Жауап: STEM-білім беру – инженерлік шығармашылық пен математика, жаратылыстану ғылымдары мен технологиялардың кіріктірілуі негізінде жоба және пәнаралық амалдарды байланыстыратын жаңаша ойлау және жаңа технологияларға бағытталған ғылымдардың бірігуі. STEM-білім беру артықшылықтары: сыни тұрғыдан ойлау, ғылыми-техникалық білімді күнделікті өмірде пайдалану, белсенді қарым-қатынас құру және командамен жұмыс жасау, техникалық пәндерге қызығушылықты арттыру, жобаларға креативті және жаңашыл көзқарас, оқу мен карьераның ұштасуы. Информатика пәнінде STEM білім беруді қолдану: • - бір пәнмен шектеліп қалмай, интеграцияланған тақырыптар бойынша оқыту; • - информатикадан алған білімдерін өмірде қолдану; • - сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту, проблемаларды шешуге дағдыланады; • - жаңалық ашуға ұмтылады, ғылымға қызығушылығы артады; • -ақпараттық технологияны пайдалану, дамып жатқан технологияға ілесу; • - техникалық пәндерге қызығушылықты арттыру; • - жобаларға креативті және жаңашыл көзқарас, оқу мен карьераның ұштасуы STEM білімінің артықшылықтары туралы не білесің?
Жауап: STEАM білім берудің артықшылықтары: -Пән бойынша емес, тақырып бойынша интеграцияланған оқыту. - Нақты өмірдегі қолданбалы ғылыми-техникалық білім. - Сыни тұрғыдан ойлау және есептер шығару дағдыларын дамыту. - Өз күштеріне деген сенімділік қалыптасты. - Белсенді қарым-қатынас және ұжымдық жұмыс. - Техникалық пәндерге деген қызығушылық дамыды. - Жобаларға шығармашылық және инновациялық тәсілдер. - Әр баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың іс-әрекеті арқылы техникалық шығармашылыққа деген уәжді дамыту. - Ерте кезеңнен кәсіптік бағдар беру. -Балаларды өмірдің технологиялық жаңалықтарына дайындау. -STEАM, негізгі білім беру бағдарламасының міндетті бөліміне қосымша ретінде.