Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді


Контекстік мағынаны ескермеуден болатын қателер



бет26/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

4. Контекстік мағынаны ескермеуден болатын қателер:
Бұған, әсіресе, жалпы шығарма мазмұнының функционалдық-стильдік тұтастығына қатысты қателіктер жатады: шығарма мазмұнының тақырыпқа не тақырып атауына сәйкес келмеуі, тақырыптың ашылмауы т.б. Мысалы, мына шығарма мазмұны «Күз» деген тақырып атауымен берілген:
«Қыркүйек айының бас кезі, жердің беті кілемнің түріндей әлі жап-жасыл, таң атып, күн шығып келе жатыр. Таңертеңгі түскен шықтың тамшысы қызарып шығып келе жатқан күннің сәулесіне шағылысып, өсімдіктердің басы күмістей жылт-жылт етеді. Қалың тоғайдың арасынан ирек-ирек болып аққан жіңішке өзеннің үстінен көтерілген бұлыңғыр тұман, шықпен буланып, маңдайы терленіп, төмен қарап тұрған талдар, талдың арасымен сылдырап аққан өзеннің суы көз алдыңа елестейді. Көктің жүзі көкпеңбек теңіз сияқты. Шөптің басы қимылдарлық жел жоқ. Тып-тыныш. Табиғаттың барлық нәрсеге ықылас көзбен күліп тұрған күні еді». Осындағы күз мезгілінің бір күні, бір сәтіне (таңертеңгі) ғана құрылған шығарманың тақырып атауының «Күз» деп аталуы нақтылықты қажет етіп тұр. Күзгі таңның суретін қанша әдемі елестете алғанмен автор бұл жерде ойын шашыратып алғанға ұқсайды. Ол үшінші сөйлемде әсіресе байқалады. Кеңістікті, ондағы заттарды суреттеудегі бірізділіктің әлсіздігі ондағы сөздердің жиі қайталануынан көрініп тұр. Қатенің бұл түрі көп жағдайда автордың баяндау тілінің тақырыптың стилистикалық мәнеріне, эстетикалық әсеріне, көңіл-күйіне сай келмеуінен болады.
Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:

  1. Стилистика, тіл мәдениеті, сөз мәдениеті, әдеби тіл теориясы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

  2. Тіл мәдениетінің негізгі салалары. Тіл мәдениеті, орфографиялық норма, орфоэпиялық норма, грамматикалық норма.

  3. Тіл мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, баспасөз тілінің мәдениеті, көркем әдебиеттің тілі қазақ тіл мәдениетінің дамуындағы ролі.

  4. Сөз қателіктері, сөйлеу нормалары, лингвистикалық экология, лингвистикалық болжау орталықтары туралы.

  5. Әдеби тілдің қалыптасуына фольклордың, көркем сөз зергерлерінің ықпалы, Жалпы халықтық тіл және оның нормалары.

  6. Функционалды стилистиканың өз ішіндегі стильдер бойынша жіктелуі.

  7. Стилистикалық қате және оның түрлері:стилистикалық емес қателер, стилистикалық қателер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет