ҚР ҚН 3.02-07-2014* 14
қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентімен және ӛрт қауіпсіздігі бойынша
басқа да қолданыстағы нормативтік құжаттармен айқындалады.
5.3.2.14 *(Алынып тасталды – ҚТҮКШІК 07.08.2018 ж. №175-НҚ бұйрық).
5.3.2.15 *Бір мезгілде осы қабатта болатын адамдардың кӛпшілігі қоғамдық
ғимараттарда (кинотеатрларды, клубтарды, театрларды және спорт ғимараттарын
қоспағанда) эвакуация жолдарын еңбекке үйрету және ұйықтау үй-жайлары, сондай-ақ
спорттық және мәжіліс залдары, дәріс аудиториялары, осы қабатта орналасқан тамақтану
және оқу залдары мен ойын-сауық үй-жайларын енін есептеген кезде анықтаған жӛн
(Өзгерт.ред. – ҚТҮКШІК 07.08.2018 ж. №175-НҚ бұйрық).
*5.3.2.15-1 «Балалардың тұрып жатқан үй-жайларынан, сондай-ақ осы үй-жайдан
шыққан баспалдақтардағы эвакуация жолдарында электромагниттік құлыптарды орнату
рұқсат етілмейді (Толықтырылды – ҚТҮКШІК 07.08.2018 ж. №175-НҚ бұйрық). 5.3.2.16 Эвакуациялық шығаберіс есіктерді жүк түсіру үй-жайлары арқылы жасауға
жол берілмейді.
5.3.2.17 Жалпы білім беру мекемелері мен интернат ұйымдарының ғимараттарында
ағаш ӛңдеу шеберханалары мен металл мен ағаш ӛңделетін құрама шеберханалардан тура
немесе сыныптардан, оқу кабинеттері мен зертханалардан шығатын есік жоқ
шеберханаларға жанасып тұрған дәліз арқылы сыртқа (жылытылған тамбур арқылы)
шығатын қосымша есік қарастыру қажет.
5.3.2.18 Тасымалданатын арақабырғалармен бірнеше бӛліктерге бӛлінген үй-жайларды
жобалаған кезде әр бӛліктен шығатын эвакуациялық шығаберісті қарастыру қажет.
5.3.2.19 Балкондағы адамдар спорт, акт немесе кӛрермендер залдары арқылы
эвакуацияланбауы тиіс.
5.3.2.20 Аппарат және жарық проекциясы орындарынан кӛрермендер кешенінің үй-
жайларына шығатын шығуларды жанбайтын материалдардан жасалған ӛздігінен
жабылатын есіктермен жанбайтын тамбурлар немесе дәліз арқылы жасауға жол беріледі.
5.3.2.21 Қоймаларға және басқа да сауда емес үй-жайларға кіретін есіктерді үй-
жайлардың ӛндірістік топтары жағынан орналастыру қажет.
5.3.2.22 Вокзалдар ғимараттарына орналастырылатын қонақ үйлердің жеке
эвакуациялау жолдары болуы тиіс.
5.3.2.23 Баспалдақ торларынан, сондай-ақ вокзал ғимараттары дәліздерінен тура
сыртқа, сыртқы ашық эстакадаға немесе платформаға шығатын шыға беріс есігі бар
біріктірілген жолаушылар залына шығатын есіктер эвакуациялық болып саналады.