Stem техникасында жұмыс жасау, оны өмірде қолдана алу бала үшін өте маңызды. Бала өзінің жасаған бұйымын, өнімін көру, жасау арқылы мотивациясы артады. Ал егер алған білімін қолданып, бір өнім жасай алмаса, оны не істейді?


STEM технологиясының кемшіліктері



бет23/50
Дата18.02.2023
өлшемі142,85 Kb.
#69054
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   50
Байланысты:
жауаптары ЕРТЕН

STEM технологиясының кемшіліктері:

STEM-ге негізделген оқыту бағдарламалары мектепке дейінгі баладан бастап магистратураға дейін созыла алады және қазіргі уақытта тек АҚШ-та емес, көптеген елдерде қол жетімді. Сонымен қатар, STEM негізгі мақсаты студенттерге оқудың әртүрлі жолдары мен мәселелерді шешуге мүмкіндік беру және олардың ғылым, технология, инженерия және математика саласында жоғары білім мен мансапқа деген қызығушылығын арттыру.
STEM-дің көптеген артықшылықтары болса да, оның бір кемшілігі бар. Бұл әдебиет, өнер, музыка және жазба сияқты басқа салаларға назар аударудың болмауы. Сонымен қатар, студенттердің осы тақырыптан алған білімдері олардың миының дамуына, қарым-қатынас және сыни оқу дағдыларына көмектеседі.



  1. STEM технологиясын енгізу шарттары:

Әлемде қоғамдық қарым-қатынастардың үдемелі өзгеріп жаңа келбет алу бет бұрыстары әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымның модернизациялануымен шектелмей, дүние жүзілік білім беру кеңістігінде де біршама динамикалық түрлендірулер жүруде.
Өз мамандықтарын дүниежүзілік стандарттар деңгейінде меңгерген және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, білікті мамандар дайындау миссиясымен колледж ұжымы жұмыс жасап келеді.
Жаһандану заманындағы ең қажетті әрі үлкен сұранысқа ие пәндердің бір арнада тоғысуын зерттейтін, әрі заманауи іске асыратын, бір сөзбен айтқанда,STEAM-пән аралық байланысты дамыта отырып, оқу бағдарламасында бес пәнді оқытудың бір жүйесінде интеграциялау болып табылатын жаңа оқыту әдістемесінің мемлекетіміздің білім беру саласындағы алғашқы қадамдары мен болашағы. Әлемде бүгінгі нарық заңы бойынша жақсы маманға жақсы төлем жасайтын жұмыс берушілер санының жоғары екендігін ескерсек, нақты ғылымдарға деген оқушылар мен студенттердің қызығушылығын арттыра білу қажеттілігі ұстаздардан, жоғарғы оқу орнының оқытушыларынан үлкен жауапкершілікті, жоғары біліктілікті талап етуде.



  1. STEM-білім беру: мүмкіндіктер мен перспективалар

Қазақстанда да STEM-білім берудің белсене дамуы басталды. Бұны Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында STEM контекстінде мектептегі білім берудің мазмұнына өту дәлелдейді. Жаңа білім беру саясатын жүзеге асыру үшін оқу бағдарламасына жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық үлгілеуді дамытуға бағытталған STEM-элементтерді енгізу жоспарланды. Оқытудың жаңа пәнаралық және жобалық тәсілі енгізіледі, ол оқушыларға зерттеу және ғылыми-технологиялық әлеуетін күшейтуге, с, инновық және шығармашылық ойлау, мәселелерді шешу, коммуникация және топтық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында STEM-білім берудің өзектілігі және мүмкіндіктері туралы айтылған: «...әлеуметтік және эмоциялық дағдыларды қалыптастыру, когнитивтік емес қабілеттерді дамыту қажеттілігі әлі де ерекше маңызды болып табылады. Мектепте білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу STEM-оқыту аясында жүзеге асырылуы тиіс. Пәнаралық және жобалық тәсіл мектеп оқушыларын тану мен дамудың белсенді процесіне ынталандыруға мүмкіндік береді».





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет