45-тапсырма. Берілген синонимдік қатарларды мәндес фразеологиялық синонимдерін тауып, олардың мағыналық реңктерін ажыратыңдар. а) дана, кемеңгер, данышпан;
ә) мырза, жомарт, сақи;
б) бала, сәби, жасөспірім;
в) сұлу, әсем, көркем;
г) керемет, ғаламат, ғажайып;
ғ) адал, пәк, таза.
Бақылау сұрақтары:
Контекстік синонимдер, олардың стилистикалық қызметі.
Контекстік антонимдер, олардың стилистикалық қызметі мен түрлері.
Метафоралық мағынаның жасалуы және стилистикалық қызметі.
Стилистикалық фигуралар және олардың стилистикалық қызметі.
Қазіргі қазақ газеттерінің лексикалық ерекшелігін танытатын мысалдар жинап, оларға талдау жасаңыз.
Берілген тапсырмалар арқылы грамматикалык мағына мен стилистикалық мағына туралы не айтуға болады? Стилистикалық мағынаның кандай жасалу тәсілдері бар?
Функционалды стильдердің лексикалық құралдарының ұйымдасу ерекшеліктері туралы не білесіз? Мысал келтіріңіз.
Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар:
Қазіргі көркем әдебиеттегі окказионал қолданыстарға мысал теріп, олардың ерекшелігін түсіндіріңіз.
«Контекстік синонимдер және олардың стильдік қызметі», « Контекстік антонимдер және олардың стильдік қызметі», «Омоним сөздер, олардың түрлері. Стильдік қолданысы», «Пароним сөздер, олардың стильдік қолданысы».
Фразеологизмдердің стильдік қолданылуы
Қазіргі көркем әдебиеттегі троптың және фигураның түрлері.
Функционалды стиль түрлеріндегі лексикалық және синтаксистік қолданыстар.
46-тапсырма. Берілген мәтіндерден омонимдес қосымшаларды тауып, олардың мағыналық реңктерін сөз табына байланыстыра талдау жасаңыздар. а) 1. Жүректе қайрат болмаса,
Ұйықтаған ойды кім түртпек?
Ақылға сәуле қонбаса,
Хайуанша жүріп күнелтпек (Абай).
2. Көкше өңіріне жаңа тараған мұңды дастанды Бетжан қоңыр үнмен бастап кетті. Қасында серігі бар, түнделетіп жасырын жортқан Шөкей Шортанды станциясынан ұрланып өтіп, Бурабайдың шетіне таң біліне іліккен.
3. Ентіге келіп:
– Менің боқшам қайда, боқшам? – деп Мұқаметқалиға ежірейе жабысты.
– Боқшаңды қара ала иттің құйрығына байлап жібердім. Өзіңе барған жоқ па? – деп Мұқаметқали сұрғылт көзін жыпықтатып әкесіне қарады. Ондағысы Жақияға боқшасын айтпасын, дегені еді. Оны абайлаған Тәтім де Жақияға боқшасын айтпады. Шағыр көзі ежірейіп, танауы делдиіп, үсті-басы алба-жұлма Жақия:
– Жындымысың, боқшаны иттің құйрығына байлап, – деп келіп, Мұқаметқалиды иығымен түйіп қалды.
ә) Қазіргі балалардың ойынын талдауға көшейік. Біз ілгеріде ойын өзінше баланы келелі өмірге дайындау дедік. Осыған орай мектепке дейінгілер сол рольді ойнап, соларға еліктейді. Әрине, бұдан басқа ойынның түрлері көп. Бірақ осы рольдік ойын – ойынның ең көп таралған жері. Балалар бақшасында «Бақша» деген ситуацияны қайталау: балалардың біреуі «Мен тәрбиеші боламын, ал сен бала боласың» деп, кейін осы рольді атқарады.
б) Осындай көңілсіз деген түннің өзіңде сырттай мүлгіген ауылдың ішкі өмірі қазанша қайнайды. Ол боранша бірде саябырлап, бірде үдеп мың құбылмайды, біркелкі күшті шымырмен тынымсыз үртіс қайнайды. Сіз терезесінен жарық жылтыраған әр үйден алуан кәсіппен шұғылданған әрқилы адамды көресіз. Біреу қағаз жазып, біреу іс тігіп, біреу темір соғып, біреу машина жүргізіп жүр /М.И/.
в) Қатерлі ісікті жан-жақты емдеу үшін пайдаланып жүрген препараттардың радиосезгіштік тиімділігінің ыңғайлы және негізгі сынықтарының бағасын қарастыру қажеттігі туып отыр. Осы мақсатпен біз Плисса лимфосаркомасында пайдаланылатын емдеу дәрі-дәрмектерінің маңызын анықтау үшін морфологиялық пен түзу желілік сынақтарды зерттедік. Тәжірибеге кәдімгі, жәй егеуқұйрықтарды пайдаландық. Олардың артқы аяғындағы терісі астындағы торшаларына ісікті қолдан өндірдік. Бұл ісіктің жойылуын, торшалардың дамуын анықтау үшін ядроларының метахромазиясын азур-зозимен боядық та, олардың проценттік мөлшерін санадық. Осы проценттік өзгеріске байланысты ісіктің торшаларын анықтай отырып, оның жоғалуын немесе асқынуын көрсеттік.