Stem техникасында жұмыс жасау, оны өмірде қолдана алу бала үшін өте маңызды. Бала өзінің жасаған бұйымын, өнімін көру, жасау арқылы мотивациясы артады. Ал егер алған білімін қолданып, бір өнім жасай алмаса, оны не істейді?



бет22/50
Дата18.02.2023
өлшемі142,85 Kb.
#69054
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50
Байланысты:
жауаптары ЕРТЕН

STEM технологиясының артықшылықтары:

STEM дегеніміз – оқытудың біріктірілген тәсілі. Яғни, бұл тәсіл аясында академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі. Мұндай тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM-сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату.
STEM-білім беру – инженерлік шығармашылық пен математика, жаратылыстану ғылымдары мен технологиялардың кіріктірілуі негізінде жоба және пәнаралық амалдарды байланыстыратын жаңаша ойлау және жаңа технологияларға бағытталған ғылымдардың бірігуі.
STEM-білім беру артықшылықтары: сыни тұрғыдан ойлау, ғылыми-техникалық білімді күнделікті өмірде пайдалану, белсенді қарым-қатынас құру және командамен жұмыс жасау, техникалық пәндерге қызығушылықты арттыру, жобаларға креативті және жаңашыл көзқарас, оқу мен карьераның ұштасуы.

  1. STEM тәсілі академиялық үлгерімге қалай әсер етеді?

STEM ағылшын тілінен аударғанда 4 сөздің қосындысы. Олар: ғылым, технология, инженерия және математика. Білім саласы бір орында тұрмайды. STEM Дүниежүзілік білім саласындағы жаңа тренд. Қазақстанға енді келіп жатыр. STEM қазіргі заман талабына сай инновациялық жобалардың зертханасы деп айтуға болады. Өйткені, STEM қазіргі шет елдерде қарқынды дамып келе жатыр. Сол елдерде дамыған сайын, бәсекеге қабілетті ұрпақ та дамып отыр. Қазақстанда да бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу әрбір ұстаздың міндеті. Сол арқылы, ғылымға деген қызығушылығын арттыруды көздейді.
STEM арқылы оқушы не үйренеді:
 Мотивация алады.
 Теорияға деген қызығушылығы артады, оның маңызын түсінеді.
 Сабаққа деген қызығушылығы артады.
 Жоба жасай алады.
 Идея ойлап табады алады.
 Жан - жақты болады.
 Дарынды оқушы анықталады.
 Бәсекеге қабілетті болады.
 Сын тұрғысынан ойлай алады.
Жаңа жоба жасай алу арқылы, Қазақстанға өз пайдасын тигізетін азамат болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет