5.4 Ғимараттарды пайдалану барысында адамдардың денсаулығын қорғауды
қамтамасыз ету бойынша талаптар
5.4.1 Учаскеге қойылатын талаптар
5.4.1.1 Қоғамдық ғимараттар аумағының учаскелерін орналастырған уақытта қала
аумағының қала құрылыстық аймақтарға бӛлінуін және функционалдық-жоспарлық білім
беру ұйымдарының (нормалау объектілерінің) нормативтік талаптарын ескеру қажет.
5.4.1.2 Ғимараттарды жобалағанда, сондай-ақ учаскені аймақтарға бӛлгенде келесі
пункттерді ескеру қажет:
ҚР ҚН 3.02-07-2014*
15
- учаске шекараларының сақталуы;
- табиғат ресурстарының сақталуы және қорғалуы, сондай-ақ инфрақұрылым,
энергия шығынының азайтылуы, су сапасы;
- адамдардың
ӛмірі мен денсаулығы, сондай-ақ маңайдағы учаскелердің
қожайындары үшін қауіпсіздік шараларының сақталуы;
- жаяу жүргіншілер бағыттарының, велосипед және автокӛлік жолдарының қауіпсіз
орналастырылуын қарастыру;
- бағыттары негізгі жолмен қосатын, ғимаратқа апаратын жолдардың жасалуы;
- учаскенің кӛгалдандырылуы ағаштар кӛлік жүретін жолдарды, жаяу жүргіншілер
жолдарының бағыттарын жаппайтындай әзірленуі тиіс;
- жарық беру аспаптарының әзірленуі, орналастырылуы.
5.4.1.3 Құрылыс тығыздығын арттыратын объектілер ретінде құрылыс габариттерін,
қоғамдық ғимараттар аумағы учаскелерінің параметрлері мен функционалдық мақсатын
негіздеу үшін тӛмендегілерді орындау қажет:
- жол-кӛлік және инженерлік коммуникациялардың артық жүктелуіне жол бермеу
үшін қоғамдық ғимараттардан түсірілетін қосымша жүктеменің ескерілуімен кӛлік және
инженерлік желілердің ӛткізу қабілетінің есептеулерін;
- учаскелерге жапсарланып тұрған аумақтардағы белгіленген функционалдық-
жоспарлық білім шекарасында халықтың жалпы пайдаланыстағы кӛгалдандырылған
аумақтармен және қоғамдық қызмет кӛрсету объектілерімен қамтамасыз етілуін ескере
отырып.
5.4.1.4 Қоғамдық ғимараттар аумағының учаскелерінде және (немесе) құрылыс
құрамында:
- келушілер мен жұмысшыларға арналған жеңіл автокӛліктер қойылатын тұрақ
орындары мен аялдамалар;
- ғимаратқа қызмет кӛрсететін жүк автокӛліктері мен автобустардың тұрақ
орындары мен аялдамалар орналастырылуы қажет.
5.4.1.5 Қоғамдық ғимараттардың учаскесі аумағынан шығатын (кіретін) жолдарды
жергілікті кӛше желісінде немесе жалпы қалалық мақсаттағы магистральдік кӛшелердің
жергілікті ӛтпелерінде ұйымдастыру қажет.
5.4.1.6 Қоғамдық ғимараттардың қызмет етуімен түсіндірілетін кӛлік ағындарының
кӛлемі қоғамдық ғимараттар орналастырылатын орынға жанасып тұрған кӛше-жол
желісіндегі автокӛліктерінің ағынымен бірге осы кӛше-жол желісінің ӛткізу қабілетінен
аспауы керек.
5.4.1.7 Аумақтың ұйымдастырылуы мен учаскеге құрылыстардың салынуы бӛлек
коммуникациялардың, кірулер мен вестибюльдердің ұйымдастырылуы есебінен қоғамдық
ғимараттардың функционалдық мақсаты жағынан әртүрлі бӛліктерінің бӛлек қызмет ету
мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет. Учаске шекарасында орналасатын қызмет кӛрсету
объектілеріне қала халқының емін-еркін кіруі қамтамасыз етілуі керек.
5.4.1.8 Жолдарды қоғамдық ғимараттардың аумағында жобалаған уақытта барынша
сапалы жол жабынын қамтамасыз ету қажет.
5.4.1.9 Жолдар, ӛткелдер ені жеңіл, жүк кӛліктері, құтқару қызметі кӛліктері
габариттерін ескере отырып есептелуі тиіс.
|