Stem техникасында жұмыс жасау, оны өмірде қолдана алу бала үшін өте маңызды. Бала өзінің жасаған бұйымын, өнімін көру, жасау арқылы мотивациясы артады. Ал егер алған білімін қолданып, бір өнім жасай алмаса, оны не істейді?


Stem әлемдік жүйесінің жаңа тренді



бет8/50
Дата18.02.2023
өлшемі142,85 Kb.
#69054
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50
Байланысты:
жауаптары ЕРТЕН

Stem әлемдік жүйесінің жаңа тренді

Жауап:
STEM әлемдік жүйесінің жаңа тренді білім беру робототехникасы болды, ол бағдарламалау және құрастыру дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді, STEM төрт компонентінің интеграторы болып табылады. Мысалы, 2015 жылы «ER4STEM» үшжылдық жобасы іске қосылды (Австрия, Болгария, Греция, Мальта және Ұлыбритания), ол оқушылардың ғылыми-техникалық салаға деген қызығушышлықтарын қолдау үшін білім беру роботехникасын шығармашылық және сыни қолдануға бағытталды.
«ER4STEM» мақсаты–балаларға білім беру робототехникасының әртүрлі бағыттарын және STEAM меңгеруге, сонымен қатар күрделі тәжірибелік тапсырмаларды шешуге мүмкіндік беретін ашық және тұжырымдамалық жиектемені әзірлеу. Жобаның шеңберінде білім беру робототехникасынан бес мемлекетте 4000 астам бала үшін семинарлды өткізу қарастырылған. Жылына бір рет Еуропалық білім беру роботехникасы жөнінде конференция өтеді (2016ж.–Австрия,2017ж.–Болгария,2018ж.–Мальта).«ER4STEM» мұғалімдерге арналған ауқымды репозиторийді әзірлеу жобаның қорытындысы болады.



  1. Жағдаяттық оқыту – stem-ді оқытудың бір үлгісі

Жауап:
Қазақстанда да STEM-білім берудің белсене дамуы басталды. Бұны Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында STEM контекстінде мектептегі білім берудің мазмұнына өту дәлелдейді. Жаңа білім беру саясатын жүзеге асыру үшін оқу бағдарламасына жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық үлгілеуді дамытуға бағытталған STEM-элементтерді енгізу жоспарланды.
Оқытудың жаңа пәнаралық және жобалық тәсілі енгізіледі,ол оқушыларға зерттеу және ғылыми-технологиялық әлеуетін күшейтуге, с, инновық және шығармашылық ойлау, мәселелерді шешу, коммуникация және топтық жұмыс дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Жаратылыстану-математикалық ғылымдар пәндері арасында «тура тақырыптар» саны артады. 2015-2016 оқу жылынан бастап бірінші сыныптың әр оқушысы «Жаратылыстану» пәнін оқиды, ол жоғары сыныптарды жаратылыстану ғылымдарын оқудың негізі болып табылады. Сонымен қатар, 2016-2017 оқу жылынан бастап барлық мектептерді АКТ, сандық білім беру ресурстарымен, Интернет желісінің қолжетімділігімен жабдықтау жоспарланды. Сонымен бірге 2019 жылы жоғарғы сыныптарда жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер ағылшын тілінде оқытылатын болады, бұл жаңа білімді алғашқы дереккөзден алуға және әлемдік ғылыми қауымға өтуге септігін тигізеді.
Осылайша, біздің еліміз дамыған елдермен бірдей бағытта ілгерілеп келеді. STEM-білім беру оқуды және мансапты қосатын көпір болып табылады. Оның тұжырымдамасы балаларды технологиялық тұрғыдан дамыған әлемге дайындайды. Келешектің мамандарына жан-жақты дайындық пен жаратылыстану ғылымдары, инженерия, технологиялар мен математиканың әр түрлі білім беру салаларынан алынған білім керек.



  1. Білім беру жүйесіндегі stem, steam-технологиясы

Жауап:
Қазіргі заманауи сабақтарды компьютерлік технологиялар, интерактивті тақта, ноутбук, мобильді құрылғылар мен қосымшалар арқылы өткізсе, дәстүрлі оқуға қарағанда оқушылардың жаңа материалды тез түсінуге мүмкіндік береді.Өйткені,білім алушылар бұл құрылғылармен қызығушылықпен жұмыс жасайды. Оқушылар арнайы компьютерлік бағдарламалау тілдерінде бағдарлама құрып, өздеріне керекті материалдарды ала алады және компьютерде оның нәтижесін көре алады. Мысалы, Delphi обьектілі бағдарлы программасы арқылы қарапайым калькулятор және тағы сол сияқты күнделікті өмірге қажетті қосымшалар жасауға болады. Бұл оқушының логикалық ойлау қабілетімен қоса, психологиялық жағынан өзіне деген сенімділігін арттырады және ізденуге жол ашады. Себебі, оқушы Windows ортасында дайын калкулятордың функцияларынан кем түспейтін қосымша жасап шығу арқылы ішкі уәжін көтереді. Дәл осылайша, мобильді құрылғыларға және робот техникаларына да арналған пайдалы бағдарламалар жасақтап, нәтижесін бақылап көре алады.
Қазіргі таңда робот техникасы, құрастыру, бағдарламалау, 3D-жобалау және тағы басқалар оқушыларды қызықтырып отыр. Балалардың қызығушылықтарын жүзеге асыру үшін күрделі дағдылар мен құзыреттер керек. Бұған білу мен түсіну жеткілікті болмайды, сонымен қатар тереңірек зерттеу, ойлап табу және оны талдау маңызды. Ол үшін физика, математика және информатика пәндері бойынша терең білімді талап етеді.



  1. STEM технологиялардың негізгі мақсаттары мен элементтері.

Жауап:
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында STEM-білім берудің өзектілігі және мүмкіндіктері туралы айтылған: «...әлеуметтік және эмоциялық дағдыларды қалыптастыру, когнитивтік емес қабілеттерді дамыту қажеттілігі әлі де ерекше маңызды болып табылады. Мектепте білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу STEM-оқыту аясында жүзеге асырылуы тиіс. Пәнаралық және жобалық тәсіл мектеп оқушыларын тану мен дамудың белсенді процесіне ынталандыруға мүмкіндік береді».
STEM дегеніміз–оқытудың біріктірілген тәсілі. Мұндай тәсілдің мақсаты –мектеп,қоғам,жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM-сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату. STEM-білім беру – инженерлік шығармашылық пен математика, жаратылыстану ғылымдары мен технологиялардың кіріктірілуі негізінде жоба және пәнаралық амалдарды байланыстыратын жаңаша ойлау және жаңа технологияларға бағытталған ғылымдардың бірігуі. STEM-білім беру артықшылықтары: сыни тұрғыдан ойлау, ғылыми-техникалық білімді күнделікті өмірде пайдалану, белсенді қарым-қатынас құру және командамен жұмыс жасау, техникалық пәндерге қызығушылықты арттыру, жобаларға креативті және жаңашыл көзқарас, оқу мен карьераның ұштасуына ықпалы зор.«STEM» аббревиатурасын алғаш рет АҚШ бактериологы Р.Колвэлл 1990 жылдары ұсынды. Бірақ, бұл ұғым тек 2000 жылдарда ғана белсенді қолданыла бастады. STEM негізінде бұл түсініктің жаңа нұсқалары пайда болды, солардың ішінде анағұрлым кең таралғаны STEAM (ғылым, технологиялар, инженерия, өнер және математика) және STEM (ғылым, технологиялар, робототехника, инженерия және математика) болды. Қазіргі уақытта, STEM білім берудің басты трендтерінің бірі болып табылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет