Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет52/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

Сілтеу есімдіктері де стильдің әр саласында кеңінен қолданылуда. «Бұл», «сол» деген түрлері көне түркі ескерткіштерінде кездеседі. Конкретті затты нұсқағанда «анау», дерексіз құбылыс пен ойды нұсқағанда «сонау» есімдіктерін қолданамыз. Кейіпкер атын қайталай бермеу мақсатында кей жазушылар сілтеу есімдігінің «ана, анау» түрлерін пайдаланады:
Анау намыстанғандай:
Жақпаса қойсын,– деді де, енді қайтып үн шығармады. (С.Мұқанов)
Есімдіктердің беретін мағыналық реңктері ұшан-теңіз. Неше, қанша сұрау есімдіктері: Қанша – мол, көп, неше – әр, қанша мағыналарын береді.
Бұрымының қыз Құртқа,
Кекілін, жалын тарайды
Күніне неше қарайды («Қобыланды батыр»).
Қандай сөзі тандануды, сүйсінуді аңғартатын, адамның түрлі көңіл-күйлерін беретін, экспрессивтік мағынада жұмсалатын есімдік түрі: «Сол екеуінің ертеде достасу тарихы қандай қызық, қандай әдемі» (Ғ. Мұстафин).
Етістік тұлғалардың қызметі, түрлі мағыналық реңктері, нақыш-бояулары, экспрессивтілігі көркем шығарма тілінде айқындалады. Мәселен, шақ, рай, көсемше т.б. тұлғалы етістіктердің, болымсыздық формасының стильдік жұмсалу мүмкіншіліктері кең. Етістік тұлғалардың модальдылығын, экспрессивтілігін күшейте түсетін элементтер де (демеулік шылаулар, одағай, қыстырма сөздер, есімдік, үстеу) айрықша қызмет атқарады.
Етістіктің рай тұлғаларының әртүрлі модальдық реңктерді (өкіну, ренжу, тілек, ұсыныс т.б.) жеткізудегі стильдік тәсілдер екендігі айқын (оған сәлем айтқайсың, бірауыздан дауыс берейік). Немесе жақтық тұлғалардың да түрлі стильдік мән-мағына берудегі мүмкіндігі мол. Мына өлеңге назар аударайық – назар аударыңдар (II жақ) деудің орнына назар аударайық (I жақ) деп қолдануда үлкен мән бар.
Етістіктің көсемше категориясының да экспрессивтілікті тудыруда стильдік қызметі кең. Мәселен, Абай ойды бейнелі жеткізуде, портрет жасауда, психологиялық хал-ахуалды суреттеуде осы тұлғадағы образды етістіктерді шоғырлап қолданады.
«Болыс болдым, мінекей» деген өлеңінде болыс, пысықтардың портретін жасауда жалпылдап, барқылдап, шаңқылдап, тарпылдап, дікілдеп, өкімдеп, күпілдеп, шыбындап, жымыңдап т.б. – көсемше тұлғадағы етістіктер орынды жұмсалған.
Кейбір етістік тұлғалары сұрыпталып белгілі бір стиль түрлерінде ғана жұмсалады, сол стильдің өзіндік белгілері болып табылады. Ырықсыз етіс тұлғасындағы өткен шақ етістіктер – іс қағаздары стиліне тән (қол қойылды, өтініш берілді т.б.), -сын, -сін бұйрық рай тұлғасы ресми стильге тән ерекшелік болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет