Строительные нормы республики казахстан


 ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҰТЫМДЫ



Pdf көрінісі
бет50/102
Дата29.09.2023
өлшемі2,16 Mb.
#111537
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   102
Байланысты:
СН РК 3.02-13-2014 12.04.2023

ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҰТЫМДЫ 
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША ТАЛАПТАР 
 
6.1 Энергия тұтынуды азайту бойынша талаптар 
 
6.1.1 Энергия 
үнемдеу және жылу шығынын азайту бөлігінде емдеу-
профилактикалық ғимаратты жобалау энергетикалық ресурстарды тиімді қолдану және 
үнемдеуге бағытталған қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына 
сәйкес орындалуы тиіс. 
6.1.2 Мекеменің энергетикалық тиімділік талаптарына төмендегілер кіруі тиіс:
а) энергетикалық ресурстардың меншікті шығын шамасын сипаттайтын 
көрсеткіштер;
б) сәулеттік, функционалдық–технологиялық, конструктивтік және инженерлік-
техникалық шешімдердің энергетикалық тиімділігіне ықпал ететін талаптар;


ҚР ҚН 3.02-13-2014* 
50 
в) жеке элементтерге, конструкцияларға және олардың қасиетіне, ғимаратта 
қолданылатын құрылғыларға және технологияларға қойылатын талаптар, сонымен қатар 
жоба құжаттамасына кіретін және ғимаратты, құрылысты салу, реконструкциялау, күрделі 
жөндеу процесіндегідей және оларды пайдалану процесіндегідей энергетикалық 
ресурстардың тиімсіз шығындарын болдырмауға мүмкіндік беретін құрылыс, 
реконструкция, күрделі жөндеу кезінде қолданылатын технологияларға және 
материалдарға қойылатын талаптар.
 
6.1.3 Жобалау барысында инженерлік жүйелерде энергияны үнемдеуші шараларды 
қолдану керек. 
6.1.4 Салқын және ыстық сумен, электр қуатымен, газбен және жылумен орталықтан 
қамту барысында, сонымен қатар мекемелерде әртүрлі ұйымдарға немесе меншік иелеріне 
тиісті үй-жайлардың бірнеше тобы болған жағдайда, осындай әрбір үй-жай тобы энергия 
және су шығынын есепке алу аспаптарымен жабдықталуы тиіс. 
6.1.5 Экология, қауіпсіздік және энергетика тұрғысынан тұрақты техникалық қызмет 
көрсету және жүйелерді білікті қызметкердің тексеруі арқылы жылыту және ауаны баптау 
жүйелерінің оңтайлы жұмысын қамтамасыз ету керек. 
6.1.6 Мекеменің энергетикалық тиімділігін жетілдірген уақытта климаттық және 
жергілікті жағдайлар, сонымен қатар үй-жайлардың ішіндегі климаттық жағдай назарға 
алынып, экономикалық тиімділік ескерілуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет