ҚР ҚН 3.02-13-2014*
47
5.6.2 Табиғи,
техногендік, биологиялық-әлеуметтік
және әскери төтенше
жағдайларды жою барысында азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың
инженерлік-техникалық шараларына қойылатын талаптарды реттейтін заңнамалық және
нормативтік актілерді басшылыққа алу керек.
5.7 Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз
ету бойынша талаптар
5.7.1 Емдеу-профилактикалық
мекемелерді жобалау және салу барысында
ҚР ҚН 3.06-01 талаптарына сәйкес осы ғимараттарда жұмыс істейтін немесе келетін
халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарына қолжетімділік қамтамасыз етілуі тиіс.
5.7.2 Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарына қолжетімді
мекемелердің жобалық
шешімдері келесілерді қамтамасыз етуі тиіс:
- мақсатты келу орындарына қолжетімділік пен ғимараттың ішінде кедергісіз
жүруді;
- қозғалыс жолдарының (оның ішінде эвакуация жолдарының), сонымен қатар
мекендеу, қызмет көрсету және еңбек ету орындарының қауіпсіздігі;
- кеңістікті бағдарлауға мүмкіндік беретін толыққанды
және сапалы ақпаратты дер
кезінде алу, қондырғыларды қолдану (оның ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету), қызметтерді
алу, еңбек процесіне қатысу және т. б.;
- өмір сүру ортасының қолайлылығы мен жайлылығы.
5.7.3 Жобаларда халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының ғимаратқа кіретін
учаскесі бойынша немесе мекеме аумағы бойынша кедергісіз және қолайлы жүру
жағдайлары қарастырылуы тиіс. Ақпараттық қолдау көрсету құралдарының жүйесі
барлық пайдалану уақытында халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарына қолжетімді
барлық жүру жолдарында қамтамасыз етілуі тиіс.
5.7.4 Арбамен қозғалатын науқастар үшін пандустар жабдықталады.
5.7.5 Соқыр және нашар көретіндер үшін жоғарыдағы және төмендегі баспалдақтар,
баспалдақтың бірінші және соңғы сатыларының тұтқыш
учаскелері бұдырлармен және
қарама-қарсы бояумен белгіленеді.
5.7.6 Жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі жиек пандустар жаяу жүргіншілерге
арналған аймақ шектеріне түгел орналасуы тиіс және өтетін жолға шықпауы тиіс.
5.7.7 Жаяу жүргіншілер, тротуарлар мен пандустар жабыны қатты, тегіс, кедір-
бұдырлы, қозғалыс кезінде
діріл жасамайтын саңылаусыз, сондай-ақ сырғанауды
болдырмайтын материалдан болуы тиіс.
5.7.8 Мүмкіндігі шектеулі топтардың ауысу жолдарындағы деңгейлердің түсуін
болдырмау керек.
5.7.9 Әлеуметтік инфрақұрылым объектілері келесідей арнайы аспаптармен және
қондырғылармен жасақталуы тиіс:
- салынып жатқан, жөнделіп жатқан объектілер жанындағы арнайы белгілерін және
бағдаршамдар жанындағы дыбыстық
сигнализацияны қосқанда, көрнекі және дыбыстық
ақпаратпен;
- телефон-автоматтармен немесе мүгедектерге қолжетімді басқа байланыс
құралдарымен;