Әр оқушыны инновациялық ойлау құралдарымен және математика, инженерия мен ғылымды түрлі кәсіби міндеттерді шешуде қолдану тәжірибесімен қамтамасыз ету: дамыған ой мен логика; міндет қою және оны шеше білу; әлемге ғылыми көзқарас, зерттеу, талдау, дәлелдей алу білігі; командалық жұмыс, коммуникация; шығармашылық; сандық сауаттылық. Жалпы STEM-сауаттылыққа ерекше көңіл бөлу жағдайында білім білім беру мазмұны мен ұйымдастыру қағидаларын қайта қарау және оған жаңа негіздерді енгізу өзекті мәселе болып табылады. Бүкіл жүйе деңгейінде STEM-білім беру модельдерін одан әрі терең пысықтау үшін мынадай кіші үрдістерді ажырату маңызды: дайындық, функционалдық сауаттылық, оқыту және тәрбиелеу. Білім
STEM жүргізілетін факультативтік курстар және оның қолданылулары.
Мектепте білім беру мақсатындағы робототехникамен айналасу балалардың алгебра, информатика, геометрия, электрлі және механикалық инженерия, физика, жобалау және 3D-модельдеу саласында дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Lego и Arduino білім беру робототехникасының білім беру кешендерінің нәтижелі синтезі оқушылар бойындағы STEM мүмкіндіктерді толық ашуға жағдай жасайды. Осындай нәтижелі синтез филиал қабырғасында өткен «Робототехника негіздері» біліктілікті арттыру курсында жүзеге асты.
STEM арқылы студенттер негізгі дағдыларды дамытады, оның ішінде:
Мәселені шешу
шығармашылық
сыни талдау
топтық жұмыс
тәуелсіз ойлау
бастама
байланыс
цифрлық сауаттылық
Оқу мекемелерінде дәстүрлі емес оқыту формаларының (сабақтардың) қолданылуы
Дәстүрлі емес сабақ дәстүрлі сабақтан тағы да қандай айырмашылықтар бар: мұғалімнің іс-әрекеті. Дәстүрлі емес сабақта оқушыларға нақты БІД дамыту мақсаты арқылы, болатын психикалық процестерін (ойлау, зейін, ес) дамытады, онда сабақ рәсмі педагогикалық техникалық функцияныатқарады. Дәстүрлі емес сабақ мұғалім оқушылардың жан-жақты оқу іс -әрекеттерін басқарып, оларды өз еркін бетімен жұмыс жүргізуге, үйретеді шығармашылық ойлауын қалыптастырады. Мұғалімнің оқушыларды ұйымдастырмайды осы оқу үрдісінің қатысушысы болады, ол оқушыларға көмек етеді, көрсетеді, түсіндіреді, естеріне түсіреді; кейбір кезінде өзі де қателеседі; оқушылармен ақылдасады; керек кезінде мұғалім өзі әр түрлі педагогикалық жағдайларды жасайды; оқушылардың ынталандыраду, сенім білдіреді, қызықтырады, оқу мативтерін қалыптастырады, беделін көтерер. Осы немесе басқа мұғалімнің іс-әрекеттерінің негізі – оқу үрдісін тұтас және бағытталған тұрғыдан ұйымдастыру.
Білім беру саласында соңғы жылдары оқыту технологияларды оқыту үрдісінде пайдалану мәселелері кен түрде талқыланып жатыр. Белгілі ғалым Г.Ф. Селевко дәстүрлі емес сабақтарды технологиялық тұрғыдан қарастырды ұсынады. Ол «дәстүрлі емес сабақ – оқытудың классикалық түрлерінің негізінде жетілген стандарттан тыс әдісі – тәсіл дейді. Осы концепциясына сүйенгенде - дәстүрлі емес сабақ – оқытудың жаңа технологиясы деп атауға болады.
STEM білім мен іскерлікті тексеру, бағалау әдістемесі
Қазіргі таңда оқу үдерісінде «жаппай» енгізіліп жатқан инновациялық технологиялар жетерлік. Мұндай технологиялар сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, тіл үйренушінің қызығушылығын арттырады, екінші жағынан тыңдаушының танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесінде оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, оқытушы жұмысының нәтижесі де арта түспек. Сондықтан да STEAM оқытуда тіл үйренушінің белсенділігі, зияткерлігі, парасаттылығы анықталады. Олардың жеке қасиеттерін ашу арқылы танымдық күшін қалыптастырып, шағармашылық қабілетін дамытады.
Оқыту үдерісін жаңаша ұйымдастыру оқытушының өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылық қабілетінің артуына септігін тигізеді. Сондықтан, ғылыми-техникалық прогрестен қаламай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізге міндеті.
Бағалау түрлері: Критериалды бағалау, формативті бағалау, сумативті бағалау, кері байланыс.