Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет34/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

Хабаркүнделікті оқиғаны хабарлайтын материалдар, онда бүгінгі, кешегі, ертеңгі оқиғаларды хабарлау үшін белгілі сөздер тізбегі іріктеп алынады. Хабар бар-жоғы бірнеше жай сөйлемдерден тұрады. Хабарларда оқиғаның қашан, қалай, қайда болғанын көрсетеді, сұраққа орай жауап оқиғаның мезгілін, мекенін, қимыл әрекетке қатыстылығын көрсетеді.
Публицистикалық стильдің жанрларының бірі – репортаж, француз тілінен шыққан мерзімді баспасөзде жарияланатын радио мен телеарналар арқылы берілетін оқиға туралы хабарлау. Репортер – ағылшын сөзі. Ақпарат агенттері қызметкерлерінің әр оқиға мен құбылысты жедел жеткізу мәтіні репортаж болып беріледі, оған ресми баяндау, қысқа сұхбат, тарихи хронология жатады.
Публицистикалық ақпарат жанрларының бірі – сұхбат ағылшын сөзінен шыққан «әңгімелесу» деген мағынаны білдіреді. Қоғам қайраткерлерінің интервьюшімен жүргізетін мәліметтік, дерек алу мақсатындағы мәтін түрі. Сұхбат көбіне сұрақ пен жауапқа құрылады. Теледидардағы публицистикалық стильдің ең көп тараған түрі «сұхбат» болса, оның хабарлама сұхбат, проблемалық сұхбат, сұхбат-сұхбаттама деген түрлері кездеседі. Сұхбаттың басты мақсаты белгілі сұрақ төңірегінде пікір алысу, сондықтан бір мәтінде сұрақтар түрі көп қойылады.
Публиуистикалық жанрлардың көлемді түрлеріне мақала, очерк, фельетон жатады.
Мақала – қоғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма. Мақала 4 түрге бөлінеді: 1) бас мақала – замынымыздың негізгі бағытын, өкімет пен үкімет алға қойған саяси, шарушылық, мәдени міндеттерді түсініп, іске бағыт береді, 2) проблемалық мақала – шешуді, тексеруді, зерттеуді қажет ететін теориялық және практикалық мәселелерді көтереді, 3) насихаттық мақала – ғылым, техника, өнер жаңалықтары заман талабына сай бүгінгі өмірдің практикалық міндеттерімен байланыстырып отырады, 4) публицистикалық мақала – қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды.
Газет жанрлары теориясында бас мақала мәселесі назардан тыс қалған емес. Жалпы газет атаулының белгілі бір топ, мемлекет, жеке адамның саяси көзқарасы мен позициясын бұқараға жеткізудегі, үгіт-насихат таратудағы қызметі бас мақалалар арқылы анық көрінеді. Бас мақала – газет ұстанатын идеялық бағыттың айнасы. Бас мақала жоғары деңгейдегі, яғни мемлекеттің жүргізіп отырған идеологиясын, саяси бағытын танытуға тиіс газеттің ерекше жанры болып табылады. Бас мақала – ұжымдық шығармашылықтың жемісі, ол арналатын аудитория да аса үлкен ұжым, тұтас қоғам десек болғандай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет