3-мысал. Тігін шеберханасында екі бригада жұмыс жасайды. Бірінші бригада 640 көйлек, ал екіншіде осы мерзім ішінде одан 12,5 артық тігуі тиіс еді. Біріншісі әр күнде екіншіден 10 көйлек артық тігіп, тапсырманы белгіленген мерзімнен 4 күн бұрын орындаған. Егер екінші бригадаға тапсырманы орындау екінші бригадаға тапсырманы орындау үшін және 4 күн керек болса, бұл бригада әр күнде неше көйлек тіккен?
Шешуі: 1-ші бригада 640 көйлек
2-ші бригада 12,5 артық 640+6400,125=720
1-ші бригада бір күнде (х+10) көйлек
2-ші бригада бір күнде х көйлек
1-ші бригада (у-4) күн
2-ші бригада (у+4) күн
Жауабы: 30 көйлек. 4-мысал. А өнімін өндіру үшін токарь станогында 20 сағат, фрезер станоғында 30 сағат жұмыс істеу керек. В өнімін өндіру үшін токарь станогында 40 сағат жұмыс істеу керек. Токарь станогының жұмыс ресурсы 2000 сағат, фрезер станогының жұмыс ресурсы 4800 сағат. Цехтың жұмыс ресурстарын пайдаланып, өндірілетін А, В өнімдерінің сан мәнін (х;у) нүктелері арқылы белгілеп, координаталар жазықтығында Д облысын табу керек.
Шешуі: А өнімнің сан мәні – х, В өнімінің сан мәні – у болсын. . Бұларды дайындау үшін 20х+10у сағат токарь станогында және 30х+40у сағат фрезер станогында жұмыс істеу керек. Жұмыс ресурстарын ескеріп, теңсіздіктер жүйесін құрамыз.
5-мысал. Бір балмұздақ шоколад плиткасынан 4 есе арзан, яғни 20 теңге тұрады. Бір қорап конфет шоколад плиткасынан 3 есе қымбат. Конфет бағасы қанша тұрады?
Шешуі: Есеп шартынан бізге балмұздақтың бағасы белгілі, яғни 20 теңге. Ал балмұздақ шоколадтан 4 есе арзан. Осыдан шоколадтың бағасын табу үшін 20*4=80 амалды орындаймыз. Енді шоколадтың бағасы 80 теңге екені белгілі болды. Енді қорап конфеттің бағасын табу үшін шоколадтың бағасын 3 еселейміз, яғни 80*3=240.
Осыдан қорап конфеттің бағасы 240 теңге екені бізге мәлім болды.