ҚР ҚН 3.02-07-2014* 13
5.3.2.6 Жертӛле немесе іргеқабат және бірінші қабат арасында дәлізге, холға немесе
бірінші қабаттың вестибюліне апаратын қатынауға арналған бӛлек баспалдақтар
адамдардың жертӛледен немесе цокольдық қабаттан эвакуациялауда есепке алынбайды.
Егер жертӛле немесе цокольдық қабаттан шығатын баспалдақ бірінші қабаттың
вестибюліне шықса, ғимараттың жердің жоғарғы бетіндегі барлық баспалдақтарда, осы
вестибюльге шығатын шығуды санамағанда, тура сыртқа шығатын есіктер болу керек.
5.3.2.7 Баспалдақ торларын табиғи жарықтандыру арқыл сыртқы қабырғалардағы
(жертӛлелер баспалдақтарын, сондай-ақ ойын-сауық кәсіпорындары ғимараттарындағы
колосник баспалдақтарын қоспағанда) саңылаулар арқылы жобалау қажет.
Бұл жағдайда стационарлық емдеу мекемелері ғимараттарында ӛрт болған кезде,
баспалдақ торлары шамдарының автоматты түрде ашылуы қарастырылу керек.
5.3.2.8 Автоматты ӛрт сӛндіру бүкіл ғимаратқа орнатылған жағдайда, баспалдағы
ашық үй-жайларды дәліздерден және басқа да үй-жайлардан бӛлу міндетті емес.
Стационарлық емдеу мекемелерінің ашық баспалдақтары ӛрт кезінде адамдарды
эвакуациялау кезінде есепке алынбайды.
5.3.2.9 *Бӛлшек сауда және қоғамдық тамақтану ғимараттарында отқа тӛзімділігі I
және II дәрежелі баспалдақтар бірінші қабаттан екінші қабатқа дейін немесе жертӛле
қабатынан бірінші қабатқа дейін ашық болуы мүмкін.
Бұл ретте, бӛлшек сауда кәсіпорындарына арналған баспалдақтарды немесе
пандустарды тиісті сауда залдарында болған сатып алушылардың тең жартысы үшін ғана
эвакуациялау жолдарының есебінде ескеру болады, ал қалған сатып алушыларды
эвакуациялау үшін кемінде екі жабық баспалдақ кӛздеу қажет.
Ашық баспалдақтардың (немесе пандустардың) ұзындығын еденнің ең алыс
нүктесінің арақашықтығынан бастап эвакуациялық сыртқа шығуға дейін қосу қажет, бірақ
оның кӛлемі эвакуациялық ӛтпелердің негізгі кӛлеміне қосылмайды (Өзгерт.ред. – ҚТҮКШІК 07.08.2018 ж. №175-НҚ бұйрық).
5.3.2.10 *Ф.2.1 функционалдық ӛрт қауіптілігі бойынша ғимараттарда екі
баспалдақтан артық емес саты ашық болуы керек, сондай-ақ қалған сатылар (кемінде екі)
жабық баспалдақтарда болуы керек.
Ашық баспалдақтар эвакуация ретінде вестибюльдің еден деңгейінен келесі
қабаттың еден деңгейіне дейін ескеріледі. Келесі қабаттарда, кӛрермен кешенінің үй-
жайларынан, жабық баспалдақтарға әкелетін оқшауланған эвакуациялық жолдар
орналастыру қажет (Өзгерт.ред. – ҚТҮКШІК 07.08.2018 ж. №175-НҚ бұйрық).
5.3.2.11 Мақсатына қарамастан қоғамдық ғимараттар үй-жайларынан шығатын
(жанғыш материалдар сақталатын қоймалар мен шеберханалардан басқа, кӛрермендер
залдарынан, дәрісханалардан, оқу және сауда үй-жайларынан, оқу залдарынан және т. б.)
есіктердің бірі тура вестибюльге, киім сақтайтын орынға, ашық баспалдақтарға жанасып
тұрған әр қабаттағы холл мен фойеге шығу керек.
5.3.2.12 Цокольдық немесе жертӛлелік қабатқа фойе, киім сақтайтын орын, темекі
шегетін орын және дәретхана орналастырылған жағдайда, жертӛлелік немесе цокольдық
қабаттан бірінші қабатқа баратын бӛлек ашық баспалдақтарды қарастыруға болады.
Желтартқыш баспалдақ клеткалары болмаған жағдайда, эвакуациялау үшін жұмыс
галереялары мен колосник тӛсемінен сыртқы ӛрт баспалдақтарын қарастыруға болады.
5.3.2.13 Сыртқы ӛрт баспалдақтарын жасау қажеттілігі «Ӛрт қауіпсіздігіне