Жауап: STEM-білім берудің кілттік мақсаты – оқушылардың білу және істей алу қабілеттерін өнертапқыш шешімдер, зерттеушілік қызметтер және тәжірибелік форматтарда көрсету. Бағалы аспектілер де бар: ғылыми жаңалықтарды шешуде, аз қамтылған отбасыларға (сыныптастарына) көмектесіп, біруақытта оқушылар әлеуметтік сұрақтарды да шешіп отырады.
STEM-тәсілді қарапайым мектепте сыныптық-сабақтық оқыту жүйесінде іске асырудың қандай артықшылықтары бар?
Жауап: STEM-білім беру артықшылықтары: сыни тұрғыдан ойлау, ғылымитехникалық білімді күнделікті өмірде пайдалану, белсенді қарым-қатынас құру және командамен жұмыс жасау, техникалық пәндерге қызығушылықты арттыру, жобаларға креативті және жаңашыл көзқарас, оқу мен карьераның ұштасуы.
Орта білім беру аясында «STEM білім беру» әдістемесі
Жауап: Қазіргі заманғы білім беру жүйесіне оқытудың инновациялық әдістерін енгізу экономика мен әлеуметтік саланы дамытудағы маңыздылығы жоғары. Білім берудегі басқа заманауи инновациялық үрдістер сияқты, STEM білім беру, адамзат қоғамының заманауи индустриалды-цифрлы дәуірі міндеттеріне жауап беру, сондай-ақ ғылыми-әдістемелік негізді және іс жүзінде дәлелденген платформаны қабылдайды. Жаһандану заманындағы ең қажетті әрі үлкен сұранысқа ие пәндердің бір арнада тоғысуын зерттейтін, әрі заманауи іске асыратын, бір сөзбен айтқанда,STEAM-пән аралық байланысты дамыта отырып, оқу бағдарламасында бес пәнді оқытудың бір жүйесінде интеграциялау болып табылатын жаңа оқыту әдістемесінің мемлекетіміздің білім беру саласындағы алғашқы қадамдары мен болашағы.
STEM саласында білім беруді тұжырымдамалау
Жауап: STEM-білім беру оқуды және мансапты қосатын көпір болып табылады. Оның тұжырымдамасы балаларды технологиялық тұрғыдан дамыған әлемге дайындайды. Келешектің мамандарына жан-жақты дайындық пен жаратылыстану ғылымдары, инженерия, технологиялар мен математиканың әр түрлі білім беру салаларынан алынған білім керек. Сондықтан бұл тұжырымдама балаларды технологиялық тұрғыдан дамыған әлемге дайындайды.Ол үшін оқушы біліммен мықты қарулануды қажет етеді.