Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет51/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

Ауыр қайғы – үлкен қайғы.
Үлкен ұғымын жазушылар көркем әдебиет стилінде әр түрлі жолмен береді. Мысалы, С.Мұқанов үлкен сөзін қомақты сөзі арқылы береді: Ішінген кәкір-шүкір, көр-жерін алмаған кебеже сырт көлемі қомақты көрінгенмен, Итбайдың семіз денесіне тарлық істеді – Сыртқы көлемі үлкен көрінгенмен деген ұғымның орнына қолданып тұр.
Ғ.Мүсірепов үлкен деген ұғымды туынды сын есім арқылы былай береді: Ашыққан жылқы кетпендей тұяқтарымен қалың қарды бұрқ-сарқ лақтырады.
Б.Майлин өз шығармаларында «нашар, жаман, әлсіз» деген сын есім сөздерді өзінше мүсіндейді. Бір күшеншек жазушы осы әнге буланып «Сарыарқа» деген пьеса жазып шығарды, – деп жазады. Күшеншек деп алуы эмоциональды түрде бейнелі қолданған. Сол тәрізді шала-шарпы, қалай болса, солай деп жатпай, оны шала үйткен бастай ғып бірдеме жазудан пайда жоқ деп, нашар шығарманы «шала үйткен баспен» салыстырған.
Сын есімнің шырай жұрнақтары да поэзия тілінде стильдік мақсатта жұмсалады:
Бір ақын бір ақыннан ақынырақ,
Өйткені ол жүрекке жақынырақ,
Қашанда мықты ақындар Махамбеттеу,
Кемеңгер ойлы ақындар Абайырақ.
Жақсы ақын – әлеуметтің жан ашыры,
Даралау, кемел, дана Пушкинірек (Қ. Салықов).
Мұнда шырай жұрнақтарын автор заңсыз жалғап, аз сөзбен поэтикалық образ жасауда қолданып тұр. К.Федин сөзімен айтқанда, мұндай сөз қолданыстары «блестящие неточности» деп аталады.
Қос сөз түлғасындағы сын есімдер – көркем әдебиет тіліндегі басты суреттеу құралы, әрі экспрессиялық мән туғызу тәсілі:
Аппақ ет, қып-қызыл бет, жап-жалаңаш,
Бейне бір ұқсатамын туған айға (Абай).
Есімдік сөздердің стилі
Есімдік мағынасындағы сөздер белгілі ойды беруде алуан түрлі мағыналық реңкке ие болады.
Сен – жекелік үғымды беретін жіктеу есімдігі, II жағы, тыңдаушыға, жасы кіші балаға, сырлас адамдарына арналып, жанды, жансыз заттардың орнына қолданыла береді. Жазушы төмендегі сөйлемде сен есімдігін қолдану арқылы кейіпкердің жан дүниесін, ашуға толы жүзін елестетеді:
Сен қанқұйлы тамам елді жылатып болдың ғой, осы итаршылықты қоярмысың? (М. Әуезов)
Сен бүлдіресің-ақ дегендей боп, Ермақ кемпіріне ежірейе тағы бір қарады (Б.Майлин).
Тындаушыға арналып айтылып, оның назарын бір сәтке өзіне аударып, оны жақын сырласы санап, пікірлеседі, ой тастайды:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан (Абай).
Диалогты сөйлемдерде есімдіктің қаратпа сөзбен тікелей мағыналық байланысқа түсетін кездері де болады.
Қыз, сен де желпілдеме, – деді Бәтимаға (Ғ.Мұстафин). Ойды нақтылай түсу үшін есімдік түрін осындай байланыста жұмсайды.
Ол есімдігін қолданғанда, ойды жалғастыру, бір сөзді қайталай бермеу мақсатында жұмсайды. «Әсіресе елді қатты сағынған Абай болатын. Ол соңғы уақытта Жидебайдағы шешелерін, ауыл-аймағын түсінде де көре беретін». (М.Әуезов)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет