ҚР ҚН 3.02-13-2014* 49
атмосфералық ауаға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес барлық
ластану көздері жиынтығының атмосферадағы ластаушы заттардың таралуын есептеу
арқылы орындалады.
5.8.8 Радиоактивті қалдықтарды қолдану шарттары радиациялық қауіпсіздік
саласында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес анықталады.
5.8.9 Емдеу-профилактикалық мекемелерін салған кезде ресурстардың таусылуы,
атмосфера мен су ортасының ластануы, топырақ жабынының жойылуы, ландшафтың
өзгеруі, техногендік ландшафтардың туындауы, қауіпті шудың ластануы, қалдықтардың
түзілуі, экожүйедегі табиғат тепе-теңдігінің бұзылуы, өсімдіктің жойылуы, нашарлауы,
қаналуы, гидрогеологиялық режим мен жер қатпарының қысымды күйінің өзгеруі және
басқа да тікелей және жанама әсерлер сияқты кері экологиялық әсерлерді болдырмау
керек.
5.8.10 Ішкі әрлеу жұмыстары үшін қолданылатын барлық материалдарда
санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес қауіпсіздікті
айғақтайтын құжат болуы тиіс.
5.8.11 Үй-жайдың жарықтандырылуын емдеу-профилактикалық мекемелердің
көлемдік-жоспарлық элементінің функционалдық мақсатына байланысты ҚР ҚН 2.04-01
және гигиеналық талаптарға сәйкес қабылдау керек.
5.8.12 Сыртқы шу көздерінен қорғау (инженерлік қондырғылар, жылумен қамтудың
кіріктірме дербес көздері, ауа баптау жүйелері және т. б.) ҚР ҚН 2.04-02 ережелеріне және
қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес емдеу-профилактикалық мекеме
ғимараттарының нормативтік шу деңгейлерін қамтамасыз етуі тиіс.
5.8.13 Сыртқы шу көздерінің шу сипаттамалары, үй-жайға кіретін дыбыстың
деңгейлері және құрылыс салынып жатқан аумақтардағы шу деңгейі, оларды
төмендетудің талап етілген шамасы, шараларды және шудан қорғау шараларын және
құралдарын таңдауды ҚР ҚН 2.04-02 және қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес
анықтау керек.