г) Шыңғыс! Қара қойтас қан Шыңғыс! Оңда Шыңғыс, солда Шыңғыс... Анда Шыңғыс! Анда Шыңғыс. Анда Шың... Шың? (М.Әуезов).
ғ) 1. Айгүл өмірінің жиырма жылы осы үнсіздікте өтіп келеді. Ол – дала үнсіздігі. Астындағы атыңа ғана, қасыңдағы итіңе ғана тілдесер жауапсыз үнсіздік.
Қалай есептесең олай есепте, әр тәулікте жалқау жылжыған жиырма төрт сағат уақыт бар. Ол көңіл аударары көп қала уақыты емес, көз тартары жоқ дала уақыты үнсіз өтіп жататын уақыт.
2. Мейірімді шеше, сергек шеше, сенімді шеше. Балаларға оның жылжығаны да қуаныш, арқасының қаққаны да қуаныш, болмашы бірдеңкені айтқаны да қуаныш (Ғ.Мүсірепов).
39-тапсырма. Берілген синоним сөздердің қатарларынан тірек сөздерін (доминант) тауып, көркем шығармадан мысал келтіріңіздер.
а) қаһармандық, жауынгерлік, батырлық, ерлік;
ә) надан, оқымаған, сауатсыз, қараңғы;
б) сұхбаттасу; әңгімелесу, кеңесу, тілдесу;
в) сырқат, науқас, дерт, ауру, індет;
г) мақсат, мұрат, арман, тілек;
ғ) күш, әл, қуат, қайрат.
40-тапсырма. Мәтіндегі сөздерді мағыналық ерекшеліктеріне қарай ажыратыңыз (кітаби сөздер, бейтарап сөздер, әрлі, сезімге (эмоционалды-экспрессивтік бояуы бар) қаныққан сөздер).
а) Сырым. Сырым – теріс біткен бір бұтақ. Калай өсіп, қалай басып бара жатқанымды мен өзім де білмеймін. Алдымда менің не күтіп тұр! Қайда-қайда тартып бара жатқан тағдырым бар?.. Бұл сәтте оны да білген, аңдаған мен емеспін. Сол Сырым сенің еліңе келгенде, қайта туам деп келген жоқ. Жат елдің адамы боғанда, Қарагөзді жолға салып, жөнін түзеймін деп, мен балуан шығатын орын жоқ. Бұл сөзді өздерің ақылдас.
Қарагөз. Мені тұншықтырып барады мынау ауыл (М.Әуезов).
ә) Ерітінділер ортасында (метил спирт, ацетонитрил т.б.) макро-молекулалардың, катиондармен де, қос иондармен де қосылыс түзетіні көрсетілген. Полимерлердің молекулалық массалары комплекстердің түзілу деңгейіне әртүрлі әсер ететіні анықталды. Сутектік комплекс түзілгенде (полиэтиленгликольлитий нитраты) молекулалық масса өскен сайын комплекс түзілу нашарлайды.
б) Қасында жанашыр бір жан, Күңше барын білген соң, азырақ тұншығып та қалды.
Жабай жиырма беске жаңа толған өрімдей жас жігіт еді. Жұманның жылқысын бағуға он бесінде түсіп еді, содан бері осы есікте. Өзі ес білгелі әкесінде бір тарғыл шолақ сиыр болатын еді, әлі содан асқан жоқ. Өмір бойғы зеку мен ақырудан жасқанып өскен әкесі, енді қартайғанда біржола мәңгі боп кетті. Қуаныш – ботаның айналасында, қайғысы – інгеннің маңайында (Ғ.Мүсірепов).
Достарыңызбен бөлісу: |