Студенттерге арналған пән силлабусы 2012-2013 оқу жылы



бет5/49
Дата07.01.2022
өлшемі319 Kb.
#20218
түріПрограмма дисциплины
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
3. Пререквизиттер тізімі



Пәндердің атауы, олардың бөлімдері

1

Тіл біліміне кіріспе

2

Қазақ тілінің фонетикасы

3

Қазақ тілінің лексикологиясы

4

Қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы

4. Постреквизиттер тізімі



Пәндердің атауы

1

Қазақ әдеби тілінің тарихы

2

Қазақ тілінің стилистикасы

3

Қазақ тілін оқыту әдістемесі

4

Қазіргі қазақ тілі (синтаксис)


5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар



Пән тақырыптарының аталуы

апта

Сабақ түрі бойынша дәрісханалық сағат саны

Сабақ түрі бойынша дәрісханалық емес сағат саны

Бар-лы-ғы

(сағ)


Дәріс (сағ.)

Пр/сем./зертх.
студ саб (сағ.)

БОӨЖ

БӨЖ

1

Орфография туралы түсінік. Қазақ орфографиясының негізгі принциптері

1

2

1,5

1,5

5

10

2

Қазақ тілінің соңғы орфографиялық сөздігі, ондағы өзгерістер мен толықтырулар

2

2

1,5

1,5

5

10

3

Дауысты және дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі

3

2

1,5

1,5

5

10

4

Тасымал. Түбір сөздердің жазылуы

4

2

1,5

1,5

5

10

5

Бөлек жазылатын сөздер. Бірге жазылатын сөздер

5

2

1,5

1,5

5

10

6

Қос сөздердің жазылуы. Қосымшалардың жазылуы

6

2

1,5

1,5

5

10

7

Бас әріптің қолданылуы

7

2

1,5

1,5

5

10

8

Тыныс белгілерінің қалыптасуы мен дамуы. Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілері. Нүкте, қойылатын орындары

8

2

1,5

1,5

5

10

9

Сұрау белгісі мен леп белгісі. Үтір

9

2

1,5

1,5

5

10

10

Қос нүкте. Нүктелі үтір мен көп нүкте

10

2

1,5

1,5

5

10

11

Сызықша, қойылатын орындары

11

2

1

2

5

10

12

Тырнақша мен жақша

12

2

1

2

5

10

13

Оқшау сөздердің тыныс белгілері

13

2

1

2

5

10

14

Төл сөздердің тыныс белгілері

14

2

1

2

5

10

15

Жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері

15

2

1

2

5

10


6. Дәріс сабақтарының мазмұны

1- тақырып. ОРФОГРАФИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. ҚАЗАҚ ОРФОГРАФИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ

Дәріс мақсаты: Орфография жайында түсінік беру, қазақ орфографиясының негізгі принциптері, орфографияның графикаға қатысы мәселелері жөнінде толық мағлұмат беру.

Сұрақтар:

  1. Орфография туралы түсінік. Орфографияның зерттеу нысанасы, мақсат-міндеттері

  2. Орфография теориясы туралы түсінік

  3. Жазудың маңызы, түрлері

  4. Орфографияның графикаға қатысы

  5. Қазақ орфографиясының негізгі принциптері.

  6. Орфографиялық сөздіктер

  7. Қазақ емлесінің кейбір мәселелері жайында.


Орфография (грек. орфо – дұрыс, графо – жазамын)- дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы.

  1. Жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі.

  2. Біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін тіл білімінің саласы. Орфография тілдің белгілі-бір даму кезеңіндегі жазба тілдің нормаларын айқындайды деуге де болады.

Орфографиялық принцип бір сөз екі түрлі немесе одан да көп түрде жазылатын жағдайда соның біреуін таңдап алуды айқындайды. Осы принциптердің (латын prinzipium - негіз, бастау) негізінде орфографиялық ережелер жасалады. Жазу ережелері ойды дәл жеткізіп, жазылғанды дұрыс түсіну үшін өте қажет.

Көптеген тілдердің емле заңдарына көбінесе үш-төрт түрлі принцип негіз болады. Олар: фонематикалық, фонетикалық, морфологиялық, тарихи-дәстүрлік т.б. принциптер (Р.Сыздықова). Ал С.Мырзабеков бұған қоса дифференциалдаушы принципті қосады.



Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

  1. Қазақ орфографиясының негізгі принциптері қандай?

  2. Қазақ емлесі қандай мәселелерді қамтиды?

  3. Қандай сөздердің жазылуы қиындық келтіреді?

  4. Жазудың қандай түрлері бар?

  5. Орфографияның графикаға қатысы қандай?

Әдебиет:

  1. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 2007.

  2. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 2008.

  3. Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы. Алматы, Ана тілі, 1991.

  4. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. Астана, Елорда, 2000


2-тақырып. ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СОҢҒЫ ОРФОГРАФИЯЛЫҚ СӨЗДІГІ, ОНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР.

Дәріс мақсаты: «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің» соңғы басылымындарындағы өзгерістермен таныстыру

Сұрақтар:

1. Қазақ орфографиясындағы өзгерістер мен толықтырулар

2. Интернационалдық терминдердің қазақша баламалары

3. Бірге жазылатын сөздерге байланысты өзгерістер

4. Жалқы есімдерге байланысты өзгерістер
«Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің» соңғы 2005 жылдан бергі басылымдарында көптеген өзгерістер мен толықтырулар бар. Бұл сөздікте 1983 жылы ресми түрде бекітілген «Қазақ тілі орфографиясы негізгі ережелерінің» ең соңғы редакцияланған нұсқасы негізге алынды. Орфографиялық ережелердің аталмыш редакцияланған нұсқасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік терминология комиссиясында бекітілді (2006 ж.), сондықтан ол жазу нормаларын заңдастыруда басшылыққа алынатын нормативті құжат деп есептеледі.

Тілдегі жаңалықтардың себептері:

1. Қоғамдық, әлеуметтік өмірдегі жаңа зат, құбылыс, уақиғаны атау қажеттігілігінен: баспасөз хатшысы, веб-сайт, телефонхат, ғаламшар, аударым, бағам т.б.



2. Мазмұны, тұлғасы өзара жақын, бірақ білдіретін ұғымдарында азды-көпті айырма бар мағыналарды бөлек-бөлек атауды керексінуден: көріктендіру – аббаттандыру (благоустройство), залалсындандыру (обезвреживание) – зарарсыздандыру (стерилизация), иелену (приобретение) – иемдену (присвоение), жайылыңқы (диффузный), жиылыңқы (компактный).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет