ҚР ҚН 3.02-13-2014*
46
5.5.7.2 Мәжіліс жүргізуге арналған конференц-байланыс жүйелерін, орнату
орындарын және қондырғыларды таңдауды ұйымдастыру
саласына сәйкес қарастыру
керек.
5.5.7.3
Емдеу-профилактикалық мекемелері бас дәрігерінің және оның
орынбасарларының
кабинеттері
оларға
бағынышты
қызмет
басшыларының
кабинеттерімен тікелей жедел байланысты қамтамасыз етуі тиіс.
5.5.7.4 Автоматты өрт дабылын жобалау ҚР ҚН 2.02-02 талаптарына және
«Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде
өрт сөндіру және
автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды
басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламентіне сәйкес
орындалуы тиіс.
5.5.7.5 Қажеттілігіне қарай күзет сигнализациясын ұйымның мақсатына байланысты
қарастыру керек.
5.5.7.6 Күзет дабылымен улы және есірткі дәрілік заттарды сақтауға арналған үй-
жайлар және орындар жабдықталуы тиіс.
5.5.7.7 Бақылау және басқару жүйесін мекеменің саласына байланысты қарастыру
керек.
5.5.7.8 Вестибюльдерде, сонымен қатар палата
бөлімдерінің қабаттарында
(психиатриялық және инфекциялық бөлімдерінен басқа) телефондарды қарастыру керек.
Инфекциялық науқастарға арналған палаталарда, бокстарда және жартылай бокстарда,
сонымен қатар босанудан кейінгі палаталарда телефон
аппараттарына арналған
розеткалар қарастырылуы тиіс.
5.5.7.9 Қалалық радиохабар тарату желісінің дауыс зорайтқыштарын әкімшілік үй-
жайларда, кезекші дәрігер және кезекші қызметкерлер кабинеттерінде қарастыру керек.
5.5.7.10 Палаталардағы (психиатриялық және балалар бөлімдері палаталарынан
басқа) әрбір төсектің жанына,
әдеттегідей, кезекші медбикені науқасқа шақыруды
қамтамасыз ететін екі жақты сигналды-сөйлесу құрылғысын қарастыру керек.
5.5.7.11 Емдеу-профилактикалық мекемелерге әлсіз токты құрылғыларды жобалау
қоғамдық ғимараттарға қойылатын қолданыстағы нормативтік-техникалық
талаптарға
сәйкес орындалуы тиіс.
5.5.7.12 Байланыс түрлері, олардың қажеттілігі, саны және әлсіз токты абонент
құрылғыларын орналастыру объектінің ерекшелігіне байланысты анықталуы тиіс.
5.5.7.13 Күзет сигнализация жүйесін жобалау, адамдарға
өрт туралы хабарлау
қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: