Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет60/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

3. Қайталама мен бірыңғай мүшелердің стильдік қызметі
Сөйлемнің стилін әрлендіріп, түрлендіруде қайталама сөздердің де қызметі әр түрлі. Олар – қайталап сұрау, бір жағдайға назар аудартуға, көңіл бөлгізуге, динамикалық жай-күйді суреттеуге т.б. бағытталады.
Ұлпан! – деді Мүсреп, Ұлпанның көзіне тура қарап – Ұлпан, сен, мен қазір не айтсам да түгел тыңда, ойлана тыңда. Жақсын, жақпасын, түгел тыңдап ал! Бір ауыз сөз қоспай тыңда! (Ғ. Мүсірепов)
Үзіндіде Мүсрептің тыңда деген сөзі 4 рет қайталанып келіп тұр. Бұл сөзді қайталау арқылы Ұлпанның бар зейінін өзіне аударып, айтар сөзіне құлақ түруін және айтар сөзінің Ұлпан үшін өте маңызды екенін сездіріп тұр.
Жеке сөздер мен тіркестерді қайталап отыру – көптеген қаламгерлердің сүйіп қолданған тәсілдерінің бірі. Мысалы, Түн баласында Бұқтырманың сарыны әлдеқайда қатты естіледі. Маңайды момақан тыныштық басты. Тек Бұқтырманың сарыны... тек сол ғана асығыс ағыспен жөңкіле қашып барады. Тек сол ғана Бұқтырма ғана мәңгі өлмейтіндей, мәңгі суалмайтындай долдана ағады... Тек сол ... Тек Бұқтырма ғана... еркелей бұлаңдайды (О. Бөкеев). Мұнда тек Бұқтырманың сарыны, тек сол ғана деген тіркестердің сөйлем сайын қайталануы арқылы автор экспрессия жасап тұр: осы қайталаулар тыныштықты бұзып тұрған, яғни өзінің барлығын, мәңгілігін көрсетіп жатқан Бұқтырманың "рөлін" арттыра түседі, тыныштық (кішкентай ауылдағы Нұрлан баланың тірлігі) пен беймазалық (махаббатын, өмірін ойлап, аласұрған жігіт арманы — болашағы) беттесіп, қарама-қарсы образ жасалған.
Өлең сөздегі анафора, эпифора, рефрен тәрізді қайталаулар тек жеке сөздер мен сөз тіркестерінің аясында ғана емес, сөйлем компоненттері саласында да орын алады. Мысалы, Ақсақалдар айтады: Биыл астықтың шығымы жақсы Ақсақалдар айтады: Өлара ашық қой әзірше, қазан айы биыл тыныш өтер. Тағы да ақсақалдар айтады: Құдайдың құдіреті... (О. Бөкей).
Бұл үзіндіде ақсақалдардың сөзін бір-ақ жерде біріктіріп беруге болар еді, олай етпей «ақсақалдар айтады» деген сөйлемді үш-төрт рет анафора етіп ұсыну арқылы автор ақсақалдар сөзінің әрбіреуін даралап көрсетуді көздеп тұр. Прозадағы қайталаулар поэзиядағыдан өзгешелеу түседі. Өлеңде олар тармақтар мен шумақтардың әрқайсысында қайталанып келсе, прозада авторлық баяндаудың біртектес үзіктерінің соңында қайталанатын тұтас сөйлем не шағын мәтін болуы мүмкін.
Сөйлемге эмоциялық әр берудің көп тәсілінің бірі – бір сөзді әдейі қайталау, кейде бір сөйлем мүшесін түрлі-түрлі сөздермен бірыңғай етіп жұмсай білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет