Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1.Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары.
2.Тәрбие дегеніміз не?
3.Тәрбиенің кең және тар мағынада қалай түсінуге болады?
4.Педагогиканың дамуы және басты міндеттері.
5.Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.
6.«Педагогика» ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама, түсініктеме беріңіз.
7. Бастапқы кезде педагогика қандай ғылымның саласында дамығанын айтыңыз.
8. Педагогика категорияларының ғылым мен практика үшін маңыздылығын түсіндірініз.
9.Педагогика ғылым ретіндегі ілгілері дамуы нені анықтайды?
Әдебиеттер тізімі 1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2002. 6-22б.
2. Педагогика. Оқулық. /Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеттің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы. – Алматы: Print-S. 2005. 6-19 б.
3. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы - Алматы, 1984.
Әдістемелік нұсқау:Тақырып бойынша «педагогика», «мақсат», «құрал», «тәсіл», «қалыптасу», «даму» негізгі түсініктерінің мәнін толық, жан-жақты түсіну үшін оқулықтармен қатар педагогикалық сөздіктерді пайдалану керек.
Өзіндік жұмыс №2 Тақырыбы: Педагогиканың әдіснамасы және педагогикалық зерттеулердің әдістері
Мақсаты: студенттердің әдіснама және педагогикалық зерттеулердің әдістері туралы білімдерін кеңейту, өз бетінше ізденуге мүмкіндік туғызу.
Тапсырмалар: 1. Өтілген материал негізінде педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық сипаттамаларының байланыстарын көрсететін құрылымдық-логикалық схема құрастырыныз.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерінің сипаттамасы