STEM оқыту стандартының талаптары арқылы анықталатын информатиканың базалық курсының мазмұны.
Жауап:
Мамандар STEM білім беруді дамыту саласындағы бірқатар елдердің тәжірибесін талдай отырып, STEM саласындағы оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге болады деген тұжырымға келді:
-біріншіден, жеке STEM-пәндері бойынша оқу тәжірибесін кеңейту, аналитикалық тұжырымдар нақты әлемдік мәселелерге қатысты, проблемалық-бағдарланған білім беру қызметін пайдалана отырып, оқушылардың күрделі ұғымдарды жақсы түсіну мақсатында;
-екінші тәсіл STEM субъектілерінің білімін интеграциялауды, олардың
мазмұнын терең түсінуді және келешекте оқушылардың ғылыми-зерттеу
және шығармашылық қабілеттерін кеңейтуге және болашақта мансаптың
техникалық немесе ғылыми бағытын таңдауға әкеледі;
-үшінші бағыт, әсіресе, техникалық жоғары оқу орындарының өкілдері, STEM-білім берудің мультидисциплинарлы тәсілмен басым болуы керек деп санайды, ол STEM пәндерін оқытуда интегралдауды қолдану, бұл нақты өндіріс жағдайында жасалады;
-келесі тәсіл әрбір жеке STEM пәні бойынша оқыту әдіснамасына инновацияларды енгізуді және ғылым,техника,инженерияның және математиканың негізгі ұғымдары STEM деп аталатын бір оқу жоспарына ауыстырылған оқытудың интегративті тәсілі ретінде қарастырады.
Stem-мектеп оқушыларын оқытудың жаңа әдістемесі
Жауап:
Қазіргі кезде цифрлық технологияның жедел дамуы мен адам қызметінің барлық саласын цифрландырудың жылдам дамуымен байланысты STEM білім беру маңызды және өзекті мәселе, білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде ерекше назар аударуды талап етеді.
Н.Ә. Назарбаев
Қазіргі уақытта әлемде төртінші технологиялық революция болып жатыр: ақпараттың қарқынды ағыны, жоғары технологиялық инновациялар мен әзірлемелер біздің өміріміздің барлық салаларын өзгертіп жатыр. Қоғам сұранысы да, жеке тұлғаның қызығушылықтары да өзгеріп жатыр.
Егер бұрын қыздар еңбек сабағында алжапқыш тігіп, ал ұл балалар ағашпен немесе металлмен жұмыс істесе, онда қазіргі уақытта бұл жеткіліксіз. Робототехника, құрастыру, бағдарламалау, үлгілеу, 3D-жобалау және тағы басқа–бұның бәрі енді дүниежүзінің қазіргі оқушыларын қызықтырады.Бұл қызығушылықтарды жүзеге асыру үшін анағұрлым күрделі дағдылар мен құзыреттер керек. Білу мен істеу ғана емес, сонымен қатар зерттеу және ойлап шығару маңызды. Ғылым, математика, технологиялар және инженерия сияқты басты академиялық салаларда бір мезгілде даму керек, оларды STEM (science, technology, engineering and mathematics) деген бір сөзбен біріктіріп атауға болады.
STEM – оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі.
Бұндай тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM-сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату (Tsupros, 2009).
Достарыңызбен бөлісу: |