Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет92/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

43-тапсырма. Берілген тұрақты тіркестермен антонимдес тіркестерді тауып, олардың стильдік айырмашылығын түсіндіріңіздер.
а) бағы ашылды, ақ ниет, басын күн шалды, бүйрегі бітеу, бүйені майлы;
ә) иі түсті, зәрі қайтты, жыр болды, жұлыны үзілді, жөн айтты;
б) иық көтерді, жолы оң болды, жебей сауды, желдей есті, көңілі ауды;
в) жел аяқ, көңілі жайланды, қара қарын, кызыл сирақ, қылдай бөлді;
г) желегі желкілдеді, қара көрсетті, самаладай жарық, тобыршығы түсті;
ғ) жел бітті, қара құрым, сал-сал болды, жері кеңейді, тобын жазбады.


44-тапсырма. Берілген мысалдардағы тұракты сөз тіркестерінің; стилистикалық мағынасына талдау жасаныз. Олардың тұтас сөйлем стиліне, ойдың нақты жеткізілуіне әсерін анықтаңыз.
1. Қысқасы, «әйелінен ұялған баласыз өтеді» дегендей, Лира қызым сияқты шындықты айтып, неше түрлі сайқал саясаттан мәңгіріп қалған халықтың көзін ашпасақ, ертеңгі күннің ажарлы болуына сену қиын (Газеттен). 2. Қылышпен қидаласып, сүңгімен сайыса бергеннен ештеңе өнбейді. Ойдағы берекелі іс байыпты мұрат табу үшін, алаштың арқасы кеңіп, кайтадан еңселі орда тігу үшін... Қайтпек керек? 3. Дариғаның шәй орамал кепкенше құрған құрылымдары туралы қауесет қаптап жүр. Ол жеке меншік болғанмен, көпшілігі мемлекет қолдауымен құрылған (Газеттен). 4. Жантас үзеңгіге шірене көтеріліп, мысқылды күлкімен сөйледі: Еһ-еһ, қара арғымақ қартайып, карға адым жер мұң болған екен десем, бала бүркіттей барлап ұшып жүрген тәрізің бар ғой (Ж.Тілеков). 5. «Кісіні ит етінен жек көретін, Дау қуып, арыз айтып, биге шаққан»; «Қыңыр жан қырық кісімен қырықпышақ боп, Ел таппай өте берген неге арманда?»; «Көңілімнің Көкшетауы қуаң тартып, Қызығын қайғы орағы кеткен орып»; «Оқжетпес оқшырайып өрлеп кеткен, Кеудесін керіп кекке сермеп кеткен»; «Алғандай жерден пішіп» деген сұлу; Көркіне көз тойынып семіргендей»; «Хан-: «Бердім басы бүтін» дегенінде, Сұп-суық болды көңлі мұз кұйғандай» (І.Жансүгіров). 6. «Енді менен күдер үз, Жақындама бер таман!»; «Үміт үзген қорқақ ой Дірілдейді калшылдап» (Шәкәрім). 7. «Тәні сау, миы науқастар, Ондайға дәрі қона ма?»; «Тәні сау болса, жаны ауру, Емдейін десең емдетпес» (Шәкәрім). 8. Сұңқар құс сүймеген бір жұмыртқасын, Ұядан садағалап тастаған ба? 9. Елімнің есігінен иттер қуып, Сорлының сүйреген ол басын төрге (І.Жансүгіров). 10. Жылы-жылы сөз айтса, жылан інінен шығады. Қатты-қатты сөз айтса, надан дінінен шығады (Шәкәрім). 11. Қазақтың қайратының түбі мәлім, Алтыбақан алауыз иттей үрді (Шәкәрім). 12. – Енді ойдағыңды айт, батыр!.. – деп тоқтағанда, Ұзақ екі көзінде шақпақ оты жалтылдағандай болып, булыққан ашумен: – Ел аман еді, жайлауы жарасып еді. Қарын шашы алынбап еді дейсің. Қазақтың аяғына жем түсіп, ұлы бойына оқ тигені бүгін бе екен? (М. Әуезов) 13. Сартылдатқан бойымен, иттерін бүйе тигендей шулатып, бір ауылдың сыртынан өте шықты. Бір-екеуі ауылға шауып кетті. Бұл ауылдың жігіттері жөнелгенін білгелі кетті ме, қаңсып бара жатқан соң, насыбай іздеп кетті ме, әйтпесе ауыл көрсе шыдай алмайтын біреулер болып, қара тартып кетті ме, неге кеткенін Қартқожа сұраған жоқ. Топты жігіттің бір шетінде айдай берді. Осы сартылмен биенің бірер сауымындай мезгіл өткен шығар, қарсы алдынан бір топ жігіт кездесе кетті (Ж.Аймауытов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет