17-тапсырма. Берілген құрылым бойынша мәтін құрастырыңыз. 1-бап. Тақырыбы:
... болып табылады;
... шешуге құқылы.
2-бап. Тақырыбы:
... өз өкілеттігі шеңберінде;
... -ды қамтамасыз етеді;
... -ге жәрдемдеседі;
... туралы ақпарат береді;
... -ын қамтамасыз етеді;
... -ды жүзеге асырады;
... туралы шаралар қолданады.
3-бап. Тақырыбы: ...
-і құрады;
... құқылы;
... бекітеді.
18-тапсырма. Берілген тақырып бойынша мәтін құрастырыңыз, құрылымын толықтырып, өзгерту енгізіңіз. 1-ереже. «Жайдарман» ашық акционерлік қоғамы туралы жалпы ережелер.
2-ереже. «Жайдарман» ашық акционерлік қоғамы қызметінің негізгі бағыттары.
3-ереже. «Жайдарман» ашық акционерлік қоғамы қызметінің негізгі бағдарламасы.
4-ереже. «Жайдарман» ашық акционерлік қоғамының құрамы.
19-тапсырма. Қызметтік хаттарда қолданылатын негізгі синтаксистік кұрылымдардың мағыналық және стилистикалық ерекшелігіне талдау жасаңыз. Синтаксистік модельдерді пайдалана отырып мәтін кұрастырыңыз. Хабарлау (Сізге; ... туралы) хабарлаймыз;
(Сізге; ... туралы) мәлімдейміз;
(Сізге; ... туралы) ескертеміз;
(... туралы. Сіздің) есіңізге саламыз;
... туралы (тағы да, кайталай, екінші рет, айрықша,) ескертеміз.
Осыған байланысты мекеме (мектеп, қоғам, департамент) ... туралы хабарлайды (мәлімдейді, құлақтандырады, ақпарат береді, мәлім етеді).
Өтіну, талап ету, ұсыныс білдіру Мекеме (мектеп, қоғам, департамент) ... үшін (Сізден) ... сұрайды;
(Біз) ... туралы ... үшін (Сізден) өтінеміз (өтініш жасайды);
Мекеме (Сізге, Сіздің ұжымыңызға) ... (қабылдауға, беруге, өткізуге) өз өтінішін білдіреді;
Мекеме (Сізден) тағы да ... туралы (үшін) (қайталай, айрықша) сұрайды;
Мекеме (мектеп, зауыт) ... қатысты (байланысты, бойынша, туралы) өз ұсынысын білдіреді;
Мекеме (салық комитеті, компания) ... туралы (қатысты, байланысты, бойынша) ... орындауға (келісіміңізді, қанағаттандыруыңызды) немесе ... талап етеді;
Мекеме (салық комитеті, редакция) ... қатысты өзінің (Сізге деген, Сіздің ұйымға деген ) сенімін білдіреді (үміт артады, тілегін білдіреді, ұсыныс енгізеді).