Стилистика бойынша лабораториялы3 ж7мыстар



бет4/30
Дата07.09.2023
өлшемі0,6 Mb.
#106472
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Негізгі әдебиеттер:
1.Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас негіздері. Алматы: Print-S, 2005.
2 Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы. – Астана: Елорда, 2001. -228 б.
Қосымша әдебиеттер:
1.Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілі стилистикасы. – Алматы: Ғылым, 1966. -190 б.
2.Серғалиев М. Көркем әдебиет стилі. А., 1995.
3. Мұсабекова Ф.М. Қазақ тілі стилистикасының мәселелері. А. 1979


3-дәріс. Стильдерді топтастыру
1. Стильдердің топтастыру
2. Стильдердің түрлері
3. Стильдердің қолданылу аясы
4.Стильдердің өзіндік ерекшеліктері

Стилистика – тіл білімінің тілдік тәсілдер жүйесін синхрондық және диахрондық жағдайда зерттейтін тіл ғылымының саласы. Стилистиканың қарастыратын мәселелері әр түрлі деңгейдегі тілдік құралдардың мәнерлегіштік мүмкіндіктері, олардың стилистикалық мәні мен бояулары, сондай-ақ қарым-қатынастың сан алуан аялары (сфера) мен жағдайларындағы сөздердің қолданылу заңдылықтары, әр аяға байланысты қолданыс тілін пайдалану, ең бастысы тілдің қолданылуының коммуникативтік заңдылығы мәселелері болып табылады. Стилистикада тіл деңгейлерінің барлық салаларындағы құралдар жұмсалады.


Әдеби тілдің стильдері. Стиль ұғымы да сөйлеу (речь) және оның формаларымен байланысты қаралады. Стильдердің негізгі арқауы – сөйлеудің ауызша және жазбаша формалары. Форма тұрақты ұғым. Мәселен, тілдің ауызша түрі адам қай кезден бастап сөйлесе, содан бері бірге жасап келеді және бұдан былай да жасай береді. Стиль болса - ол тарихи категория. Сондықтан, тарихтың бір кезінде кейбір стильдердің болмауы заңды құбылыс деп саналады. Форма – ол тіл құралдарының көмегімен болатын сөйлеудің (речь) сыртқы көрінісі. Ал, стиль – ол белгілі бір қатынастың түрінде тілдік единицаларды сұрыптап пайдалану арқылы, ойды жеткізу мәнерінің көрінісі. «Тілдегі стильдердің дамып жетілуі бір жанрдың пайда болуымен байланысты. Сондықтан, әдеби тілді топтастыруда ең алдымен жанрлық принципті негізге алу қажет».
Стиль – тілдің бәріне тән құбылыс. Стильдерді топтастырудың дәстүрлі, қалыптасқан, бұрыннан белгілі принципі жоқ. Тіл стильдері туралы қазір де әр түрлі көзқарастар бар. Сөйтіп, стиль дегеніміз – өмірдің белгілі бір саласында қолданылып, тарихи қалыптасқан тілдік құралдардың жүйесі. Басқа тілдер сияқты қазақ тілінің де әр түрлі стильдері бар. Олар: сөйлеу стилі және кітаби – жазба стильдер.
Сөйлеу стилі. Сөйлеу тілі адамдардың бір-бірімен күнделікті қатынасында пайдаланылады. Сондықтан, онда тілдің коммуникативтік функциясы баса сезіледі. Сөйлеу стилі белгілі бір жағдайда тікелей жасалатын қатынас стилі болғандықтан, ол сөйлеудің ауызша формасымен тығыз байланысты. Ауызша сөйлеуде еркіндік басым келеді. Яғни үйреншікті жағдайда адамдар қысылмай, еркін сөйлейді. Сөйлеу тілінің өзіндік ерекшелігін жасайтын айрықша белгісі – жағдайға (ситуация) байланысты сөйлеу мәнері. Сөйлеу мәнеріне қарай тілдік единицаларды қолдану өзгешелігі болады. Өмірдің барлық саласында сөйлеу тілі кеңінен пайдаланылады, бірақ онда атқарған қызметі және тілдік жүйенің пайдалануы бір текті болып келмейді. Солай болғандықтан, сөйлеу тілін зерттегенде оның формасын, түрін және стилін ескерген жөн.
Сөздердің ауыспалы мағынада қолдану амалы сөйлеу тіліне мәнерлегіштік, әрі бейнелегіштік қасиет береді. Ауыспалы мағынадағы бейнелі сөздер, сол сөз болатын зат не құбылысқа адамдардың жағымды не жағымсыз көзқарасын білдіру құралы болып саналады. Сөйлеу тілінің эмоционалдық қасиеті басым болғандықтан, бұл құралдар сөйлеуде жиі пайдаланылады.
Кітаби – жазба стильдер. Кітаби – жазба стильдер, осының алдында талдау жасалған сөйлеу стилі сияқты, өмірдің белгілі салаларында пайдаланылып танылған ұлт тілінің нақтылы түрі т.с. Олар әр саладағы атқаратын қызметіне (функция) қарай іс қағаздар мен ресми стиль, публицистикалық стиль, ғылыми стиль және көркем сөз стиліне бөлініп жіктеледі.
Кітаби – жазба стильдер жалпы халықтық тілдің жазбаша формасының негізінде қалыптасады да, кітаби сипатта болады. Бұл стильдер қатынастың жазбаша формасында жиі жұмсалатындықтан мұнда тілдік құралдар сұрыпталып қолданылады, кітаби-жазба стильдер сөйлеу стиліндей тікелей қатынас жасауда көрінбейді. Сондықтан, онда қаралатын ғылым, заң жобалары, іс-қағаздары, ресми документтер және басқа да осылар сияқты қоғамдық маңызды мәселелер жан-жақты толық қамтылып, логикалық жүйелілікті бұзатын қажетсіз детальдар болмай, нақтылы, дәл жазылуы керек, мұндай талап кітаби-жазба стильдердің бәріне бірдей қойылады.
Іс - қағаздары стилі мен ресми стиль. Іс қағаздары стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Кеңсе іс қағаздарының үлгілеріне өтініш, сенім хат, қол хат, анықтама, мінездеме, шақыру билеті, хабарландыру, протокол, қатынас қағазы, акт, рапорт, шарт, міндеттеме, бұйрық, есеп т.б. жатады.
Ресми стильдің көлем, мазмұн және жазылу формасы жағынан іс-қағаздарынан біраз ерекшелігі бар. Ресми қағаз белгілі бір қалыпқа (штампқа) түсіп отырады, онда сөз қолданысы ерекше болады. Ресми стильде көбінесе заң, устав, үкімет органдарының қаулылары, халықаралық шарт, келісім, нота, үкімет хабарлары жазылады.
Публицистикалық стиль. Публицистика (латынша: publicus – көпшілік, әлеумет) – қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы, қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді.
Публицистикалық стильге қойылатын талап – қандай тақырыпқа жазылса да, логикалық жағынан дәлелді, көңілге қонымды болуы қажет. Публицистикалық стильде тілдің эмоциональды элементтері және сөзді образды қолдану сияқты әдеби стильге тән құбылыстар да кездеседі. Бұл оның әдеби стильге жақындығын көрсетеді. Ал, оның фактіні толық және логикалық жуйелі баяндау тәсілі жағынан ғылыми стильге жақын екені байқалады.
Ғылыми стиль. Ғылыми стиль – жазба стилінің бір түрі. Бұған қазақ тілінде әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады. Ғылыми стильдің зерттеу объектісі болатын – зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін мұнда логика заңына, яғни дұрыс ойлау заңына сүйену қажет. Сондықтан, ғылыми стильде логиканың маңызы ерекше. Ғылыми шығармалар жалпы халықтық әдеби тілде жазылады. Ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады. Мыс: тіл білімінде лингвистика, лексика, фразеология, семасиология т.б. физикада анод, вакуум, атом, атомдық салмақ, шана т.б.
Ғылыми стильде жалпы жазу тіліне тән синтаксистік құрылыс пайдаланылады. Бұл стильдің негізгі ерекшелігі – мұнда ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және формулаларға негізделуінде.
Көркем әдебиет стилі. Көркем әдебиет стилі немесе көркем сөз – ойды және сезімді образ арқылы бейнейтін айрықша өнер. Тіл көркем шығармада ерекше эстетикалық қызмет атқарады. Көркем шығарма тілі – проблемалық мәселе. Көркем шығарманы жасайтын – жазушы. Шығармадан жазушының өзіндік ерекшелігі, шеберлігі, стилі байқалып отырады. Шеберлік мәселесі тілге тікелей қатысты. Әдеби шығарманың негізгі құралы – тіл. Жазушылар өмірдегі сан алуан құбылыстарды бейнелі сөз өрнегі арқылы қиюластырып, көркем образдар жасайды. Жазушының стиль ерекшелігі – жалпы халықтық тілдің жалғасы ретінде дамитын әдеби тілдің маңызды бөлшегі.
Көркем сөз стилінде стильдердің элементтері кездеседі. Тілдік тәсілдер көркемдік мақсатта жұмсалады. Образды сөздер жиі қолданылады. Әр жазушының өзінің талғамына қарай тіл ерекшелігі, қолдану тәсілі болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет