Сѕтбаев ќаласындаѓы


Өзектілігі: Экономиканың математикамен өзара байланысын білу, жаңа экономикалық мазмұнды есептер құрастыру. Болжам



бет2/11
Дата16.08.2023
өлшемі0,61 Mb.
#105368
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Өзектілігі: Экономиканың математикамен өзара байланысын білу,
жаңа экономикалық мазмұнды есептер құрастыру.


Болжам: Егерде экономикалық есептерді шығару кезінде нарықтың негізгі ұғымдарын беруге, нарықтық есептеулерді орындауға, тауарды қалай өткізетінін, көтерме және дербес баға қалай пайда болатынын білсек, онда бізге экономикалық есептер қиынға соқпайды деп ойлаймын.


Зерттеу объектісі: Экономикалық мазмұнды есептер.
Зерттеу нысаны: Экономикалық есептерді әр түрлі тәсілдерді пайдалана отырып шешіп, олардың пайдасы бар екеніне көз жеткізу.
Зерттеу әдістері: Анализ жасау, ақпарат жинау, тәжірибе жүргізу, әдебиеттермен жұмыс.


Зерттеу кезеңдері:

  • «Экономикалық мазмұнды есептерді» әдебиеттерден іздеу, сұрыптау;

  • Зерттеу материалдарын жинақтау;

  • Зерттеу нәтижелерін қорытындылау.



Күтілетін нәтиже: Экономиканың математикамен өзара байланысын зерттеу нәтижесінде, есептер жинағы шығарылады.



  1. Кіріспе

Біздің заманымыз ғылым мен техниканың қарқынды дамуымен ерекшеленеді. Ғылым-қоғамды алға жетелейтін қозғаушы күшке айналуда. Сондықтан кез-келген салаға әрбір жұмысты тиянақты атқара алатын, ойлау қабілеті жоғары мамандар дайындау талабының туындауы сөзсіз нәрсе. Осы талапқа сай мамандарды дайындауды мектеп қабырғасынан бастау керектігі белгілі. Әрбір оқушы мектептегі математика курсының теориялық мәселелерін жете түсініп, берік игерсе, өмірде кездесетін түрлі мәселелерді шығармашылық шеберлікпен еркін шешеді.


Қазіргі таңда есептеу машиналарының математикалық аппараттарды химияда, биологияда, медицинада, техникада, экономикада және т.б салаларда кең түрде қолданылуы , түрлі мәселелерді математикасыз шешуге болмайтындығын көрсетіп отыр.
Қазақстандағы экономикалық реформа бұған дейін қалыптасқан экономикалық ғылым, экономикалық білім және практика арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесін өзгертті. Нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты экономикалық білімге деген сұраныс күшейді. Экономикалық білім-экономика мен басқарудың түрлі саласында қызмет істейтіндерге, ғалым-экономистерге немесе экономика пәні оқытушы-ларына ғана керек емес, сонымен қатар экономикалық білім күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді шешуде қоғамның әрбір мүшесіне қажеттілігін бүгінгі өмір талабы көрсетіп отыр. Мысалы, экономиканың нарыққа өтуіне байланысты қаржы жүйесін үлкен өзгеріске ұшырауынан кәсіпкерлікті дамытуың экономикалақ және құқықтық шарттары қалыптас-ып, құнды қағаздар рыногы дамуда. Осындай жаңа жағдайлар секторлар мен индивидтердің инвестициялық әрекеттерін ретке келтіруде. Осыған байланысты түрлі шаралар қолдануда, оның мүшелері қандай да болмасын экономикалық шешім қабылдауда қаржылық жауапкершілік алады. Дұрыс, әрі шығынсыз шешім қабылдауда экономикалық білім мен біліктік қажеттілігі туындайды. Экономикалық білімнің тиімділігі-оның үздіксіздігінде. Оның мазмұны негізінен көп жағдайда экономика ғылымына байланысты. Экономиканың математика пәнімен өзара байланысын зерттеу барысында өмірде жиі кездесетін экономикалық мазмұнды есептер шығарылып, алған біліміміз тереңдей түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет