Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет97/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

52-тапсырма. Мысалдардағы сөз таптарының стильдік қызметіне талдау жасаңыз.
1 – Та-ра-ра аа-а-а
Та-та-т-о-о-й-т
Уа-у-у-уа-у-у
Құлағын басып алды. Ащы зар мен жоқтауды естігісі келмей жанталасты. Ұмыту, ұмыту керек. Жындандырар-ау әлі. Күй үні басылар емес, күй атойлап алып, терең-терең күңіреніп күрсінеді. «Уа-у-у-у-у-уа-у». Басын кең шекпенінің жағасына тығып алды. «Тра-ра-раа-аа-а». Сонда барып ұқты, күй құлағында емес, көкірегін дүрсілдетіп келеді екен (Р.Сейсенбаев).
2. Айдыны ала шұбар, құс қиқулар, Ауыл, маң, масаты көл жағасында (І.Жансүгіров). 3. Қия құз, жақпар сарай, бура тастар Тәртіппен көлді айнала сәндей шөккен (І.Жансүгіров). 4. Ең бір ұлы үғымдар ең бір ұлы кезеңдерде ғана әр адамның ең бір етене тірлігіне, ең бір етен міндетіне айналады (Газеттен). 5. Бағдарлама жасау ісінің нысаны ретінде зат есім, етістік, сын есім, сан есім, есімдік сияқты қазақ тілінің негізгі сөз таптары алынды. Аталған сөз таптарына морфологиялық ақпаратты белгі-код үлгісін сәйкес-тендіру бағдарламасы тиісті кестелер арқылы көрініс тапты (Оқулықтан). 6. Бастапқы заттар молекулаларының өзара әрекеттесуіне қарағанда бұл сатылардың әрқайсысы әлде-қайда тез өтеді (Оқулықтан). 7. Тыстағы бір-екі күннен бері тынбай сіркіреп тұрған ақ жауын осы кештің көңілсіз тірлігін көбейте түскендей. Шылп-шылп сорғалап, тылсымдай жұмбақ, әрі бітпес бір сарынмен сөйлеп кеткендей (С.Сматаев). 8. Әрі үлкен жол айрығыңда, кейін мені мен еткен ұлы өзгеріс алдында тұрғам (М.Мағауин). 9. Үйдің іші қараңғы. Бұрыш-бұрышында аяздаған қар, қабырғасы қара балшықпен сыланған кір Төбесіне жапқан сырғауыл қарайған, түгел ыстан қап-қара (М.Әуезов). 10. Бірақ жылт-жылт сығалап отырған көздерге сыр алдырғысы келмей, үйреншікті сұп-сұр қалпына түсіп алды... Елшінің көз алдына қашан көрсең де бір қалпында тұратын сұп-сұр жүзі, тұнжыр жанары мен салыңқы қабағы келді. Бұның бәрі бұрын оған қайдағы жоқ сұмдықтарды ойлап отыратын ішмерездік қана сияқты көрінуші еді, енді байқаса, ішіндегі қара қазандай бұрқ-сарқ қайнап жатқан әлем-тапырық көңілін байқатқысы келмеген ерекше бір ұстам, сабыр екен ғой (Ә.Кекілбаев). 11. Алайда істің бүйтіп айрандай бұзылуына осы біздердің де қатысымыз жоқ па екен деген күмән ешбір торғауыт, ешбір елеуіт, ешбір дүрбіт, ешбір шорос, ешбір қошауыттың ойына кіріп шықса не дерсің! 12. Болашақ жұбайға қойылатын талапшылдық пен ұрпақ күтімінен басталатын ұлт саламаттығы жолындағы күреске тек әйелдер, қыздар, келіншектер, аналар, әжелер белсене араласқан күнде ғана қалған балалар, жігіттер, күйеулер, әкелер, аталар түгел қатысатын күллі ұлттық, адамзаттық қозғалысқа айнала алады (Газеттен). 13. Қанша сүлей болғанымен, жеке алғанда, қай саңлақ тұлға да халықты бір өзі қарық та қыла алмайды. Қанша дүлей болғанымен, бір өзі оны біржолата ғаріп та қыла алмайды. Сондықтан анау келіп құлпыртты, мынау келіп құлпыртты дейтін қисынсымақтар әлеуметтік құбылыстарды арғы төркініне терең бойлай алмаған, не бойлағысы келмейтін жәй әншейін бәдік әңгімелер. Тоғышар сананың тарих алдындағы жауапкершілікті сахнадағы санаулыларға итере салып, өздері әрдайым қатаң қазының қалпында қалғысы келетін арсыз пиғыл. Әйтпесе, қай халық та өз мұратына жабыла жұмылып жүріп қана жете алатыны әлімсақтан белгілі ақиқат. 14. Үлкеннің алдында балаң, кішінің алдында надан көрінбеудің жалғыз-ақ жолы – өзіңді өзің үзбей шыңдап отыратын үздіксіз рухани ізденіс, тоқмейілсуді білмейтін табанды еңбек. Өз қадіріңді білуің үшін өзгенің қадірін, өзгенің қадірін білуің үшін өз қадіріңді түсініп қапысыз қастерлей білген лазым (Ә.Кекілбаев).
15. Біз жауап береміз – бүгінге,
Біз жауап береміз – ертеңге.
Бермейміз дүниені ешкімге,
Қасынан өрт қойып өртеуге (Ә.Тәжібаев).
16. Сен сонда барып қон да, ертең осында қайтып кел (С.Мұқанов).
17. Бес мүшеден бөлекше бас та өзгеше,
Қиғаш біткен маңдайда қас та өзгеше.
Кеңшілікте дос та дос, қаста да дос,
Таршылықта қайрылған дос та өзгеше (Абай).
18. Кей жолдасты байқасаң мінез-құлқын
Кейде - кірбең керілген, кейде сылқым.
Кейде жылы шыраймен жақындасса.
Кейде - сөзге үйір-ақ киқым-сиқым... (Т.Жароков)
19. – Әй!.. Әй!.. Әй! Сөз тыңдасаң, ондайға ұшырамайтын едің-ау, қарағым...
20. Айт... Шу... тыр... р...
Немене құрғыр?
Құлақ бау үзілді,
Қайысын, бар ма бір?
Соп, Соп! Тарт!
Шыбыртқы сарт, сарт,
Борозданың тереңдігі,
Қарыстан астам нақ.... (Б.Майлин)
21. Денелерге бірдей күшпен әрекет еткен кезде, дене неғұрлым ауыр болса, жылдамдықтың өзгерісі соғұрлым баяу өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет