Сѕтбаев ќаласындаѓы


Жауабы. 12 қоспақ, 8 мая немесе 8 қоспақ, 12 мая



бет9/11
Дата16.08.2023
өлшемі0,61 Mb.
#105368
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Жауабы. 12 қоспақ, 8 мая немесе 8 қоспақ, 12 мая.


  1. Тәжірибе жүзінде қолдану

Экономиканың математика пәнімен өзара байланысын зерттеу барысында өмірде жиі кездесетін экономикалық мазмұнды есептер шығарылып, алған білімді тереңдей түседі.


Мен Текелі қаласының биылғы жылғы еңбек ресурсының статистикасы бойынша тұрғындар санын алып, оның ішінде жұмыспен қамтылған және жұмыс істемейтіндер санын анықтап көруге тырыстым. Осы мәлімет бойынша есеп құрастырып, тәжірибе жүзінде қолданып көрдім.


Есеп: Текелі қаласының тұрғыны 30707 адам. Оның 16629 адам жұмыспен қамтылған. 14078 адам жұмыс істемейді. Егер жұмыссыздық деңгейі 5%, ал қоғамдағы жұмысқа жарамсыз адам саны жұмыссыз санынан 5 есе көп болса, өз еркімен жұмыс істемейтіндердің санын анықта.


Шешуі: жұмыспен қамтылғандарды, яғни жұмыс істейтіндерді анықтауға болады, өйткені барлық халық саны 30707 адам, ал жұмыс істемейтіні 14078 адам.

30707-14078=16629 адам


Жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздық деңгейін біле отырып, теңдеу құрамыз:
х/16629+х=5%
x/16629+x=0,05
0,05(16629+x)=x
831,45+0,05x=x
x≈875 мұнда х –жұмыссыз саны.
Жұмысқа жарамсыз саны: 875*5=4376 адам.
14078-4376=9702 адам.
Жауабы: өз еркімен жұмыс істемейтіндер саны: 875 адам екен.


4. Қорытынды

Пәнаралық байланысты жүзеге асыру әр түрлі білім салаларының арасында айырма жоқтығына олардың бір-бірімен үнемі байланыста болатындығына, әр сала өз әдіс- тәсілдерімен материалдық дүниені зерттейтініне көзімді жеткіздім.


Пәнаралық байланыстарды зерттеуде , дүниеге ғылыми көзқарастарды қалыптастыруда өзара байланысын көрсетуде білімім мен түсінігімді тереңдеттім, математика пәніне деген қызығушылығым артып, өз бетімен жұмыс істеуге жетеледі және есеп шығарудың жылдамдығын арттыруға көмектесті.
Қазақстан Республикасының білім жүйесі саясатының мақсаттарының бірі- жан-жақты, білімді , шығармашыл қабілетті, танымдық белсенділігі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру. Олай болса, «Талап- тұлпар, білім- сұңқар» демекші дарынды ,білімді жастар ғана мемлекетіміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік –экономикадық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан мен өзімнің шығармашылық жобамда жан-жақты ізденіп, теориялық білімімді өмірмен ұштастырып, математика мен экономика пәндерінің өзара байланыста екенін дәлелдеуге тырыстым.
Бұл жұмыс оқушыларға өз білімдерін тереңдетуге көмектесетіне сенімдімін. Экономика адамсыз өмір сүре алмайды. Себебі, адам болмаса, экономика өзінің басты мақсатын іске асыра алмайды. Адамның, яғни біздің жақсы өмір сүруге құштарлығымыз арта түскеннен , қажеттілік шеңбері кеңейе түсуде. Егер экономика білімі болмаса, шығыны, табысы, бағасы, кірісі белгісіз болады да , экономикалық есептердің мәні болмайды.
Қорыта айтқанда , экономика барысында экономикалық білім алып, экономикалық ой өрісті қалыптастырып, экономика салаларын меңгеру қажет. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет