Stem техникасында жұмыс жасау, оны өмірде қолдана алу бала үшін өте маңызды. Бала өзінің жасаған бұйымын, өнімін көру, жасау арқылы мотивациясы артады. Ал егер алған білімін қолданып, бір өнім жасай алмаса, оны не істейді?



бет20/50
Дата18.02.2023
өлшемі142,85 Kb.
#69054
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50
Байланысты:
жауаптары ЕРТЕН

STEM технологиясы

. Қазіргі уақытта әлемде ақпараттың қарқынды дамуы, жоғары технологиялық инновациялар мен әзірлемелер – біздің өміріміздің барлық салаларын дамытуда. Қоғам сұранысы да, жеке тұлғаның қызығушылықтары да өзгерістер үстінде. Ғылым, математика, технологиялар, өнер және инженерия сияқты басты академиялық салаларда бір мезгілде даму керек. Оларды STEM деген бір сөзбен біріктіріп атауға болады. Бұл бағдарлама – ақпараттық технологияларды тиімді қолдану және сандық үлгіде көрсетілген әртүрлі ақпараттың түрлерімен жұмыс істеу үдерісін тездетеді және жеңілдетеді.
STEM» технологиясы – балаларға білім беру робототехникасының әртүрлі бағыттарын және STEM меңгеруге, сонымен қатар күрделі тәжірибелік тапсырмаларды шешуге мүмкіндік беретін ашық және тұжырымдамалық жиектемені әзірлеу.Оқушылардың қызығушылықтарын әрі қарай дамытып, баланың өз бетінше ойлап, теорияны практикамен ұштастырып, келешекте мамандық таңдауына бағыт-бағдар беру. STEM– физика, математика, информатика, технология пәндерін біріктіру нәтижесінде пайда болған және қарқынды дамып келе жатқан пән.
Технологиялық сыныптар сөзсіз өзгерді және цифрлық модельдеу және прототиптеу, 3D басып шығару, мобильді технология, компьютерлік бағдарламалау, деректерді талдау, Интернет заттары, машиналық оқыту және ойын дамыту сияқты тақырыптарды қамтуы мүмкін.



  1. STEM Инжиниринг

Технология сияқты, машина жасау саласы мен көлемі соңғы бірнеше онжылдықта айтарлықтай өсті. Инженерлік сабақтарға азаматтық құрылыс, электроника, электротехника, машина жасау және робототехника сияқты тақырыптар кіреді

  1. STEM артықшылықтары

STEM дегеніміз – оқытудың біріктірілген тәсілі. Яғни, бұл тәсіл аясында академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі. Мұндай тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM-сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату.
STEM-білім беру – инженерлік шығармашылық пен математика, жаратылыстану ғылымдары мен технологиялардың кіріктірілуі негізінде жоба және пәнаралық амалдарды байланыстыратын жаңаша ойлау және жаңа технологияларға бағытталған ғылымдардың бірігуі.
STEM-білім беру артықшылықтары: сыни тұрғыдан ойлау, ғылыми-техникалық білімді күнделікті өмірде пайдалану, белсенді қарым-қатынас құру және командамен жұмыс жасау, техникалық пәндерге қызығушылықты арттыру, жобаларға креативті және жаңашыл көзқарас, оқу мен карьераның ұштасуы.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет