Қорытынды
Білім - ел болашағының айнасы. Ұлттық білім беру бағдарламаларын, білім беру жүйесін реттеуді мемлекет өзінің күшті жақтары мен өсу аймақтары ретінде көреді, қазақстанда білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер негізі осыған байланысты.
Технология мен STEM шынайы өмірдің мәселелерімен байланысқан білім беру тұжырымдамасы шығармашылықты дамытатын STEAM, STEMM және STREAM жүйелерінде дамып келеді.
Егер индустрияландыру дәуірінде сауаттылық пен жұмыс дағдыларын меңгеру маңызды болса, онда дамудың технологиялық аспектілері постиндустриялық дәуірде бірінші орынға шықты. Нәтижесінде Интернетпен, ақпараттық технологиялар мен компьютерлерді кеңінен қолдануға болатын цифрлық революция пайда болды. Уақыт өте келе өнімнің сапасы, өнімділігі, технологиялылығы оны пайдалану ыңғайлылығы сияқты қасиеттері маңызды болмайды. Керісінше, өнімнің маңызды қасиеттеріне оның дизайны, ыңғайлылығы, эргономикасы, яғни нақты пайдалану аймағы негізге алынады.
Бүгінде кез келген өнімді жасағанда, ең алдымен адамның пайдаланудан бұрын оның қажеттілігі маңызды болып табылады. Осы принципті бірінші кезекке қойған Apple компаниясы бүгінгі таңда жетістікке жетіп отыр.
Компьютерлік технологиялар, дизайн, баспа ісі, кино, галереялық бизнес, архитектура, сән, ән, өнер сынды креативті индустриялар - STEAM білім берудегі ғылыммен қатар инновациялық экономиканың маңызды саласы болуда.
Нақты ғылымдар мен гуманитарлық тәсілдердің бірлігі қазіргі заманауи әлемдегі инноваторлады (жаңашылдарды) қолдай алады. STEAM білімінің маңызы - өнім мен идеяны ілгерілететін креативті мәдениет.
Тиісінше, білім беруде техника ғылымдарын, математиканы, инженерияны жекелеп оқыту біртіндеп жойылып барады. Қолданушы шешім қабылдау процесінде әрбір пәннің маңызын, мағынасын түсінгенде ғана олардың маңыздылығы арта түседі.
Осылайша, «әлемдегі адам» күрделі аспектісін түсінуінің мінсіз құралы ретінде АҚШ-та STEM тұжырымдамасы дүниеге келді. Бұл тұжырымдама әрбір нақты өнімнің, болашақ әзірлеменің әлемде қандай орын алатындығын түсініп, үйренетін мамандарды оқытуға мүмкіндік береді.
Дәстүрлі пәндерге арналған осындай кешенді тәсіл оқушыларға өздерінің идеяларының қаншалықты маңызды екендігін бағалауға, олардың айналысатын мәселелерінің шешімдері әлемдегі алатын орнын түсінуге мүмкіндік береді. Сарапшылардың пікірінше жаңа тәсіл инновациялық әрекеттерді ынталандырады, өйткені бұл тәсіл инновациялық жетістіктердің астарындағы шығармашылық үдерістерді қалыптастыруға және реттеуге
көмектеседі.
Бұл тәсіл пәндерді өмірмен байланыстырумен қатар оқушыларды шығармашылыққа баулуға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл бастауыш сынып оқушыларының жоба жұмыстары мәселесін шешуге байланысты бірқатар тапсырмаларды орындауға ықпал етеді. Дұрыс шешім жалғыз болмайды, ол оқушыға толық шығармашылық еркіндік беріп, осы тапсырмалардың көмегімен бала қызықты идеяларды шығарып қана қоймайды, сонымен қатар оларды дереу жүзеге асырады.
Осылайша, оқушыға өмірде қажет болатын, өз ісіне қойылған міндеттер мен қолжетімді ресурстарды ескере отырып жоспарлауға үйренеді.
Сондай-ақ, STEAM білімінің негізгі аксиомаларының бірі - шағын топтарда жұптық оқыту. Мысалы, роботтехника сабағында екі оқушы бір компьютерде жұмыс істейді және бір конструкторды жинайды. Бұл оқу материалдарын үнемдеу мақсатында жасалмаған. Керісінше, мұндай тәсіл балаларды ынтымақтастыққа, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, топта,командада жұмыс жасауға үйретуді көздейді.
STEAM білім беруге ықпал ететін оқушының дамуындағы маңызды қасиеттері мен дағдылары Инфографикада ұсынылған:
Ғалымдар STEM білім беру жүйесін қолдап, мұғалімнен оқушыға білім тасымалдаудың дәстүрлі үлгісіне қарағанда зерттеу түріндегі интерактивті оқытудың артықшылығын дәлелдеді.
Бұл эксклюзивті, жаңа тәсіл емес. STEAM-ді өмірдің барлық қырларынан кездестіруге болады. Бұл әдіснаманы бастауыш немесе жоғары мектептің, колледждің немесе университеттердің кез келген пәнін оқытуға қолданылады.
STEAM философиясы оқытудың дәстүрлі тұжырымдамасынан алшақ. Фактілерді есте сақтау, тест сынағын жүргізу арқылы білімді тексеріп, бағалау артта қалды. Мұндай білім беру жүйесі инновациялық серпіліс жасауға, шығармашылық және сыни ойлауды дамытуға ықпал етпейді.
Бүгінде жаңа және дамып келе жатқан STEM, STEAM тұжырымдамалары уақыт өте әдеттегідей болады және біз келешекте өмір сүріп жатқан дәуірге сәйкес басқадай жаңалықтармен таныс боламыз.
Бірақ болашақ білім беру әдістеріне ғылым мен математиканың ғана емес, сонымен бірге философия, өнер, адам табиғатын түсіну және оның әлемдегі орны сияқты пәндерінің енетіндігіне бүгінгі күні сенімділікпен айтуға болады.
Қазіргі таңда көптеген мамандықтарда табысты болу үшін бірнеше шеберлік дағдыларын меңгеру қажет. Бірақ, қазірде оқытылып жатқан пәнаралық байланыс көрінбейтін бағдарламалар арқылы балаларды қалай дайындауға болады? Бұл мәселеде STEAM көмегін атап кетуге болады.
Сонымен, STEAM – оқушыларға әлемнің бірізділігін, күрделілігін түсінудегі алғашқы қадамды жасауға, өмірдің түрлі аспектілері арасындағы көп деңгейлі байланыстарды түсінуге мүмкіндік беретін құрал.
Достарыңызбен бөлісу: |