Студент: Аманжолова Б. А. Тобы: дги-201в


Практикалық жұмыс Туризм туралы Қазақстан Республикасындағы қабылданған құжаттар Практикалық жұмыс 11



бет9/19
Дата26.11.2023
өлшемі145,2 Kb.
#128240
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

Практикалық жұмыс


Туризм туралы Қазақстан Республикасындағы қабылданған құжаттар

Практикалық жұмыс 11


Өлкетанудың зерттеу объектілері
Конспект

Лекция 11


Қорықтар мен ұлттық парктер (саябақтар) туризм обьектілері.
Қорықтар аумағы үстімен жорық маршруттарын жүргізуге көбіне рұқсат етілмейді. Дегенмен, егер рұқсат етілген жағдайда жорық уақыты (құстардың жұмыртқалау, балықтардың уылдырық шашу мерзімдеріне т.б. нәрселерге байланысты) келісілуі керек. Қорық аумағында арнайы рұқсат бойынша экскурсиялар экологиялық соқпақтарда өткізіледі. Бұл экскурсиялардың ерекшелігі, біріншіден, экскурсия жүргізуші адам ретінде қорық қызметкерлері болады, екіншіден экскурсиялар қатаң түрде арнайы соқпақтар бойымен, тек белгілі-бір маршруттар бойынша жүргізіледі. Қорықтар мен(10) ұлттық парктер (саябақтар) туристік мақсатта, сонымен толық емес, ішінара, пайдаланылады. Өйткені олардың құрылып, жұмыс істеуінің негізгі мақсаттары басқа. Олар ең алдымен сиреп бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғауға алып, көбейту, ландшафтарды әсіресеи қайталанбас ландшафтарды сақтау және осы мақсатта оларда жүретін тіршілік, табиғи динамикалық процестерді зерттеу үшін қызмет атқарады.
Қорықтар көбіне табиғи аумақтарды қорғауды мақсат етсе, ұлттық парктердің алдына қойған мақсаттары кеңдеу. Олар белгілі-бір жердің табиғатын қорғаумен қатар, кейбір мәдени-тарихи орындарды сақтау үшін қызмет атқарады. Сондықтан ұлттық парктер табиғи және мәдени-тарихи түрде көрінуі мүмкін немесе осы екі мақсатты да қосып алуы мүмкін. Осы негізде қорықтарға қарағанда ұлттық парктердің туризм үшін маңыздылығы жоғарырақ. өйткені оларда туристер үшін экскурсияларды көбірек өткізуге мүмкіндік бар. Бұған мысал ретінде АҚШ-тың ең алғашқы және ең ірі ұлттық парктерінің бірі Вайомонт штаты аумағындағы Иеллоустон ұлттық паркін алуға болады. Бұл ұлттық паркте туристер тамашалайтын экскурсиялық орындар мен табиғи ескерткіштер өте көп. Сондықтан оған шет елдерден, тіпті Құрама Штаттардың өзінен де келетіндер көп. Жалпы Америка Құрама Штаттары ұлттық парктердің көптігі және олардың жоғарыда айтылғандай кешенділігі, табиғатты қорғау және мәдени-тарихи орындарды сақтауға бағытталуы жағынан үлгі аларлық ел.
Біз жоғарыда айтқандай қорықтарға қарағанда ұлттық парктердің атқаратын қызметтері ауқымды, сондықтан оларды ұйымдастырып, жұмыстарын алға қою, сондай-ақ олар үшін аумақтарды таңдап алу күрделі жұмыс. Сондықтан ұлттық парктерді ұйымдастыру және олар үшін белгілі-бір аумақты таңдағанда төмендегідей принциптерді ұстаған жөн. Бір айта кететін жайт, бұл отандық емес, көбіне шет елдер тәжірибесіне сүйенгендік.
1) Табиғи ландшафтарды қорғау;
2) Көп ландшафтылық принципі;
3) Тарихилық;
4) Символикалық;
5) Ұлттық ерекшеліктерді білдіру принципі.
Ұлттық парктер де қорықтар сияқты сиреп бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғау және көбейту, сондай-ақ табиғи құндылығы жоғары ландшафтарды сақтап қалуға бағыт алып жұмыстар атқарады. Алайда қорықтардан айырмашылығы көп жағдайда оларда арнайы ғылыми-зерттеу жұмыстары өткізілмейді. Екінші принцип бойынша айтылатын нәрсе — ұлттық парктер, әсіресе табиғи бағытта құрылған ұлттық парктер үлкен аумақтарды қамтиды. Сондықтан табиғатты қорғау жағынан да, туристік мақсаттар бойынша да ұлттық парктер әр түрлі табиғи ландшафтарда болғаны дұрыс. Табиғатты қорғау жағынан бұл осы ландшафтар — шөлейттер, шалғындар, өзен бойлары, көлдер маңы, батпақтар, таулы жерлер т.б. сақтауға бағытталса, туризм бойынша ұлттық паркке келетін туристер осы жерлердің барлығын тамашалай алады.
Тарихилық принцип бойынша ұлттық парктер кейде мәдени-тарихи орындар мен ескерткіштерді қорғауға алу үшін арнайы құрылуы мүмкін, ондай жағдайда олар тарихи орындар маңында жобаланады. Ал кешенді мақсаттағы ұлттық парктер болса, олардың аумақтарында тарихи-мәдени ескерткіштердің болуы ескеріледі. Төртінші — символикалық принцип біз үшін жаңа жағдай. Бірақ шет елдерде бұл принцип ұлттық парктер құру үшін қолданылады. Бұның айқын мысалы ретінде Литваның ұлттық паркін (мемлекеттік ұлттық парк) айтуға болады. Бұл ұлттық паркте жүргізілетін экскурсиялар арнайы құрылған белгілі-бір маршруттар бойынша жүргізіледі. Туристер үшін салынған арнайы (сувенирлер сататын т.б.) магазиндер мен қонақ үй ұлттық паркке кіре беріс жерлерде орналасқан. Ұлттық парк Каунас қаласына жақын жерде орналасқан. Парк орналасқан территория пішіні жағынан Литва территориясын елестетеді. Балтық теңізінің бейнесін сол жерде орналасқан кіші-гірім қол беретін болса, Литваның ең үлкен өзені — Немунастың (Неман) бейнесін сол көлге құйып жатқан, ұлттық парк аумағы бойынша ағатын бұлақ ретінде көрінеді. Яғни, парк құру кезінде мемлекет аумағы мен ондағы ірі-ірі географиялық нысаналарды бейнелеуде символикалық принцип ескерілген.
Ұлттық парктер мұражайлар түрінде жоғарыда айтылған мақсаттармен бірге де жұмыстар атқарылуы тиіс. Олардың аумағыңда мекендейтін халықтардың тарихын, ұлттық ерекшеліктерін, кәсібін, қолөнерін, музыкасын, әдебиетін т.б. және аумақтық ішкі ерекшеліктерді бейнелейтін немесе білдіретін мұражай түрінде немесе басқаша да, қазақ ауылдары, киіз үйлер құру орындары болуы тиіс. Ол жерлерде жоғарыда айтылған ұлттық ерекшеліктеріне байланысты заттар қойылуы керек. Бұл тұрғыда Литваның мемлекеттік ұлттық паркі мысал бола алады. Парк аумағында көне Литваның ішкі аймақтары 3 бөлікке бөлінген. Әр бөлікте аймақ бойынша халықтың көне өмірінен хабар беретін және аймақ ерекшеліктері ескерілген усадьбалар салынған. Оларда қажет деп табылған экспонаттар — көне халық аспаптары, шаруа құралдары т.б. қойылған. Осындай принципті біздің жағдайымызда да, біздің мемелекетімізде де қолдануға болар еді.
Жоғарыда айтылғандай кешенді ұлттық паркті, мысалы, Алматы облысының Іле өзенінің атырауында құруға болады. өйткені бұл жер табиғатын қорғауды қажететін экологиялық дағдарыс алдындағы жер, екіншіден әр түрлі ландшафтар — тоғайлар, көлдер, шөлейттер т.б. кездеседі. Үшіншіден, қазақ халқының көне кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан және тіршілік ортасы көбіне шөл, шөлейт аудандар орналасқандықтан ұлт тарихы мен ерекшеліктерін бейнелеуге мүмкіндік бар. Төртіншіден, бұл аймақта көне тарихи қалалардың (тарихи ескерткіштер ретінде) қалдық орындары бар (Ағашаяқ, Ақтам). Бұл жерде ұлттық парк құру біріншіден табиғи ортаны сақтауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан туристік топтарды тартуды қамтамасыз етуі тиіс.
Қазіргі кезде “экологиялық туризм” деген ұғым пайда болды. Оның мәні — табиғи ландшафтарды сақтап қалумен қатар, олардың эстетикалық, рекреациялық, мәдени-тарихи т.б. қасиеттерін арттыру, оларды қалпына келтіру және сонымен қатар, бір мезгілде туристердің ол жерлерге келуін қамтамасыз ету. Бұл мақсат Қазақстан жағдайында да іске асырылуы тиіс, өйткені біріншіден пайда әкеледі, екіншіден екі бағытты да (табиғатты қорғау және туризм) бірдей қамти алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет