Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет96/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

50-тапсырма. Қосымшалардың стилистикалық ерекшелігіне талдау жасаңыз.
1. Сізді бұлай жолықтырмағай ем, ал жолыққан соң жалғыз жіберуім адамшылығыма мін болады (С.Шаханов). 2. Бүгінде барлық нәрсе террор мен соғысқа бағындырылған. 3. Әсемін әңгіменің көп таратқан, Айтылмай қалған екен тау мынадай (І.Жансүгіров). 4. Тегінде кәр құлақсың, сұңғыласың, Сондықтан сұлу сөзді жыр қыласың. Соғайын сөзімнен бір сұлу сарай, Я көрсін, я көрмесін тұрғыласым (І.Жансүгіров). 5. ...Көптің мүддесі тек көптің күшімен ғана жүзеге аспақшы. Ал көпті кімнің де көңілінен шыға алатындай жөн пиғыл, жүйелі жосық қана ортақ іске жұмылдыра алмақшы (Газеттен). 6. Көкте бұлттар күркіреп, Жерге төкті өрмегін. Жауды жаңбыр сіркіреп, Мейірленіп жерге күн. Алақанын тұр жайып, Жас ағашта жапырақ. Балғын өмір ғажайып Жас дауыспен жамырап (Қ.Аманжолов). 7. Егер олардың тербеліс графиктерін салса, онда кішірек камертонның тербеліс жиілігі үлкенірек камертондікінен көп болатынын байқауға болады (Оқулықтан).

  • Сөз таптарының стилистикалық мүмкіншілігі бірдей ме?



51-тапсырма. Үзіндідегі етістік сөздердің стильдік қызметіне талдау жасаңыз.
1. Міне, осыдан бастап Бәкен өзгеріп еді. Еш нәрсемен жұмысы жоқ Бәкен Раушан ауылнай болғаннан былай, әлгідей себеппен жоқ жерден әңгімеге араласатын болып еді. Елдің даушарына қатынасатын болып еді. Аз уақыттың ішінде өзін бір ауылнай тағдырын ұстаған адамға санай бастап еді (Б.Майлин). 2. Ойнағылары келіп, ұшқылары келіп дамыл таппайтын ересектеніп қалған балаларын иықтарымен қағып, қанаттарымен жайқап ұяның ортасына қарай ығыстырады. Тезірек ұшса екен, дүние таныса екен... Қоянды ала алмай ызаланса екен... Аяз келіп қалғанша әке-шешелеріне еріп ұшып ананы-мынаны үйренсе екен... Ұяда күнде жеп жүрген тамақтары жүгіріп жүрген төрт аяқ екенін таныса екен. Алысар, жұлысар барын білсе екен (Ғ.Мүсірепов). 3. Мен бұл апатты доғадай иіліп тұрып көрдім. Басымды көтере беріп көрдім, тұра беріп көрдім, құлай беріп көрдім. Ес пен сезімнің апыр-топар кезінде көрдім. Ақты қарадай, қараны ақтай сезінген кезімде көрдім. Қасыма түскен қара тас шоқтай қып-қызыл жанып жатқаң кезінде көрдім. Әр жағы қараңғылық, әр жағы меңіреулік... тылсым... (Ғ.Мүсірепов).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет