Омырау сүтімен емізу туралы анасына келесі кеңестерді беру
1
|
Қолды сабынмен жақсылап жуу.
|
|
2
|
Ыңғайлы қалыпта отырып, өзін бос ұстау. Баланы жастыққа жатқызуға болады.
|
|
3
|
Нәрестені кеудеге дұрыстап орналастыру. Сонымен қатар:
|
|
4
|
Баланы астынан ұстап тұру керек. Егер жаңа туылған нәресте болса, онда иығының артқы жағынан ұстап (бірақ желкеден емес), баланың басы сәл артқа босатылуы керек.
|
|
5
|
Баланы омыраумен емізгенде омырауды төменгі жақтан 4 саусақпен ұстап ал бас бармақты жоғары жағынан емізікке тым жақын емес ұстау.
|
|
6
|
Емізікті баланың ерініне тигізу (дұрысы жоғарғы ерініне).
|
|
7
|
Бала аузын ашқан кезде емізікті баланың ерініне бағыттау және оны осы кезде тек емізікті ғана емес, сонымен қатар ареоланы дем ала алатындай етіп орналастыру.
|
|
8
|
Төменгі еріні сыртқа шығып, ал иегі кеудесіне жақын болуы керек.
|
|
9
|
Баланы емізу барысында омырауды ұстамауғада болады, себебі тыныс алу жолдары жабылмайды, яғни тыныс алу жеткілікті болады.
|
|
10
|
Баланың қаншалықты дұрыс еметіндігін бақылау. Егер сүт жеткілікті болса терең соратын қозғалыстар жасайды, сүтті қалай жұтатындығы естіледі және нәресте еміп болған соң тыныштанады.
|
|
11
|
Бала қанша уақыт емгісі келсе, сонша уақыт емізу керек (әдетте ол 15 – 20 минуттан 30 минутқа дейін созылады). Егер баладан уақытынан ерте омырауды алып алса, онда өзіне қажетті сүтті қабылдамайды. Нәрестені оның сұрауы бойынша емізу, түнгі үзілістерсіз (тәулігіне 7 – 12 рет және одан да көп).
|
|
12
|
Келесі емізуде баланы басқа омырауға бағыттау.
|
|