STEM-педагог қандай болуы керек?
Заманауи білім берудің негізгі міндеттерінің бірі - мұғалімнің кәсіби, коммуникативтік, технологиялық және басқа құзыреттіліктеріне тәуелді (байланысты) оқушыларға сапалы білім беруі.
Мұғалімдер ең алдымен білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан инновациялық идеяларға дайын болуы және заманауи педагогикалық технологияларды қолдану бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтуі керек. Олар болашақтың технологиямен байланысты екендігін, ал технологияның болашағы жаңа форматтағы мұғалімдерде екенін түсінуі керек. Бұл - ресми көзқарасты қабылдамайтын, бірақ өз білімімен оқушыларды үздіксіз дамытатын және білімін кеңейтетін мұғалімдер. Мұндай келеңсіздіктерді жою үшін оқушылардың болашағына қажетті STEM мұғалімінен STEAM мұғалімге ауысу қажет.
STEAM мұғалімдері оқушыларға жай білімнен де артық білімді ұсынады. Олар сондай-ақ оқушыларға дағдыларды таным мен еңбекке бағыттап, сонымен қатар олардың өздігінен дамуына және мектеп пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыруға үйретеді. Мұнда шығармашылық көзқарас оянып, оқу пәндерін жан-жақты қабылдауға қызықтырады.
STEAM білім беруде қарапайым цифрлар мен фактілерге ерекше назар аударылады. Оның көмегімен оқушыларға абстракцияның түрлі деңгейлеріндегі ақпараттарды, мысалы: математикалық, физикалық немесе химиялық формулаларды жеңіл қабылдауға мүмкіндік беріледі.
Техникалық пәндер шығармашылықпен үйлесіп интеграцияланған тәсіл оқушыларды оқуға деген қызығушылықтарын оятуға ықпал етеді.
Инженерлік-техникалық мамандықтарда маңызды қасиеттер мен дағдыларды қалыптастыру, оқушыларды ғылыми-техникалық салада оқуды жалғастыруға ынталандыру үшін мектепте, сабақтан кейінгі іс-шаралар мен қосымша білім беру жүйесін қамтитын STEAM білім беру моделін құру қажет (1-сурет).
S
1-сурет. STEM білім беру моделі
TEM білімінің басты ұраны – өзің жаса!
Жобаның идеялары шынайы өмірден, қоршаған ортадан, яғни «Өмір бойы және өмір үшін барлық» қағидасына сәйкес таңдалса, табысты болады. Мұндай зерттеулердегі мұғалім тек үйлестіруші, басқарушы және де тек нақты ғылыми мәселені шешуге көмектеседі
Осыған байланысты, STEM білім беруді табысты іске асыру үшін мұғалім проблеманы жан-жақты түсіну, шығармашыл тұлға болу, инженерияны білу және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын меңгеруі тиіс (2-сурет).
Т
2-сурет. STEM білім берудегі мұғалім дағдылары
әжірибеде проблемалық мәселелерді шешу оқушыларға болашақта функционалдық сауаттылықты дамытуға мүмкіндік береді, оларды интегралдық дағдыларға үйретеді, өздерін тәрбиелеу үшін жағдай жасайды және олардың зерттеуі, жаңалықтары сыныптастармен, мұғалімдермен, ата-аналармен және қоғаммен бағаланады.
STEAM ортасында мұғалім халықаралық байланысқа және жаһандану үрдістерінің негізгі элементі ретінде ағылшын тіліне басты назар аудару керек. Ағылшын тілі - технология, техникалық даму, роботтарды модельдеу және бағдарламалау, IT-технологияларды жаһандық енгізу тілі болып табылады.
STEAM білім беру - бұл сабақтар сабақтастығы, ғылыми-техникалық және инженерлік компоненттерді қолдайтын ғылыми зертханалар, топтар, қауымдастық желісі. Мектептерге STEAM білім беруді енгізу, оқушылардың инженерлік-техникалық мамандықтарға деген қызығушылығын арттырады және жоғары сынып оқушыларын ғылыми-техникалық салада оқуын жалғастыруға ынталандырады.
Достарыңызбен бөлісу: |