрғыдан тәрбиелеуде қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек ерекше орын алады. Өнімді еңбекте кез-келген адамның жоспарлау ісіне, есеп алу, бақылау, өнімділік процесін ұйымдастыруға қатысуының маңызы өте зор.
Бұлардың бәрі материалдық қаржы қорын, жұмыс уақытын тиімді пайдалана білуге, еңбек өнімділігін арттыруға, жұмыс сапасын көтеру мүмкіндігін табуға, шаруашылыққа тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.
Материалдық қаражат түрлерін үнемдеп пайдалану жолында өндіріс орындарында ғана емес, жеке отбасы өмірінде де түрлі қиыншылыққа және т.б. құндылығын түсініп, үнем ережесінің тиімді жолдарын іздестіруге тәрбиелейді.
Елбасы - Н.Ә.Назарбаевтың үстіміздегі халқымызға жасаған жолдауында еліміздің экономикасы мен әл-ауқатын көтеруге айырықша көңіл бөлу керектігі атап көрсетілген. Экономикалық мазмұнды есептер мектеп оқулықтарында көбінесе стандартты мәтіндік алгебралық есептер түрінде ұсынылған және бұл есептердің саны өте аз. Мектептегі оқытуда қолданылатын қолданбалы экономикалық сипаттағы есептердің мазмұнын экономикалық ұғымдар мен факторлардың себеп-салдарлық байланысын айқындайтын есептерді енгізу арқылы байытуға болады. Кейбір экономикалық ұғымдарды есеп шартына енгізгенде, ол шарттан оқушылар осы ұғымдардың мәні мен мағынасын меңгере алатындай етіп енгізген дұрыс. Экономикалық ойлауды адамның экономикалық құбылыстарды бейнелеу, сезіну, қорыту оның мәнін танып түсінуі, экономикалық ұғымдарды игеру және салыстыру, экономикалық заңдылықтарды ұғынуы деп есептеп, осылардың негізінде өзінің экономикалық іс-әрекетін ұйымдастыруы түрінде қарастырады. Оқу практикасында экономикалық мазмұнды есептердің тәрбиелеушілік қызметі негізінен пайдаланылатын есептер мазмұнына байланысты мұғалімдердің насихаттау сипатындағы түсініктемелері арқылы іске асырылады.
Н.К.Рузиннің пікірі бойынша «кез-келген есептің не мазмұнында, не оны шешу барысында және алынған нәтижеге талдау жасауда міндетті түрде тәрбиелеу элементтері орны алуы керек» дейді.
Экономикалық мазмұнды есептерді сабақта, сабақтан тыс уақытта шығару мына шарттарды қанағаттандыруы тиіс:

  • Оқушыларға жиі кездесетін экономикалық терминдердің мағынасын түсіндіру;

  • Оқушыларды елінің ұлттық байлығын ұқыпты, үнемді пайдалануға тәрбиелеу;

  • Оқушыларға математикалық әдістердің экономикада қолданылатынын көрсету;

  • Экономикалық мазмұнды есептер шығаруда экономикалық тәрбиенің мынадай мәселелері: еңбек сүйгіштік, кез келген жұмысты орындауға дайын болуы, өзінің еңбегінің нәтижесі бойынша ұжым алдындағы жауапкершілігінің артуы, қоғам байлығын өсіру, жұмыс уақытын тиімді пайдалану, оқушыларды экономикалық сауықтандыру, т.б. іске асады;

  • Экономикалық мазмұнды математикалық есептерді шығарудың практикалық мәні зор.

Мұндай есептердің мазмұны тек қана теориялық біліммен қаруландырып қоймай, оларды келешекте өздігінен дұрыс шешім табуға баулиды. Оқушыларды экономикалық тұрғыдан тәрбиелеуде қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек ерекше орын алады. Өнімді еңбекте оқушының жоспарлау ісіне, есеп алу, бақылау, өнімділік процесін ұйымдастыруға қатысуының маңызы өте зор. Математика оқулықтарында өзіндік құн, түсім, тиімді пайдалану нәтижесі, өндірістің техникалық ерекшеліктері тәрізді экономикалық ұғымдарды пайдаланатын есептер аз емес. Бірақ оқушылар мұндай есептерге көбінесе математикалық әрекеттер тұрғысынан ғана қарайды да, экономикалық мәні назардан тыс қалады. Сондықтан экономикалық есептерді шығару алдында арнайы әңгіме жүргізген дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет