Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет62/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

Безендіру стилистикасы



  1. Троптар – тілді тиімді бейнелі жұмсаудың тәсілдері

Троп (грек tropos – айналым, тіл оралымы) – ауыс мағынада қолданылатын атау. Ол мәнерлегіш қасиетке ие, сондықтан ол көркем әдебиет стилінде, ауызша сөйлеудегі шешендік өнерде жиі жұмсалады. Демек, бір сөзде, сөз тіркесінде немесе бір сөйлем ішінде құрылымы, құрамы өзгермей-ақ, бірнеше мағыналарды қамтиды. Троптың түрлеріне: метафора, метонимия, синекдоха, шендестіру, дамыту т.б. жатады. Ауызекі сөйлеу стилінде жиі қолданылған троптардың эмоциялық-экпрессивтік қуаты арта түседі. Көркем әдебиетте кейіпкерлер тілінде, сатиралық туындыларда, сондай-ақ баспасөз тілінде де қолданылады, ресми іс қағаздары мен ғылыми стильдерге тән емес құралдар.
Эпитет. Қазақ тілі материалы негізінде, оқулықтарда эпитет – тілді көріктеу, образ жасау құралы екендігі айтылады. Эпитет, кейбір зерттеушілер айтқандай, кез келген анықтауыш емес, оқушының жан дүниесін баурап алатын бейнелі, образды сөздер мен сөз тіркестері болады.
Жылпос жас болыс, бояуы көшкен қара қожалақ пеш, сөре үстіндегі кетік шара, тісі сынған сандық – сүреңсіз өмірден туған көңілсіз жайтты аңғартатын эпитеттер. Абайдың «жүрек» сөзімен байланысты эмоциональды тіркесті эпитеттерді қараңыз. Адамның портретін жағымды, жағымсыз сөзбен беретін (көптеген жазушыларда) ерекше суреттемелі эпитеттер назар аудартады: «Қисық көзді келген тапал сары жігіт немесе шықшытты, қалың ерінді, ұзын мұрынды, кішкене көзді, бидай өңді жігіт еді» (Б.Майлин).
Табиғат көріністерін суреттеуде де эпитеттердің атқаратын қызметі зор. Мысалы, Қаракөк толқындар жұтардай ұмтылып кең, суық құшағын ашады. Көкжал толқындар..., ұялшақ күн, ойнақшыған күн. Эпитеттер әр түрлі сөз табынан жасалып, грамматикалық құрылысы да, семантикалық мағыналары да әр алуан болатындығы белгілі. Қысқасы, эпитет – заттың не құбылыстың айрықша белгісін, қасиетін білдіретін бейнелі сөз. Тілімізде қалыптасқан эпитеттер бар да, қаламгердің өз қолтаңбасын танытатын әсерлі, күрделі эпитеттер болады. «Күйші» поэмасында жалынды күй, ырғалған күй, жұбатқан күй, жорға күй, шерлі күй (I. Жансүгіров).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет