Студенттерге арналған пән силлабусы 2012-2013 оқу жылы


Өзін-өзі бақылау тапсырмалары



бет9/49
Дата07.01.2022
өлшемі319 Kb.
#20218
түріПрограмма дисциплины
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49
Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

1. Дауысты дыбыс әріптерінің жазылуын сипатта

2. Дауыссыз дыбыс әріптерінің жазылуын сипатта

Әдебиет:


  1. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 2007.

  2. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 2008.

  3. Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы. Алматы, Ана тілі, 1991.

  4. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. Астана, Елорда, 2000


4-тақырып. ТАСЫМАЛ. ТҮБІР СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ.
Дәріс мақсаты: Тасымал, тасымалданбайтын сөздер, түбір сөздердің жазылуы мәселесіне тоқталу.

Сұрақтар:

1. Тасымал

2. Тасымалданбайтын сөздер

3. Түбір сөздердің жазылуы



Сөздердің тасымалдануы

1. Жазып келе жатқанда, жолға сыймаған сөз буын жігіне қарай тасымалданады: ала-қан, ор-на-лас-ты-ру (ал-ақан, өз-ен, ар-ық емес)

2. Екі дауысты дыбыстың ортасында келген й мен у дыбыстары бар сөздерді буындағанда, бұл дыбыстар келесі буынның басында келеді және солай тасымалданады: да-уыс, са-уат, құ-йын (дау-ыс, сау-ат, құй-ын емес). Ал ұу, үу, ый, ій қосар әріптердің орнына жазылған у, и әріптері бар сөздерді буындағанда, келесі буын дауысты әріптен басталады және солай тасымалданады: бу-ын, су-ық, қи-ын, ти-ын, жи-ын (тасымалдаудың бұл түрі қазақ тілі табиғатына қарай емес, қосар дыбыстарды и, у деген жалаң таңбалармен жазуға байланысты қолданылатын шартты ереже). Ескерту: Сөз ішінде үш дауыссыз дыбыс қатар келгенде, алдыңғы жолда екі дауыссызды қалдырып, келесі жолға үшінші дауыссыз дыбыс әрпін шығарып тасымалдау керек: құмырс-қа (құмыр-сқа емес), күңгіртт-теу (күңгір-ттеу емес).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет