Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет63/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

Теңеу – бір затты екінші затқа ұқсастығы арқылы салыстыра қолданылатын стилистикалық тәсіл. Теңеуді зерттеу қазақ тіл білімінде көптен қолға алынды. Ғалымдардың пайымдаулары бойынша (Г.Қоңыров, М.Серғалиев т.б.) теңеулер синтетикалық және аналитикалық тәсілдермен жасалады: -дай (-дей, -тай, -тей), -дайын (-дейін, -тайын, -тейін), -ша, -ше жұрнақтарының, секілді, сияқты, тәрізді, іспетті, тең, ұқсас сөздерінің көмегімен, параллелизм, т.б. көмегімен жасалады. Синтаксистік құрылымына қарай жалаң, күрделі, толымды, толымсыз, бірыңғай, болымсыз деп жіктеледі. Сол сияқты есім тұрақты теңеулер, етістік тұрақты теңеулер деп қарастыру бар. Ең бастысы, теңеулерді ұқсас тілдік құбылыстармен қарым-қатынаста зерттеудің теориялық та, әдістемелік те мәні бар. Басқа троптармен байланыстыра келе, эпитеттік теңеулер, метафоралық, метонимиялық, синекдохалық, градациялық, гиперболалық, литоталық теңеулердің кездесетіндігін тіл фактілері көрсетеді: Мысалы, «Кескіні аршыған жұмыртқадай аппақ, қылдырықтай қиылған қасы бар, садақтың оғындай ұзын кірпігі бар» (С. Мұқанов) – эпитеттік теңеулер екендігі аңғарылады. Бұл – көркем әдебиет стилінің жетіле түскенін көрсетеді.
Метафора – ауыспалы мағынада жұмсалатын троптың түрі. Метафораның басты стильдік ерекшелігі – бейнелілігі. Белгілі зат, құбылыстың басқа топтағы зат, құбылыстың, объектінің белгісі мен қасиетіне қарай ауыстырылуы – метафоралық тәсіл, көбінесе көркем стильде, публицистикалық стильде, шешендік, өсиет сөздерде т.б. жиі қолданылады. Метафораның қолданылу ерекшеліктері жайлы арнайы зерттеулер бар (Б. Хасанов).
Қазақ тілінде метафораның грамматикалық жасалу жолдары бар екендігі белгілі: жіктік, тәуелдік жалғаулары арқылы, көмекші сөздердің тіркесуі арқылы т.б. Сен – бұзау терісі – шөншіксің... Арыстан еді Исатай (Махамбет).
Стильдік қолданысына қарай метафора жалпы халықтық сипаттағы метафоралар, жазушының өзіндік қолтаңбасын ғана көрсететін, жалпы халықтық сипат алмаған, белгілі контекстің аясында ғана жұмсалатын метафоралар, яғни контекстік метафора:
Мұқандай кең ақыл кемеңгер
Мүрдеге сияды демеңдер.
Соны ойлап таяздар тарынар,
Тереңдер тереңге тереңдер (М. Әлімбаев).
Метафораны басқа көріктеу амалдарынан (теңеу, метонимия, эпитет) ажырата білу қажет. Мына көзілдірікке мен көп сене қоймаймын сөйлемінде көзілдірік (бүтіннің бөлшегі) метонимия ретінде қабылдануы мүмкін, негізінен, көзілдірік киіп, білгіштенген, ақыл айтқыш, мақтаншақ адамды бейнелі жеткізуде метафоралық мәнде жұмсалып тұр.
Метафоралық мағынада жұмсау үш түрлі жағдайда болады:
1) сөздің сыртқы белгісі алынады. Мысалы, бұлақтың бастауы – шығармашылық бастау;
2) метафора жасауда сөздің ішкі семантикасы негізге алынады: балшық – зат атауы,адам мінезіндегі ынжықтық;
3) белгі топтағы зат, құбылыстардың белгі-қасиеттері басқа топтағы ұғымдарға сіңісті болып кетуі: ұлу – қасқырға тән, жел ұлиды, өткір пышақ – өткір мәселе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет