Студенттерге арналған пән силлабусы



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата25.11.2023
өлшемі288,23 Kb.
#126560
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
 

О О
 


 
О 
α-1,6-гликозидтік
байланыс
 

СН
2

О О О 
 
 
 
 
--- О О О О ---- 
 

Крахмал ақ түсті ұнтақ зат, суда ерімейді, ісінеді. Ыстық суда араластырғанда 


қоймалжың клейстер береді. Амилоза суда ериді. Йодпен әсер еткенде көк түске боялады. 
Амилопектин суда ерімейді, йодпен күлгін түске боялады. 
Гликоген
адам және жануар ағзасында қоректік зат ретінде жиналады. Осы ретте 
гликогенді «жануар крахмалы» деп те атаған. Гликогеннің мөлшері жануарлар бауырында 
20%, ал бұлшық еттерінде – 4%-ға дейін жетеді. Гликоген де α-1,4- және α-1,6-гликозидтік 
байланыстармен жалғасқан α,D-глюкоза қалдықтарынан тұрады. Полисахаридтік тізбегі 
тармақталған, тармақталу дәрежесі амилопектиннен екі есе артады. 
Крахмал сияқты гликоген де ақ түсті ұнтақ зат. Табиғи гликогеннің қайсыбірі 
ыстық суда жақсы еріп, коллоидты ерітінді түзеді. Йодпен әсер еткенде қызыл немесе 
қызыл-қоңыр түске боялады. Молекулалық массасы 100 млн. 
Целлюлоза (клетчатка)
өсімдіктердің негізгі құрылымдық полисахариді болып 
табылады. Өсімдік жапырағында целлюлоза 15-30%, мал азығында 40-45%, мақта 
талшықтарында 98-99%-ға дейін болады. Целлюлоза молекуласы бірнеше мың β,D-
глюкозаның қалдықтарынан құралады. Қалдықтар β-1,4-гликозидтік байланыстар арқылы 
жалғасады: 
 

О О О
 


 

О 
О О --- 


 

 
 
β-1,4-гликозидтік байланыстар 
Целлюлозаның полисахаридтік тізбегі тармақталмаған. Ондай тізбектер ұзын 
талшықтар – микрофибриллалар түзіп біріккен. Әр тізбек мыңдаған глюкоза 
қалдықтарынан тұрады. Тізбектер арасында сутектік байланыстар пайда болады. Осыған 
байланысты целлюлоза талшықтары аса берік келеді және суда ерімейді. Молекулалық 
массасы шамамен 10 млн мөлшерінде. 
Декстран
– кейбір бактериялар түрлері өндіретін полисахарид. Декстран 
молекуласы әрқайсысында α,D-глюкопиранозаның 10-12 қалдығынан тұратын қысқа 
полигликозидтік тізбектерден құралады. Тізбек ішінде α,D-глюкоза қалдықтары α-1,6-
гликозидтік байланыстармен, ал тізбектер бірімен-бірі α-1,4-гликозидтік байланыстармен 
жалғасады. Молекулалық массасы өте жоғары: 12 млн-нан 1 млрд-қа дейін. 
Хитин
– жәндіктер мен шаянтәріздестердің жабын ұлпасының негізгі құрамдас 
бөлігі. Хитиннің құрылымдық бөлшегі болып өзара β-1,4-гликозидтік байланыстармен 
байланысқан N-ацетил-β-D-глюкозамин қалдықтары табылады. 
Аса маңызды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет