Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді


Стилистикалық қате және оның түрлері



бет22/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

Стилистикалық қате және оның түрлері.
Стилистикалық қате белгілі бір сөйлеу жағдайына сай келмейтін, стилистикалық нормадан ауытқудың салдарынан болатын қатенің түрі. Тілді жұмсауда күнделікті өмірде түрлі нормадан тыс ауытқулар болып жатады. Мысалы, лексикалык, фразеологиялық, грамматикалық түлға-бірліктерді өзінің негізгі мағынасына сәйкес өз орнымен колданбаудан болатын қателіктер т.б. Бұлардың барлығы әдеби тілдің лексикалық, грамматикалық нормаларының сақталмауынан болатын тілдік қатенің түрлері. Стилистикалык қате көп жағдайда тілдік талғамның төмендігінен болады. Тілдік талғам – тілді, сөзді жұмсап үйрену, жаттығу аркылы қалыптасатын қасиет. Стилистикалық қатенің өзге кате түрлерінен басты ерекшелігі де осында – тілдік талғамсыздықтың көрінісі болуында. Сол себептен де стилистикалық қатенің болмауын қадағалайтын стилистикалық норма тілдің қатысымдық сапаларының қатарына жатады.
Тілді білу, оның күллі байлығын игеру, дұрыс жазып, айта алу – қоғамның кез келген мүшесіне қойылатын талап. Білген нәрсені орынды және ұтымды жеткізу, тіл байлығының ішінен тек өзіңе керегін ғана таңдап алып, ұтымды пайдалана білу, бұл – өнер. Ал, өнер дегеніміз – шеберлік. Сөз жұмсау шеберлігіне қол жеткізу стилистикалық қателермен мақсатты түрде күресудің барысында қалыптасатын, асқан шыдамдылық пен төзімділікті қажет ететін шығармашылық процесс.
Стилистикалық қателердің алдын алып, олармен үнемі күрес жүргізіп отыру жалпы халықтың сөйлеу мәдениеті мен стилистикалық сауаттылығын көтереді. Халықтың тілді қолдана білу мәдениеті күллі қоғамның рухани сауаттылығының көрінісі әрі өлшемі болып табылады.
Тілде неғұрлым жиі ұшырасатын нормадан тыс ауытқулардың алдын алу үшін стилистикалық және стилистикалық емес қате түрлерін ажыратып алу қажет [15]. Стилистикалық емес қатенің түрлеріне лексикалық, фразеологиялық, сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік нормалардың сақталмауынан болатын ауытқулар жатады. Стилистикалық қатенің түрлеріне стильдік тұтастықтың сақталмауынан, сөз және грамматикалық қүрылымдар мен формалардың сөйлеу мәнеріне, сөйлеу мақсатына сай болмауынан, сөйлеу түрі мен жанрдың формалық ерекшелік-терін ескермеудің салдарынан жіберілетін қателер жатады. Стилистикалық сауаттылықтың сатылары мен соған байланысты болатын стилистикалық қатенің түрлері былайша топтастырылады:
1) қазақ тілінің стилистикалық ресурстарын толық білмеудің салдарынан болатын стилистикалық қателер;
2) тілдік-стилистикалық талғамның төмендігінен болатын стилистикалық қателер;
3) функционалды стиль нормаларының сақталмауынан болатын стилистикалық қателер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет