3. ә, о, ө, ұ, ү әріптері жалаң сөздердің бірінші буындарында жазылады: ән, әнші, дәлел, дәрігер, орын.
4. и әрпі мынандай орындарда жазылады:
а) орыс тілінен енген түбір сөзде де, туынды сөзде де жіңішке естілетін жалаң и дыбысының және қазақ тілінде қосарлы ый, ій дыбыстарының таңбасы ретінде и әрпі қолданылады. Мыс: иіс, иін, имек, ине, Иманбай, тиін, тиын;
ә) я, ю әріптерінің алдында ы, і әріптерінің орнына и әрпі жазылады. Мыс: тақия, дария, Әсия, қию, жаю.
2. Дауыссыз дыбыс әріптерінің қолданылуы
5. б, в, г, д әріптері, негізінде, сөздің басында, ортасында және орыс тілінен енген сөздердің соңында да жазылады: байқа, хабар, вагон, актив, клуб.
6. ж, з, к, қ, л, м, н, п, р, с, т, ф, х, ш әріптері сөздің басында да, ортасында да, соңында да жазылады. Мыс: жаз, жақсы, сазан, лас, көп, келдім, жаздым.
Достарыңызбен бөлісу: |