Студенттерге арналған пән силлабусы



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата25.11.2023
өлшемі288,23 Kb.
#126560
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс 10. Көмірсулар

 
 
 
Полисахаридтер.
 
Полисахаридтерге көптеген моносахаридтер, немесе олардың 
туындылары қалдықтарынан құралған органикалық қосылыстарды жатқызады. 
Полисахаридтердің гомополисахаридтер мен гетерополисахаридтерге жіктелетіні 
жоғарыда көрсетілген.
Аса маңызды 
гомополисахаридтерге
крахмал, гликоген, целлюлоза, декстран, 
хитин жатады. Алғашқы төртеуі гидролиздену нәтижесінде тек D-глюкозаға ыдыраса
соңғысы D-глюкозаның туындысы – N-ацетилглюкозамин береді. Өзге де 
гомополисахаридтер белгілі. Мысалы, инулин атты полисахарид гидролизденіп тек 
фруктоза, маннан – манноза, арабан – арабиноза береді. 
Крахмал
– өсімдіктерде қор ретінде жиналатын полисахаридтердің бірі. Бидай, 
жүгері, күріш, картоп сияқты дақылдардың негізгі бөлігі болып табылады. 
Крахмал екі фракциядан: амилоза мен амилопектиннен тұрады. Крахмалдың 
шамамен 20%-н амилоза құрайды. Амилоза молекуласында 1000-ға жуық α,D-глюкоза 
қалдықтары тармақталмаған созылыңқы тізбек түзеді. Молекулалық массасы 160 мың. 
Бірімен-бірі α,D-глюкоза қалдықтары α-1,4-гликозидтік байланыстармен жалғасады: 


О О О О 
 


 
 

 
 
 
О О О О- 
 
 
α-1,4-гликозидтік байланыстар 
Крахмалдың қалған 80%-н амилопектин құрайды. Молекулалық массасы 1 – 6 млн. 
Амилопектин молекуласындағы 4000-ға жуық α,D-глюкоза қалдықтары құрылымы 
тармақталған тізбек түзеді. Негізгі тізбекте α,D-глюкоза қалдықтары α-1,4-гликозидтік 
байланыстармен жалғасады. Осы тізбектен қысқа тармақтар шығады. Ол тармақтар негізгі 
тізбекке α-1,6-гликозидтік байланыстар арқылы қосылады: 

О О О
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет